Кіші іріктеулер үшін корреляция коэффициентін есептеу


Жеке белгілер арасындағы байланыстың бар не жоқтығын, оның сипаты және дәрежесін анықтау корреляция коэфициентін есептеу жолымен жүргізіледі.

Кіші іріктеулер үшін белгілер арасындағы бағыты мен дәрежесін анықтауда келесі формуланы қолданамыз:

  немесе              (36)

    Сх=Σх2-( Σх)2:n; Су= Σу2-( Σу)2:n;  Сd= Σd2-( Σd)2:n;  d=х-у  (37)

Мысал. Кіші іріктеулер (n=10) мәліметтері бойынша алтай тұқымы қойларының тірі салмағымен (х) қырқылған жүнінің (у)  арасында корреляциялық байланыстың бар екендігін анықтау

Кесте 4.1.1

Х

у

ху

х2

у2

47

52

61

48

50

55

54

54

56

53

6,0

7,0

8,5

6,0

6,5

7,5

8,5

7,5

7,0

7,5

282

364

518

288

325

412

459

405

392

397

2209

2704

3721

2304

2500

3025

2906

2916

3136

2809

36,00

49,00

72,25

36,00

42,25

56,25

72,25

56,25

49,00

56,25

Σх=530             Σу=72           Σху=3843,5           Σх2=28240         Σу2=525

Біздің мысалымызда Сх=28240-5302:10=150; 

Су=525-722:10=6,6; r = +0,87.

Олай болса, қойлардың тірі салмағы қырқылған жүнімен маңызды және дұрыс өзгереді (корреляцияланады), осыдан барып, қойлардың тірі салмағы жоғарылағанда олардың қырқылған жүндері де артады.

Тапсырма  1. Сиырлардың суалу кезеңінің ұзақтығымен (х) олардың тәуліктік сауылымының жоғарылығы (у) арасындағы корреляция коэффициентін келесі мәліметтер бойынша есептеңіз:

Х………….. 20   50   10   80   30   100    70    40    90    60

У………….  12   18     8   20   14     22    24    10    26    46

Тапсырма 2. Қара-күміс түлкілердің енелерінің өнімділігімен (х) олардың ұрғашыларының өнімділігі (у) арасындағы корреляцияны келесі іріктеулердің мәліметтері бойынша анықтаңыз:

 

Х…… 6   7    5    5    6    5    5    5    3    4    6    4    7    6    5

У…… 7   5    6    3    6    2    7    8    5    2    5    6    4    7    5

Тапсырма  3. Шошқалардың жасы (х) және олардың өнімділігі (у) арасындағы корреляция коэффициентін анықтаңыз. Шошқалардың жасы числом опоросов санымен көрсетілген.

Х…….. 2     1     5     7    3     2      6     1     4      3

У…….. 8     5   13   10    9     7    12     6   14    10    

Бақылау сұрақтары.

1. Корреляция және коррелятивті өзгергіштік дегеніміз не?

2. Белгілер арасындағы байланысты өлшеуде қандай көрсеткіштер қолданылады?

3.  Корреляция коэффициентінің  оң және теріс мағынасының  белгілер арасындағы байланыс айырмашылығы неде? 

      4. Кіші іріктеулердегі фенотиптік корреляция коэффициенті қалай есептеледі? 

5. Корреляция коэффициентінің абсолютті шамасы нені көрсетеді және ол қандай шектеулерде құбылады?