Үлкен іріктеулер үшін корреляция коэффициентін есептеу (жалғасы)


Көкірек өлшемінің лимиті 167-203 см тең, ал тірі салмақ лимиті - 365-559 кг. Бірінші белгі үшін класс аралық шама тең. Екінші белгі үшін класс аралық шама тең.

Осы алынған сандардан, бірінші кластың шекарасының басталуы көкірек өлшемі бойынша 166, ал кластың барлығы – 10. Бірінші кластың шекарасының басталуы трі салмағы бойынша 360, ал кластың барлығы – 10. Корреляциялық торды құру қажет.

Корреляциялық тор сызылғаннан кейін осы тордың ұяшықтарын жиіліктермен толтырамыз. Бұл варианттар тасымалы вариациялық қатардағы кластары бойынша жүргізіледі, тек бұл жағдайда әрбір особь бойынша бір көрсеткішке емес, екі көрсеткішке назар аударамыз.

Варианттар тасымалынан кейін корреляциялық тор мынадай түрде болады (кесте 4.2.3).

Корреляциялық тордың ұяшықтары бойынша алынған варианттардың орналасуы, тірі салмақ пен төс ұстамы арасындағы тікелей байланыстың бар екендігін көрсетеді, яғни варианттар сол жақтан, төмен, оңға қарай орналасқандықтан, бұл төс ұстамының өзгеруінен тірі салмақтың өзгергендігін көрсетеді.

Варианттардың бір сызық бойында шоғырлануы (тар сопақтықта), осы белгілер арасындағы үлкен өзара тәуелділіктің бар екендігін аңғартады. Егерде варианттар солдан төменгі оң жақ жоғарғы бұрышқа баратын сызықта орналасса, онда ол теріс (қайтымды) байланысты көрсетеді.