Конституция және экстерьер


Сабақ мақсаты. Малдың экстерьері мен өсіп, дамуын анықтау әдістерін меңгеру.

Қой малдарының конституциясы басқа ауыл шаруашылық малдарынікі сияқты - ол малдың маңызды морфофизиологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы, яғни – сыртқы түрін, өнімділігі және организмнің жауап беру нормасының сыртқы орта әсеріне байланыстығы.

Конституция организмнің жеке дамуында генотип пен азықтандыру жағдайы малды күтіп - бағумен тығыз байланысты қалыптасады.

Конституция төлдегі зерттеулердің негізгі Ж.Кювье ашқан және Ч.Дарвин дамытқан өзгергіштік байланыстығы заңында жатыр, онда әр түрлі мүшелер мен ұлпалар арасында морфофункционалды тәулділік бар делінген. Сондықтан, мысалы, әр түрлі бағыттағы қой тұқымдары өзара экстерьері бойынша ажыратылады, өсіп- дамуы және ішкі мүшелер мен ұлпалардың қызметінің жиынтығы малдың конституциялық ерекшелігін құрайды.

Сурет 1.2.1 Қой конституциясы түрлерінің сызбанұсқалық көрінісі. ( П.Н. Кулешов бойынша)

а - сүтті бағыттағы қой , б- меринос, в - етті бағыттағы қой; 1- тері, 2- тері асты клетчаткасы 3- бұлшық ет ұлпасы, 4- сүйек ұлпасы, 5- ас қорыту мүшелері.

Жүнді бағыттағы қойларды басқа да бағыттағы қой ұқымдарымен салыстырғанда терісі мен сүйегі ауыр, ал бұлшық ет ұлпасы мен тері асты клетчаткасы әлсіз дамыған. Сүтті бағыттағы қой тұқымдарының ас қорыту мүшелері жақсы дамыған, бұл етті бағыттағыларда нашар, ал жүнді бағыттағы қой тұқымдарында бұл аралық сипатқа ие.

Осындай әр түрлі бағыттағы қой тұқымдарының жоғарыда келтірілген мәліметтері мен бақылауларының конституциялық ерекшеліктерінің вариациясын ескере отырып, П.Н. Кулешов қой малдарын конституциясы бойынша төрт типке: нәзік, тығыз, болбыр және сөлекет деп бөлді.

М.И. Иванов әр түрлі бағыттағы малдар үшін мықты конституцияның маңыздылығын атап көрсетті, өзі қосқан бұл конституция типі тек, ұнамды малдарды өсірумен сипатталады.

Тәжірибе жұмысында конституция типінің П.Н. Кулешов және М.Ф. Иванов бойынша жіктелуін пайдаланады. Ол мықты, сөлекет, нәзік, тығыз және болбыр типті конституция.

Мықты конституция – ауруларға қарсы тұру қабілетінің беріктігі, өнімділігімен азық шығынын өтеуі, төлдегіштік қабілетінің жоғарғылығы кез келген тұқым үшін ұнамды малдар.

Бұл типке жататын қой малдарының сүйегі мықты, бас және аяқ сүйектерінң қалыңдығы біркелкі, бастың кеудесіне ара қатынасы, орташа, көлемде, терісі тығыз жүні жіңішкелігі орташа, қарын жағында жақсы жетілген, жүн сапасы жоғары. Әдетте мықты конституциялы малдар жоғары өнімді болып келеді.

Сөлекет конституция. Қойлардың сүегі өте жақсы дамыған, әсіресе, аяқ және бас сүйегі. Көптеген қой тұқымдарын көбінесе дөңес мұрынды болады. Сөлекет конституциялы малдар көбінсе, салмақты әрі ірі, көбісі, үйлесімсіз, тұлғалы болып келеді. Терісі ұстағанда қалың және сөлекет (дөрекі) Малдардың жүні осы типке сәйкес ірі болып келеді. Жабағы жүні аяғы мен қарнында нашар өскен. Жабағысы біркелкі емес, ал қылшық жүнді қойларда өлі талшық көп мөлшерде. Азықтың өніммен, жүн, ет, тері өтелуі төмен. Өнім сапасы орташа немесе төмен. Ал өміршеңдігімен денсаулығы жағынан мықты конституциялы малдармен тең кейде олардан асып түседі.

Нәзік конституция. Бұл типтегі малдардың басы, кеудегі ұзын, жамбас бөлігі түсіңкі, сүйегі жұа және т.б. болып келеді. Олар ұсақ әрі жеңіл тұлғалы. Мұндай қой малдарының өнімділігі төмен, жүні сирек және қысқа, қарындағы жүннің өсуі нашар, денсаулығы әлсіз болады. Саулықтарының көбінің көбею қабілетті төмендеу.

Тығыз конституция. Тығыз конституциялы малдар мықты конституциялы малдарға ұқсас келеді. Мұндай қой малдарының май жинауы төмен. Олар жақсы қозғалмалығымен, темпераменті жылдам, зат алмасусының тұрақтылығымен сипатталады. Сүйектері жақсы дамыған, мықты, терісі тығыз, бұлшық еттері жақсы дамыған, денсаулығы да жақсы, сондықтан өндірістік тұрғыдан ұнамды типті малдар болып табылады.

Болбыр конституция. Малдарыдың негізгі белгілеріне сүйенсек,тығыз конституция сипаттамасына керісінше, сипатта. Олардың терісі мен тері асты клетчаткасы өте жақсы дамыған, яғни ол май жинауға қабілетті. Олар флегматиктың темпераментке ие. Зат алмасуы бояу. Бұл конституциялық типтегі малдар көбінесе етті бағытта болады. Болбыр конституциялы малдар азық пен күтіп – бағу жағдайына көп талап койғыш келеді. Олардың арасынан төлдегіштігі төмен, сүттілігі нашар малдарды кездестіруге болады.

Болбыр конституциялы қойлардың өндірістік құндылығы олардың өнім бағыттына байланысты. Етті қой шаруашылығында болбыр конституцияғы бейім малдарды құнды деп санайды, әсіресе ол бордақылауда маңызды. Болбыр конституциялы қой малдарының қасиеттерін біле отырып, оларға азықтандыру мен күтіп –бағу жағдайын жақсы жасау ең басты шара, сонымен қатар мұндай типті қой малдарын жаңа табиғат және климат жағдайына пйдалану үшін мұқият ойлану қажет. Етті бағыттағы асыл тұқымды қойларды өндірісте болбыр конституцияға сәйкес емес тірі қатты көзге түсетін, аурулармен қатты зақымданған, төлдегіштігі төмен, сүттілігі нашар малдарды табынан шығарып тастау керек.

Жоғарыда сипатталаған қой малдарының конституция типтерінен басқа аралық формаларда кездеседі. Мысалы, бір уақытта тығыз және ірі немесе нәзік және тығыз, немесе нәзік және болбыр конституция көресткіштері тән малдар көп кездеседі. Бірақ көбінесе, анық байқалатын мықты және болбыр немесе мықты және нәзік, және болбыр конституция көрсеткіштерді тән малдар көп кездеседі. Бірақ, көбінесе анық байқалатын мықты және болбыр немесе мықты және конституциялы қойлар кездеспейді, өйткені олар бір – бірінің қасиеттерін жояды. Аталаған конституция типтерінің морфо-биологиялық қаситтері тұқым түрлеріне байланысты әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Мәселен, Гисаар қой тұқымдарының нәзік конституциямын сөлекет және мықты конституциялы құрдастарымен салыстырғанда сүйектері едәуір жіңішке және әлсіз. Алайда, бұл сүйек Гиссар қой тұқымы үшін нәзік болып табылады. Өйткені ол жуан және салмақты болуы тиіс, ал бұл роман қой тұқымы үшін сөлекет конституцияға тән сипаттама. Басқаша айтқанда, әр түрлі типіт конституциялы қойлардың тұлғасының жеке бөліктерінің даму дәрежесін туралы түсінік әжептәуір салыстырмалы және белшілі бір тұқымның нақты көрсеткіштеріне ғана қолданылады.

Алматы облысы Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылықта аутбредті және инбредті қазақстың биязы жүнді қошқарларының 8549,0564,80126, 71017, 81094 заводтық аталық іздерін тараған еркек тоқтылардың барлығы нұсқалық Қ.Сейтжан к.лк., 19981 талаптарына сай, мықты конституциялы. Алайда, инбридиттың еркек тоқтылардың мықты конститутциясына аталық із жақындығына байланысты ететіндігі ескеріледі, және инбреддтілігіне ескерілді және инбредттілігіне байланысты малдардың ұнамды типі тиімді варианты анықталған. Мұндай 8549,0564 және 71017 аталық іздері үшін Ғх = 0,78 -1,56%, ал 80128 және 81904 аталық іздері үшін Ғх = 3,125 - 6,25% анықталған. Бұдан мықты конституцияға сай 74,72,67,73 және 78 % еркек тоқтылар алынса, жоғары дәрежеде (78%) еркек тоқтылар (3,125 -6,25%) 81904 аталық ізінен алынды. 81904 аталық ізіндегі инбредті тоқтылар арасында аутбредтілермен салыстырғанда орта есеппен 5 % жоғары мықты. Конституциялы даралар кездесті, яғни инбридиня екі топқа да жағымды әсерін тигізді. Осыдан конституция мықтылығы, сонымен қатар аталық ізден тараған қой малдарының өсіп- дамуы инбридинг. Әсіресе қазақтың биязы жүнді қой селекциясы кезінде ескеру қажетті ескеріледі.

Конституциялық ерекшелік мінездемесі мен оның негізіндегі қой малының қандай конституциялық типке сәйкес келетіндігін анықтау, қазіргі уақытта дейін өндірістік жағдайда морфологиялық көрсеткіштері (экстерьері) бойынша көзбен бағалау, кейбір өнімділік көрсеткіштері бойынша, жүн жабыны мінездемесі бойынша, қылшық жүн мен түбіт арақатынасы жүргізіледі. Көбінесе малдың конституциясын тұқым қуу қабілетіне байланысты анықтайды, бірақ ол сыртқы орта факторлары (азықтандыру, сұрыптау, жұптау, табиғи –климаттық жағдай және т.б.)әсерінен қалыптасады. Сондықтан, қой шаруашылығы мамандары алдында қойдың конституциялық типін анықтау ғана емес, оны белгілі бір талапқа сай, азықтандыру күтіп-бағу, сұрыптау мен жұптау әдістері арқылы көзделген мақсатқа сай алу керек.

Мал шаруашылығы тарихында малдың конституциялық ерекшелігін ескермей, бір жақты сұрыптау мен жұп таңдауды жүргізу нәтижесінде жеке тұқымдар мен бүкіл қой шаруашылығы бағытының құлдырағаны белгілі.

ХVIII ғ. басында батыс Европада елдерінде, сонымен қатар Ресейде қой мамандары қой өсіруге ұмытылды, өйткені сол уақытта ең бағалы және өте жақсы шикізат көзі басып табылатын биязы жүннен биязы шұға (сукөл) өндірілді. Бұл талапқа электрольді типтегі 0,5 -1,5 кг, жіңішкелгігі 16 мкм және одан жіңішке кір жүн беретін меринос қойлары сай келді. Қойдың дене салмағы 25 кг мөлшерінде болды. Электоральді меринос жүні өте жоғары бағаланды, бірақ жүні өте жіңішкелігінің бір жақты ұлғаюы конституциялық әлсіреуіне, қойдың нәзіктелуіне, сүттілгі мен иөлдегіштігінің төмендеуіне әкеледі. Олар кез –келген ауруға шалдыққан күйге ұшырамай бастады. Бүкіл қой табыны трабер ауруымен құрыды. Осының бәрі қойлардың, осы типтегі едәуір мықты әрі өнімді негретти және инфолтада, мериностары мен ауысына әкеледі. Осындай жағдайға ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің оңтүстік аймағында қой мамандары ағаынды Мазаевтар шығарған. Мазаев қой тұқым ұшырады. Бұл мериностарды шығарғанда көп көңіл тек жүн ұзындығы мен жіңішкелігіне аударылды,нәтижесінде, бұл белгі бойынша бір жақты сұрыптау Мазаев қойларының жоғары бағаланатын ірі, ұзын меринос жүні өндірілді, бірақ, артынша, сүйектің күрт жіңішкеруі, конституциясының әлсіреуі көрініс тауып, қойлар жаппай трабер ауруына ұшырады, соңында көптеген мазаев қой тұқымы табындары өлді. Мазаев қой тұқымы конституциясын бекіту үшін П.Н. кулешов мықты және тіпті сөлекет конституциялы (бальдебуковск типі) рамбулье қойларымен будандастыруды ұсынды.

Осы қой тұқымдарын будандастыру нәтижесінде неғұрлым мықты конституциясымен, жүнінің орташа жіңішкелігімен және жақсы төзімділігімен ерекшеленетін жаңа кавказ мериностары шығарылды.

Қазіргі жағдайда жаппай экологиялық мәселелер конституция мықтылығы, төзімділігі, стресс жағдайларға шыдамдылығы жөніндегі сұрақтардың туындауы маңызды орын алады.

Экстерьер – малдың конституция көрсеткіштері, денсаулық жағдайы мінезі мен өнімділік дәрежесі кіретін, дене бітімнің сыртқы пішіні.

Малдың экстерьері мен өнімділігінің байланысы жөніндегі пікір байланыс (корреляция) заңы негізінде қалыптасады, ал малды әр түрлі мүшелерімен ұлпаларының құрылысы мен қызметі арасындағы белгілі бір байланыстың болуына негізделген.

Бұл байланыс кері және тура болады. Мысалы, етті бағыттағы қой тұқымы: қысқа кеудесі терең, кең, аяқтары кең және тік орналасқан, мойыны қысқа, арқасы мен белі жуан, терісі болбыр, тері асты клетчаткасы жақсы дамыған: сипаттама бойынша болбыр (босаң) малдар. Ал жүнді бағыттағы қойар осы аталған сипаттамаға керісінше мінездемеге тән, яғни , олар: ұзын аяқты, кеудесі неғұрлым ұзын, терісі тығыз, сүйегі мықты, темпераменті бойынша еті тірі.

Экстерьерді бойныша бағалау, малдың өнімділік бағыты мен типін анықтауда зор маңызға ие.

Тәжірибе жүзінде малды экстерьері, бойынша бағалаудың жай көзбен және дене өлшемдерін алу әдісі жиі қолданылады. Көзбен бағалау әдісінен қарағанда малдың әрбір дене бөліктерінің өлшемін алып бағалау әдіс тиімді әрі шықты. Дене өлшемдерді дененің индексін және экстерьерлік профильді есептеу үшін қолданады.

Көбінесе ең негізгі индекстерге: жоғары – аяқтылық, созыңқылық, өсіпкеткендік, кеуделік, тығыршықтық, сүйектілік және салмақтылық жатады.

1 Тапсырма. 1.2.1 кестені пайдалан отырып, 1.2.2 және 1.2.3 кестедегі саулықтардың жалпы және орта тәуліктік тірі салмақ қосуын кезеңдердегі өсуі бойынша анықтап, толтырыңыз.

1.2.1 кесте. Саулықтардың көрсеткіштері (Қ.Ұ)

1.2.2 кесте. Кезең бойынша жалпы өсімі, кг

Саулықтың жеке нөмері Кезеңдер, ай есебімен
- 0-4 4-8 8-12 12-16 0-16

1.2.3– кесте. Орта тәуліктік өсімі, г

Саулықтың жеке нөмері Кезеңдер, ай есебімен
- 0-4 4-8 8-12 12-16 0-16

2 Тапсырма. 1.2.1. кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін ала отырып, салыстырмалы кезеңдік өсуді келесі формула бойынша анықтаңыз.

К=(х1-х): 0,5 (х1-х)*100%

К- салыстырмалы кезеңдік өсім, %

х1 - кезең соңындағы тірі салмақ, кг

х – кезең басындағы тірі салмақ, кг

Анықталаған нәтижелі 1.2.4. кестеге жазыңыз.

1.2.4 кесте. Салыстырмалы кезеңдік өсім, %

Саулықтың жеке нөмері Кезеңдер, ай есебімен
- 0-4 4-8 8-12 12-16 0-16

3 Тапсырма. 1.2.1 кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, ересек саулықтың меншікті салмағынан жаңа туған, 48,12,16 айлық төлдердің меншікті салмағын есептеп, нәтижесін 1.2.5 кестеге жазыңыздар.

1.2.5 кесте. Жас малдардың тірі салмағының ересек саулықтардағы меншікті салмағы, %

Саулықтың жеке нөмері Кезеңдер, ай есебімен
Туғанда 4 8 12 16

4 Тапсырма. 1.2.1. кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, жаңа туған 4,8,12,16 айлық жас малдардың дене өлшемдерінің үлес салмағын осыған сәйкес келетін ересек қойлардың дене өлшемдерінің үлес салмағынан табыңыз, нәтижені 1.2.6 кестеге жазыңыздар.

1.2.6 кесте. Жас малдардың дене өлшемдерінің саулықтардағы үлес салмағы, %

5 Тапсырма. 1.2.1 кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, ересек саулықтардың дене индекстерін еспетеңіздер:

Жоғары аяқтылығы = шоқтың биіктігі – кеуде тереңдігі *100/ шоқтық биіктігі;

Созыңқылығы = денесінің қиғаш ұзындығы *100/ құйымшақ биіктігі;

Кеуделілігі = кеуде ені *100 / кеуде тереңдігі;

Жинақылығы = кеуде орамы *100 / денесінің қиғаш ұзындығы;

Сүйектілігі = жіліншік орамы *100 / шоқтың биіктігі;

Нәтижені 1.2.7. кестеге жазыңыздар.

1.2.7 кесте. Ересек саулықтардың дене бітімі индекстері

Дене өлшемдері 1025 1035 1045
Жоғары аяқтылығы - - -
Созыңқылығы - - -
Өсіп кеткендігі - - -
Жинақылығы - - -
Сүйектілігі - - -

6 Тапсырма. 1.2.1 кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, бас енінің ұзындығына қатынасын

БЕҰ = Е / (Ұ/8)

формуласы арқылы анықтаңыз.

БЕҰ - бас енінің ұзындығына қатынасы;

Е - бастың ені;

Ұ – бастың ұзындығы

8- тұрақты көрсеткіш

7 Тапсырма. Үш саулықтың дене өлшемдерінің 7 көрсеткішін пайдалана отырып, профиль құрыңыздар. Нәтижені 1.2.8 кестеге жазыңыздар.

1.2.8 кесте. Дене өлшемдері мен бас өлшемі қатынасының мешікті салмағы

Бақылау сұрақтары.

  1. Конституция типтерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
  2. Селекция мал конституциясы есебінің маңызы
  3. Дене бітімі индекстерін не үшін қолданады.
  4. малдарды экстерьері бойынша бағалау әдістері.