Қой топтарының жүндерін және жүн талшықтарының типтерін меңгеру


Сабақ мақсаты. Қой топтарының жүндерін және жүн талшықтарын анықтауды студенттердің қаншалықты меңгергенін тексеру.

Жүн талшықтарының морфологиялық құрамы. Жүн өзектен, түбірден және жуашықтан тұрады.

Өзек — тері үстінде тұратын жүн талшығының қатты бөлігі. Жүн терінің қиылған бөлігінде шикі түрде өзектен тұрады.

Түбір — теріде қалыңдау болып келетін жүннің тірі бөлігі, бір жағынан (жоғарғы), өзекке жалғасқан, екінші жағынан, жуашыққа жалғасқан.

Жуашық — талшық түбірінің төменгі бөлігі. Онда жасушаның көбею нәтижесінен жүн талшығы өседі.

Емізікше талшықтың қоректенуін қамтамасыз етеді. Оның негізі көптеген капиллярдан тұратын біріктіруші ұлпалардан тұрады, ол қан арқылы қоректену, өсу дамуды қамтамасыз етеді.

Талшық түбірі теріде бірнеше қабыршақты эпидермалы жасушалармен қапталған. Бұл түтік талшықты қынап деп аталады, ол өз алдына талшықты қынапты құрайтын біріктіруші ұлпадан тұрады.

Жүн талшығының гистологиялық құрылысы.Жүн талшығының барлық типі. Қабыршақты және қыртысты қабаттардан, ал аралық талшық, қылшық келіп, песиг, және жабын шаштары және т.б. өзекті қабаттан (сурет 3.1.1) тұрады.

3.1.1 сурет. Жүн талшығының гистологиялық құрылысы

1- өлі талшық, 2-қылшық, 3- аралық талшық, 4- түбіт.

Қабыршақты қабат (кутикула), талшықтың сыртқы бетін түзіп, қоршаған ортаның биологиялық, химиялық, механикалық факторларын қорғайды және жүннің жылтырлығы мен ұйысуына әсер етеді.

Қабыршақты қабат көптеген жалпақ, дұрыс емес мүйізділген қабыршақтан тұрады, ол мөлшерімен өз ұзындығының 2/3 немесе жартысына дейін бірінің үстіне бірі орналасады. Қабыршақ пішіні бойынша: шатыр тәрізді және тәж тәрізді болып негізгі екі топқа ажыратылады. Қабыршақ пішіні мен орналасуына байланысты шаш типі мен қойдың өнімділік бағытын анықтауға болады. Қабыршақтың шет жақтары тегіс, тісті немесе толқынды жабынды болып келеді.

Қабыршақ орналасуына байланысты:

  1. сақина тәрізді - әрбір қабыршақ шаш маңайында толық сақина түзеді. Сондықтан төменгі қабыршақтың төбесін жоғарғының негізгі жабады да, бір сақина, екіншісіне киіліп тұрғандай болады. Мұндай қабыршақ формасы түбіт үшін тиімді.
  2. сақиналы – торлы – қабыршақ тор тәрізді және талшық маңына қатармен орналасады. Ол биязы жүн үшін тиімді.
  3. торлы – қабыршақ талшық бетіне тордың дұрыс емес пішінін түзеді. Қабыршақтың мұндай орналасуы – қылшықты жүнге тән. Талшық салмағының 2-3 % -ын қабыршақты қабат құрайды.

Әрбір қабыршақ 3 қабаттын: эндокутикула (ішкі бөлігі), экзо –кутикула (ортаңғы бөлігі) және эпикутикула (үстіңгі бөлігі) тұрады, олар кератин ерекшелігіне байланысты ажыратылады.

Эпикутикула (жуандығы 50-100 мкм) –қабыршақтың ең бірінші қорғаныс қабаты. Ол химиялық тұрақтылығы өте жоғары және жүнді зиянды химиялық әсерлерден сақтайды, мысалы, аммиактың және т.б. Ал талшықты механикалық зақымданудан көп дәрежеде: экзо және эндокутикулалары қорғайды.

Қыртысты қабат қабыршақты қабаттың астында орналасады, ұршық тәрізді көп түйіршікті клеткалардан (ұзындығы 80-150 мкм, жуандығы 4-10 мкм) тұрады. Қыртысты қабат клеткасы 2 типті: неғұрлым ірісі- ортокортекс (ортокор) және тығыз орналасқан біраз ірілеу келетін – паракортекс (паракор). Әр типтегі талшық клеткалары - доғалы құырылымды түзеді. Бұл бөлік түбітте ширатылған (спиральді), тұрақты иректің сыртқы жағында әрқашанда ортокортекс, ішкісінде –паракортекс.

Ал қылшықта және аралық талшықта олар әр түрлі жағдайда береді: ортокортекс – қылшықта, ал паракортекс шеткі аймақтарда біркелкі емес орналасуы мүмкін және жеке клеткалармен де болады.

Қыртысты қабат клеткаларында пигмент грануллары –меланин бар. Гранула ұзындығы 0,5-1,3 мкм, 0,16 -0,43 мкм, биіктігі –енінен қарағанда екі есе аз. Паракортекс клеткаларында ортокортекс клеткаларынан қарағанда меланин көп.

3.1.2 Сурет. Меринос қойларының жүн талшығы (сызба – нұсқа)

1- қабыршақты қабат, 2- ұршық тәрізді клетка , 3 – қыртысты қабаттың ортокортикальді клеткалары, 4 – қыртысты қабаттың паракортикальді клеткалары, 5- өлі клеткалардың ядро дегенерациясынана кейін қалған бос кеңістік.

Түбітте қыртысты қабат 90 %, қылшықта – 60-70%, өлі талшықта тек 5-6 %.

Қыртысты қабатты күкірттің негізгі көлемі түзіледі. Сондықтан бұл қабат жүнді: мықтылық, созылғыштық, серіпімділік және т.б. қасиеттермен қамтамасыз етеді.

Өзек қабаты - бұл құрғақ клеткалар мен ауамен тастырылған талшық ішіндегі сызық. Ол үздіксіз түзу (қылшықта) және үзік-үзік сызық (аралық талшықта) болуы мүмкін. Түбітте өзек болмайды. өзек талшықтын беріктігін төмендетеді, бірақ, оның жылу сақтағыш қасиетін жоғарылатады. Өзек талшығы көбінесе әкті –ақ түсті болып келеді, ол бет жағындағы ауа, көпіршіктерінің жарықтың жақсы түсуінен.

Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті. Жүн талшығы көбінесе кератинді белоктар тобынан тұрады. Кератинді басқа белоктардан көтеріңкі мөлшерде 3-5% күкірт түзуімен ерекшеленеді. Күкіртпен жүннің технологиялық қасиеттері белгілі, бір дәрежеде байланысты. Жүнден күкірттің жақсарады, жүн талшығының беріктігі жоғарлайды. Күкірт қылшық жүннен қарағанда меринос жүнінде көбірек.

Цистин – құрамына жүн талшығына қажет барлық дерлік күкірт кіретін, амин қышқылдары болып табылады. Қой организімінде цистин түзілмейді, ол азықпен түсіп отыруы қажет. Мұнадй азықатрға: көк шөп, сапалы сүрлем мен пішендеме, кұнжара жатады.

Жүн кератині құрамына 18 аминқышқылы кіреді.

Әр түрлі типтегі жүн талшықтары амин қышқылдарының түзілуіне байланысты ажыратылады. (3.1.1. кесте).

3.1.1 кесте. Жүндегі амин қышқылының түзілуі, (100 г жүндегі көлемі, г)

Жүн кератині: А кератині және С кератині болып екіге бөлінеді. А кератині қабыршақты қабат, С кератині – қыртысты қабат пен өзек заттарын түзеді. С кератині тирозин аминқышқылын, түзентіндігімен А кератинінен ерекшеленеді.

Жүннің химиялық құрамы (%): көміртегі -49,8 -52,0; сутегі 6,36 -7,37; азот 15,7 -20,8; оттегі 17,1-24,0, күкірт -2,0-5,0.

Сілтінің әсерінен жүн талшықтары бұзылады, ал өсімдік талшықтар (зығыр, мақта, вискоза және т.б.) сақталады. Әлсіз қылшық ерітіндіде жүн құрамы өзгермейді, ал өсімдік талшықтары бұзылады. Жануар мен өсімдік талшықтарының табиғатын осындай, жолдармен анықтауға болады. Өнеркәсіпте әр түрлі талшықтарға химиялық әдіспен әсер етуді пайдаланады. Мысалы, жүн қиын алынатын арамшөппен (ошағын т.б.) ластанған, оны 5-6 % күкірт қышқылы ерітіндісінде (H2SO4 ) жуса, жүн құрамы бұзылмайды, ал өсімдік қоспалары ериді. Бұл үрдіс жүн карбонизациясы деп аталады.

Қой малының тері жабынын құрайтын, жүн талшықтарының жиынтығы, қой шаруашылығында жабағы деп аталады. Ол қой малынан қырқылғанда алынған жүн өнімінің сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайтын объект болып табылады. Жүн талшықтары өзара тек түзілу ерекшелігі мен қой төлінің жатырда даму кезеінде ғана емес, сонымен қатар жас төлдің және ересек қойлардың жүннің өсу үрдісі кезінде қалыптасатын морфологиялық белгідері мен техникалық қасиеттеті бойынша ажыратылады. Қой шаруашылығында, осыған байланысты жүн талшықтарын ең негізгі 6 морфо-техникалық типке жіктеу ұсынылған: 1. түбіт, 2. қылшық; 3. өтпелі немесе аралыө талшық; 4. өлі; 5. құрғақ ; 6. жабында шаш.

Түбіт – ең жіңішке, өзек қабаты жоқ талшық. Көбінесе қалыңдығы 15-25 микрометр (мкм), ал ұзындығы 5-15 см болады. Түбіт әрқашан толқынды немесе иректелген болып келеді. Ол қылшық жүнді және будан қой малдары жүнінің негізі болып табылады және көп жағдайда оның көлемі қабатын құрайды, сондықтан түбітті кейде, биязы жүн деп атайды. Түбіт жүннің ең құнды құрамды бөлігі.

Қылшық – біркелкі емес қылшық және ұяң жүннің құрамына кіреді. Ол түзу немесе өте аз иректелегн ірі талшық. Ұзындығы бойынша түбіттен ұзын, тек роман қой тұқымында ғана түбіт қылшық жүнмен ұзын. Қылшық 3 қабаттан: қабыршақты, қыртысты және өзектен тұрады. Неғұрлым дамымаған болса, жүн соғұрлым құнды. Жүн жуандығы 51-ден 155 мкм және одан көбірек ауытқиды.

Аралық талшық – жуандығы бойынша түбіт пен қылшық жүннің орташа аралығы болып таылады. Жуандығына байланысты егер өзек қабаты жақсы дамыса, қылшық жүнге, егер өзек нашар дамыса түбітке жақын келеді. Аралық талшық: қыртысты қабыршақты қабаттан және үзік-үзік өзек қабатынан тұрады.

Биязылау жүнді қой малдарының жүн жабының көбін аралық талшық құрайды, ал барлық қылшық және ұяң жүнді қойларда бұл талшық кездеседі. Аралық талшық техникалық жағынан- әр түрлі қасиеттімен құнды. Ол: иректілігімен, өте жақсы серпімділігімен және мықтылығымен ерекшеленеді. Аралық талшықтың орташа диаметрі көбінесе, 26 – дан 50 мкм-ге дейін ауытқиды.

Өлі талшық - өте ірі қатты, сынғаш, шыны түстен, боялмайды және иректілігі жоқ. Мата үшін өңдеуге жарамсыз. Өлі талшық жуандығын 100-ден 400 мкм және одан да жоғары. Өзек қабаты өте жақсы дамыған. Өзек қабатын микроскоппен қарағанда қара сызық түрінде көрінеді. Егер өзек каналынан, ауа шығарылса, онда өлі талшық ақшыл түсті болады. Жүн құрамында өлі талшықтың болуы жүн сапасын күрт төмендетеді.

Құрғақ талшық – бұл жоғары бөлігінде шайыры жоқ, ұзын қылшық. Соның салдарынан бұл талшық қалыпты қылшықпен салыстырғанда сыртқы орта әсерінен қатты, жылтырлығы жоқ және қатты болады. Жүннің құрамында құрғақ талшықтың көп болуы құндылығын төмендетеді.

Жүнді әр түрге бөлу ондағы талшықтың біркелкілік дәрежесіне, құрамына кірген талшықтарға және оның жуандығына негізделген.

Жүнді: биязы, биязылау, ұяң және қылшық деп төрт топқа бөледі.

1 Тапсырма. Бір текті емес жүнді жеке-жеке талшықтарға ажыратыңыздар.Сыртқы түріне қарай әр түрлі жүн талшықтарын ажыратып үйрену.

Жүн талшықтарынажырата білу үшін бір тұтам жуылған әр текті жүнді алады.Алынған бір тұтам жүннен талшықтарды жеке топтарға бөледі.Ең алдымен қылшықты және оның түр тармағын бөліп алады, ол әр текті жүннің тұлымының жоғарғы қабатын көп жағдайда ұшын алып жатады. Сондықтан бір тұтам жүннің төменгі ұшынан сол қолмен ұстап, оң қолмен қылшықты, өлі және құрғақ талшықты бөліп алу керек.Содан кейін осындай әдіспен әртекті жүннің ортаңғы қабатын құрайтын аралық талшықты да ажыратып алады.Қалған төменгі бөлік түбіттен тұрады. Ажыратылған талшықтарды мұқият қарап, нақты болу мақсатында арнайы, жүн талшықтарының үлгісімен салыстырылады.

Талшықтарды ажыратып болғаннан кейін сыртқы түрі бойынша – ұзындығын, жуадығын, иректілігін, жылтырлығын және иілгіштігі мен үзілу беріктігінтексеру қажет, алынған мәліметтерді өзара салыстырып 3.1.2 кестені толтыру керек.

3.1.2 кесте. Әр түрлі талшықтардың салыстырмалы сипаттамасы

2 Тапсырма. Әр түрлі талшықтың гистологиялық құрылымын микроскоппен қарап, суретін салыңыздар.

Талшықтың гистологиялық құрамын анықтау үшін әр талшық түрінен 20-30 талшық алынады. Одан соң заттық шыны алып, оған глицирин тамшысын тамызамыз және осы тамшы үстіне зерттелетін талшықтың әр аймағынан, 0,5 см-ден ұзын емес мөлшердегі кесінділерін қоямыз да, талшық кесінділерін глицирин мен препараттық инемен мұқият араластрамыз және оны жабын шынымен жабамыз. Алынған препаратты микросеоптың заттық үстеліне қоямыз. Алдымен кесіндіні аз ұлғайтқышпен, одан зор ұлғайтқышпенқараймыз. Осыдан бізге талшықтың өзі және ондағы әр түрлі қабаттарына, қабыршақты қабаттың құрылымына (пішіні, көлемі және қабыршақтың орналасуы)назар аудару қажет.

Бақылау нәтижесі мен әдеби мәліметтерді негізге ала отырып, студент әр түрлі талшықтың микроскопиялық құрылымын салып, ерекше сипаттамаларын арнайы формадағы кестеге толтырыңыздар (3.1.3 кесте).

3.1.3 кесте. Жүн талшықтарының гитологиялық құрылымы

Талшық түрлері Сурет Талшық құрылымының ерекше сипаттамасы
Түбіт
Аралық талшық
Қылшық
Өлі талшық

3 Тапсырма. Қой жүнінің негізгі топтары және оларға қысқаша салыстырмалы сипттама беріңіздер.

Жүн үлгілері- эталонын пайдалана отырып, бір текті және әртекті

Жүн ерекшелік-терімен, одан кейін биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн ерекшеліктерімен танысу.Қой жүнінің әрбір тобындағы жүн талшыұтарына назар, аудару. Өз зерттеулері мен әдеби мәліметтерді пайдалана отырып, қой тамның қандай топқа жататындығын анықтап, нәтижесін жазыңыздар.(3.1.4 кесте).

3.1.4 кесте. Бір тұтам жүнді зерттеу нәтижесі.

Үлгі№ Қой жүнінің топтары Жүн үлгісі, құрамы және талшық түрлері Жүн өнімділігі бойынша қай бағытта

Бақылау сұрақтары.

  1. Әр талшық түріне морфологиялық сипаттама беріңіз
  2. Жүн талшығының гистологиялық құрылымына мінездеме беріңіз.
  3. Қой жүнінің негізгі топтарына сипаттама
  4. Қылшық жүн мен ұяң жүнді қалай ажыратуға болды
  5. Биязы жүн мен биязылау жүнді қалай ажыратуға болады.