Шайыр және жабағы жүн элементтері


Сабақ мақсаты. Студент жүн шайыры сапасы мен көлемін, шайыр маңызы мен түзілуін, ондағы май мен тердің ара қатынасын, әр түрлі бағыттағы қой малдарындағы шайыр көлемі, жабағы жүн сапасы көрсеткіштері ретіндегі тұлым мен штапель көлемі мен пішінін анықтап үйрену қажет.

Шайыр-терідегі май және тер бездерінің бөлінуі нәтижесінде пайда болған май тәрізді зат.Ол жүннің физикалық қасиеттерін сақтауда маңызды қызмет атқарады. Шайырдың пайда болуынан жүнге ылғал, қым және әр түрлі өсімдік қоспалары ене алмайды. Шайыр талшыққа жұқа қабат болып жағылады да оларды өзара бір-бірімен жабыстырады. Шайыр-жүннің техникалық қасиетін бұзатын әр турлі ластайтын қоспалардан, судан қорғайтын, қажет зат болып табылады.

Қой шаруашылығында жабағы жүннің ластану тереңдігіне байланысты шайыр көлемінкең қолданылатын әдістерді игеруқажет.

Егер қарындағы жүн қалыпты жүн қоюлығында минералды қоспалармен тұлымның 1/5-1/6 тереңдігіне дейін ластанса, онда жүн шайыры қалыпты.

Егер жүн тұлымда 1/3 тереңдіктен артық ластанса, шайыр жеткіліксіз. Шайыр көлем сенімсіздік туғызған жағдайда, жүндерді бұрау арқылы анықтайды. Егер бұраған кезде сәл ғана шәйір жеке талшықтардың бетін біркелкі қабатпен жапса, жүн майы қалыпты.Ал егер шайыл көп болса, талшық бетіне тамшы түрінде шығарады жетіспесе, май шықпйды және талшықтар бірікпейді.

Шайырдың екі түрін ажыратады: 1. Бөлме температурасындағы жай суда оңай жібитін, консистенциясы біркелкі крем тәрізді түстен ақ туске дейін болады.және 2. қиын жібитін(еритін)-сары түстен әр түске дейін.Қиын жібитін зиян сапалы шайыр – бұл бал тәрізді қабаттардан немесе смала (шайыр)ттәрізді қатты бөлшек түрінде жиналып қалған, әр жерінде жасылдау – лимон тәрізді түсте болып, жүнді жуған кезде мұндай шәйір қалдық пен шикізаттың қымбаттауын туғызады.

Егер қой жүнін қарағанда, олардың бір-біріне жабысып,аздағы көлемдегі бумалар түзетіндігін байқауға болады, яғни оны біз тұлым деп айтамыз. Меринос жүні тұлымдары мен қылшық жүн тұлымдары арасында үлкен айырмашылық бар екендігін байқауға болады.

Тұлым жабағы жүннің ұсақ элементтерін сипаттайды.

Жүн талшықтары тұлымдарға бірігеді, ол келесідей себептердің әсерінен болады. Меринос жүнінің талшық қынабы тығыздық бір-бірімен тығыз бекиді,олар бір уақытта бірнеше жүн талшығы шығатын бір тесік түзеді.Осы жүн талшықтарының барлығы иректелген, олар тығыз орналасқандықтан және шайырдың болуына байланысты бір-бірімен жабысып тұрады.

Иректілік пішіні мен сипаттамасы меринос жүнінің сапасын белгілі бір дәрежеде оның әр түрлі мақсатта пайдалану жарамдылығын анықтауда белгілерін құрайды. Сондықтан қойларды бонитировкадан өткізу кезінде және күнді реттеу кезінде ең басты назарды тұлым сипаттамасына аударады.Тұлымда штапельді жанындағы беткі (боковая поверхность ), жоғарғы және төменгі ұштарына ажыратады.

Штапельдің қалыпты пішіні ретінде цилиндрлі саналады, ол барлық жүн талшықтарының біркелкі жіңішкелігін, иректілігі мен ұзындығын қамтамасыз етеді.

Штапельдің конус тәрізді пішінінде штапель түзетін жүн талшықтары біраз жетіспейді, яғни тығыз емес немесе талшықтың төменгі бөлігінде иректілік ірі, ал жоғарғы бөлігінде ұсақ болуымен сипатталады.

Воронка тәрізді пішін талшықтағы иректіліктің бір келкі емес жағдайында болады. Иректілік төменгі жағында ұсақ, жоғарғы жағында ірі немесе ұзын жүн талшығында ірі және жалпақ иректілікпен шайыры аз көлемде болады.

Қылшық жүнді қой малдарының жабағы жүні меринос жабағысына қарағанда неғұрлым жуан бумалардан құралады. Бұл бумалар қылшық жүнді қойларда тұлым деп аталады. Қылшық жүнді қойлардың тұлымы қылшық пен түбіттен тұрады да, болып саналады.

Ішкі штапель пішіні штапелькалар пішіне байланысты, сондықтан олар: цилиндірлі, конусты және қайта конусты немесе воронка тәрізді болады.

Ішкі штапель пішінінен басқа иректілік сипатына назр аударады. Қазіргі уақытта бірнеше әр түрліліктен штапельдерді ажыратады.

Ағынды штапель – қалыпты иректілік пе тығыз жүндермен сипатталады. Штапель цилиндрлі, иректілігі жартылай дөңгелек пішінді.

Анық штапельді – иректілігі анық көрінеді. Иректілік пішіні жартылай немесе сәл биік. Анық штапель жүн тығыздығының көп еместігін көрсетеді.

Маркитті штапель. Иректілігі өте айқын көрінеді, иректілігі биік, қысылған. Штапельдің бұл әркелкілігі жүннің тығыз еместігін көрсетеді.

Дамып кеткен штапель – барлық жүн жабағыда «жіптен» ғана тұрады.

Жабағының сыртқы беткі түрі сыртқы штапельдің өзара бірігуімен сипатталады. Егер штапельдер бір – бірімен тығыз байланса, онда олар жабық немесе тұйық жабағы түзеді, егер штапельдер ажыраса немесе бір – бірімен әлсіз байланысса, жабағы ашық деп аталады. Қысқа жүнді биязы жүнді қойлардың сыртқы штапелі өте ұсақ, ұштары әр түрлі пішінді болып келеді. Штапельдің ұшындағы пішіні инелі, рапсты, үшкірленген, ұсақ квадратты және т.б. деп аталады. Қойлардың орташа және ұзын жүндегі сыртқы штапелі неғұрлым ірі пішінді болуы мүмкін, сондықтан оарды пішініне байланысты:

Дөңгелектенген штапель – пішіні көбірек немесе азырақ домалақ, орташа ұзындықтағы жағымды сапалылығымен сипатталады.

Жалпақ немесе ірі квадратты штапель – төртбұрышты немесе көпбұрышты пішінді.

Тақтай тәрізді (досчатый) штапель – орташа көп немесе аз көлемдегі жалпақ және ұзын тік бұрыштан тұрады. Бұл штапель орташа жіңішкеліктегі жүнге негізделген.

Смалалы (шайырлы) штапель – артық шайыры көп әр түрлі ұзындықтағы жүндерге негізделген. Неғұрлым жүн ұзын болса, штапель соғұрлым ірі.

1 Тапсырма. Экспертік әдіспен жүндің ша»ыр көлемі мен сапасын анықтаңыз.

Сабақта берілген жүн үлгілеріне қарап және ұстап көріп, шайыр көлемін, түсін анықтаңыздар және шайырдың жетіспеушілігі мен артықшылығын қандай белгілері бойынша анықтайтындығын, оның биязы жүнді қой тұқымдары үшін асыл тұқымдандыру жұмысындағы маңызын түсіндіріңіз (нәтижесін 3.3.1 кестеге жазыңыздар).

3.3.1 кесте. Жүндегі шайырды зерттеу нәтижесі

Бума № Түсі Консистенциясы Тұлым биіктігі, см Ластану тереңдігі, см Шайыр сапасы Шайыр көлемі (қалыпты, артық, жетіспеушілігі)

2. Тапсырма. Жабағы құрылымен танысу.

Тутас жабағы құрылымымен танысып, штапель пішіні мен тұлымын анықтау керек. Нәтижесін 3.3.2 кестесіне жазыңыздар.

3.3.2 кесте. Жабағы құрылымын сипаттаңу (жүн үлгілеріне қарап)

Жүн үлгілерінің нөмірі Жабағының ішкі құрылымы Иректілік бойынша штапель сипаттамасы Штапельдің сыртқы пішіні
1
2

Бақылау сұрақтары.

  1. Шайыр маңызы.
  2. Шайыр көлемі мен сапасы қандай факторларға байланысты.
  3. Шайыр көлемін анықтау әдістері.
  4. Шайыр көлемін анықтаудың эксперттік әдісі.
  5. Шайыр сапасының жақсы белгілері.
  6. Шайыр сапасының нашар көрсеткіштері.
  7. Штапельдің сыртқы пішіні.
  8. Штапель иректілігінің әр түрлілігіне сипаттамы беріңіз.