Таза талшық шығымын анықтау


Сабақ мақсаты. Шаруашылық жағдайындағы таза талшық шығымын анықтауды үйрену.

Таза талшық шығымын анықтауды қой қырқымы кезінде әрбір отардан қырқылған жүннен жабағыны сұрыптаудан бастайды. Егер отардағы саулықтар бонитировканың класс бойынша қалыптастырылса, таза талшық шығымын анықтау үшін, әрбір 20-25 жабағы сұрыптап алады. Ал егер отар әр жастан және әр түрлі бонитировкалық кластан қалыптастырылса, әрбір 15-жабағыны сұрыптап алады. Әрбір жабағыдан 100г салмақтағы үлгіні алып, біріктіреді. Бұл жүнді қысатын құралдың 200 г үлгіге арналғандығына байланысты. Егер аталық қошқарлардың немесе селекциялық ядродағы аналықтардың таза талшық шығымын анықтау керек болса, әрбір жабағыдан міндетті түрде (негізгі, қосымша және бақылау) 200 г салмақтағы үлгі алынады. Жабағыдан үлгі алу техникасы екі жжжағдайда да бірдей және келесідей анықталады.

Жабағыны арнайы жұмыс столына жайып салады да, одан қи-көңмен лсаианған және төменгі сортты жүндерді бөліп алып, 10 г дәлдікке дейін өлшейді. Одан кейін жабағыны қайтадан тегіс етіп жайып қояды, штапельдің жоғарғы жағы аралығында ешқандай да қиық болмауы керек, ал малдың үстінде қандай тығыздықта болса, жабағыда да сондай болуы тиіс.

Егер қалыпты жағдайдағы түрге келтіріп, жеке топографиялық бөліктері өз орнына келіп тұрса, ондай жабағы жүнге тор көздері трафарет қойылады. Ондағы тор көздерінің 1,0*1,6 метр көлемде ұзынынан 8 және жабағы ені бойынша 5 ұяшық (20*20 см) орналасады. Одан кейін тор көздің жан – жағына шығып тұрған жүндерді кіргізіп, жабағының шет жағынан тек, тор көз неғұллым тығыз орналасқан немесе жарты аумағына жеткен жүннен алады. Жабағыдан жүн үлгісін 100гр (200гр) салмаққа жететіндей етіп алады.Егер жабағы аумағы, біркелкі болмаса, жүн үлгісін алу кезінде жабағының көлемін қанша ұяшық алып жатқандығына байланысты, әрбір ұяшықтағы бума салмағын есептеуге болады. Буманы үш саусақпен алады. Алу кезінде жабағының қалған аймағындағы жүнді екінші қолмен ұстап тұоады да, өйткені буадағы минералдық қоспалардың шашылуы мүмкін және буманы штапельдің жоғарғы жағынан ғана столға саусақ тигенше, түбіне дейін (негізіне) алу қажет.

Алынған үлгіні техникалық таразыда 1 г дәлдікке дейін өлшеп, қағазға орайды немесе арнайы қапшыққа салады. Отардың таза жүн шығымын анықтау кезінде үлгі салынған ыдысқа:жүн үлгісінің номерін, отар нөмірін немесе шопанның тегін, тұқымын, малдың жасы мен жынысын, жүн түрін, жабағы класын, үлгі алынған күнді және тағы басқа қажет мәліметтерді жазады. Дәл осындай этикетканы қап ішіне салады.

Жүн үлгілерін сұрыптау кезінде таза талшық шығымын жекелеме анықтау үшін этикеткаға малдың жеке нөмірі де жазылады.

Таза талшық шығымын анықтау үш кезеңнен:жүн үлгілерін жуу, оның тұрақты құрғақ салмағын анықтау және ол арқылы таза талшық шығымын бекітуден тұрады.Жуу процесін тездету үшін қосымша әрбір үлгіні 30-40 мин 1 л суда 1 г содасы бар, 38-4º С температурадағы, ерітіндідегі жеке ыдыста жібітеді.

Жібітуге жүн жуылған ерітіндіні пайдалануға болады. Төменгі сортты және қилы жүнді 4 сағаттан көп уақыт аралығында ластануды жеңілдету үшін салып қояды. Жібітуді бір ыдысқа бірнеше үлгіге жүргізуге болады, ол ұяшықтарының көлемі 1-2 мм капрон торға салу арқылы жүзеге асады.

Үлгіні жуу алдында қолмен қысады, ал жібіту ерітіндісі бачоктағы торлы карзинаға өтеді. Үлгіге барлық бүлінген жүн талшықтары мен клочки кіреді.

Үлгілерді жіберуін 5-6 мин аралығында 5 бачокта жуады және шаяды. Биязы және биязылау жүнді 1 л суда 3 г сабын және 3 г содасы бар сабын-содалы қоспада, ал ұяң және қылшық жүнді 3 г сабын және 2 г содасы бар қопада жуады. Бірінші, екінші және үшінші бачоктарға 15-20 л қоспадан құяды. Төртінші ыдысқа жылы су, бесінші бачокқа – бөлме температурасындағы суды қояды. Қоспа температурасы үлгілерді жуу үшін келесідей:бірінші 40-45º С, екінші және үшінші 48-50º С; ал төртінші бачоктағы су темперасы – 38-40; бесіншіде 20-25º С.

Үлгілерді жуу үшін шаруашылықтық немесе 40 проценттік сұйық сабынды және кальциленбеген соданы пайдаланады. Егер жууға басқа май қышқылдары бар сабынды пайдаланса, онда жууға арналған қоспа дайындағанда сабын салып өзгерту қажет.

Мысалы 60 проценттік сабынды 1 л суға келесідей есеппен салу қажет:

Жұмыс жағдайын жақсарту үшін, көбінесе сабын содалы қоспаның жоғарғы көлденең трациясын алады. Қоспа көлденең трациясын 30 есе арттырады, яғни 10 л ыстық суға 900 г сабын және 600 г содыны ерітеді.

Сабын – содалы қоспаның орнына жүн жуу үшін синтетикалық жуу заттарын (әмбебап немесе тоқылған өнімдерге арналған) 1 л суға 2 г концентрацияда пайдалануға болады.

Негізгі және қосымша үлгілерді торлы карзиналарға бірінен соң бірін жуады. Бір бачоктан келесісіне жүн үлгілерін карзиналармен бірге ауыстырады. Қоспадан карзинаны алып шыққан соң, үлгіні мұқият соғады, содан кейін ғана осы карзинамен келесісіне салады. Төрт (200 г) немесе 8 үлгі (100 г) үлгі жуылған кейін бірінші және екінші бачоктағы қоспаны құйып алады, ал үшіншідегі қоспаны бірінші бачокка құяды. Екінші және үшінші бачоктарға үшінші қоспа құйылады. Төртінші және бесінші бачоктардағы суды ластануына қарай ауыстырып отырады.

Үлгілерді жуып, шайғаннан кейін, ондағы ірі ошағандарды ажыратады. Ал шөп – шаламды жүн талшықтарын жұлып алынбайтындай етіп, ақырындап тазалайды.

Жуылған жүн үлгісінде ст 25590-83 сәйкес 1 процент өсімдік арамшөптің 1процент май қалдықтары және 1процент минералды қоспалардың болуына рұқсат етілген. Жуу сапасын бақылау, органолиптикалық әдіс бойынша жүргізіледі. Нақты бақылау болу үшін бірнеше жуылған үлгілерді шаруашылықта негізінен республикалық немесе аумақтық жүн зертханаларға жіберуі тиіс.

Жүн үлгілерін арамшөптерден тазартқаннан кейін, оны тұрақты құрғақ салмағын анықтайтын кондициялық аппаратқа немесе осы мақсатта пайдаланылатын: ГПОШ-2м, ЦС-53Б,ЦС-153-1 немесе зертханалық пресс ПЛФ-10 аппараттар береді.

Зерханалық процесс ПЛ-Ф-10 және ГПОШ-2м, ЦС-53А, ЦС-53Б гидроаппараттарын пайдалану жуылған және ылғалды жүн үлгілерін тұрақты қысыммен, манометрмен тіркеу арқылы сығуға негізделген. Осындай қысыммен жүн үлгілерін сыққанда белгілі бір мөлшерде ылғал қалады., соның салдарынан үлгі салмағы оның құрғақ салмағы арасында арақатынас пайда болады.

Үлгінің құрғақ салмағын оны гидроаппаратта қысқаннан кейінгі салмағына көбейту арқылы немесе лабораториялық престегі сәйкес келетін коэффициент арқылы анықтайды.

ГПОШ-2м, ЦС-53А, ЦС-53Б аппараттарында жүннің құрғақ салмағын анықтау үшін бекітілген коэффициенттер келесідей:бір текті жүн үлгілері үшін (биязы,биязылау)-71, әр текті )ұяң, қылшық( жүндер үшін, оған каракуль және құйрықты қылшық жүндер кірмейді -70 және каракуль мен құйрықты қылшық жүнді қой малдары үшін 68; зертхананың ПЛ-ф-10 пресі үшін біртекті жүндерде – 70. Ал әр текті жүндерде -69;

ПЛ-ф-10 зертханалық пресі мен ГПОШ – 2м, ЦС-53А, ЦС-53Б гидроаппаратының жұмысын жыл сайын тексеріпотыру қажет. Ол үшін қойды қырқу алдында 5 үлгіні жуу қажет және тексерілетін пресе немесе аппаратта құрғақ салмағын анықтау қажет, одан кейін осы үлгілерді құрғақ салмаққа дейін АК-2 немесе ЦС-153-1 аппараттарында кептіру қажет. Егер шаруашылықта аталған кептіргіш аппараттар болмаған жағдайда, жуылған сығылған (тексерілетін аппаратта) және өлшенген үлгілерді республикалық немесе зоналық жүн зерттеу зертханасына жіберіледі. Онда жүнді тұрақты құрғақ салмағына дейін кептіріп, нәтижесін жіберушіге хабарлайды. Кордициялық аппараттағы нәтижесі тексерілетін аппараттан алынған шығымнан -/+ аспауы керек.

1 Тапсырма. Үлгінің тұрақты құрғақ салмағын анықтаңыздар.

Жуылған биязы жүн салмағы гидроаппаратта сығылғаннан кейін 102,4 г тең. Оның тұрақты құрғақ салмағын (р) келесідей анықтайды:

Таза талшық шығымының процентін АК-2 және ЦС-153-1 аппаратында ЦС-182 құралы бар кондициялық аппаратта келесі жолмен анықтайды: жүнді тұрақты құрғақ салмағына дейін 105 - 110°С температурадағы ыстық ауа ағымында кептіреді. Кептіру алдында жуылған үлгі ЦС – 182 құрылысында немесе кез-келген гидроаппаратта немесе зертханалық престе сығымды тиіс. Сығылғаннан кейін үлгіні кептіргіш аппарат контейніріне орналастырады.

ЦС-153-1 аппаратында биязы және биязылау жүн үлгісін 6мм ішінде, ал ұяң және қылшық жүн үлгісін – 8 мин кептіру қажет. Кептіру уақытыны өткеннен кейін аппарат автоматты өшеді де, контейнер фиксатордан (бекігіштен) босатады, үлгінің тұрақты құрғақ салмағын анықтау үшін 0,1 дәлдікке дейін өлшейді. Өлшеуден кейін контейнірді кептірілген үлгімен алып тастайды да, камераға контейнерді келесідей үлгі де орналастырады.

Жұмысты бастамас бұрын кептіру аппаратының құрылымын таразы дәлдігін күнделікті тексеріп, аппарат камерасының температурасын 105-110°С жеткенше буландырады.

Тұрақты құрғақ салмағын қалыптастырғаннан кейін барлық жүн түрі үшін 17% тең кондициялық ылғалдылық нормасын есепке ала отырып шығымын анықтайды.

Таза жүннің шығымының (х) мына формула бойынша есептейді:

р – жүн үлгісінің тұрақты құрғақ салмағы, г;

Н – кондициялық ылғалдылық нормасы, %;

А – жуылмаған күйдегі үдгінің алғашқы салмағы, г.

Мысалы, биязы жүн үлгісінің тұрақты құрғақ салмағы – 72,7г, жуылмаған үлгі салмағы – 200г, жуылған талшық шығымын формула бойынша анықтаймыз:

Жуылған талшық шығымын, негізгі және параллель үлгілер бойынша жеке анықтайды. Нақты шығым екі үлгі нәтижесі бойынша арифметикалық орташасы. Таза талшық шығымын жүнді сату кезінде ондық бөлікке дейін дөңгелектеп есептейді. Жуу нәтижесін арнайы үлгідегі журналған жазып отырады.

Таза жүн шығымын анықтау үшін есеп жүргізу журналы ________________________________________________ шаруашылық аты______________жылы

Есептеу мысалы, биязы жүнді қой отарынан 5000 кг класы, клас тармағы, жағдайы және сорты әр түрлі меринос жүні алынған.

Ең алдымен таза жүн салмағын класы, кластармағы, жағдайы және сортын формула бойынша жеке анықтайды:

мұнда: а – жуылмаған жүн салмағы, г.

Таза талшықтың отар бойынша орташа шығымы берілген мысал бойынша:

3.4.1 кесте - Бір отардағы биязы жүнді қой жүні

1 Тапсырма. Гидроаппараттағы сығылған үлгілердің тұрақты құрғақ салмағын анықтау:

Биязы жүн – 108,6 г; 93,5 г.

Ұяң жүн – 158,9 г; 167,1 г.

2 Тапсырма. Жүн үлгілерінің таза талшық шығымының процентін анықтаңыз. Егер ЦС-53А аппаратында жүнді жуып, сыққаннан кейін оның салмағы:

Биязы жүн – 103,8 г; 97,3 г.

Биязылау жүн – 169,5 г; 172,2 г. Тең болғанда.

3 Тапсырма. Солтүстік қазақ меоиносының ересек саулықтар отар 620 бас, олардан 2850кг кір жүнді қырқылды, отар бойынша қырқылған орташа таза талшық шығымын анықтаңыз.Егер:

1 класс 1 1 класс тармағы – 650 кг , шығымы 42,4% қалыпты;

1 класс 1 класс тармағы ластанған 1- 480 кг шығымы 42,0%

II класс 1 класс тармағы қалыпты - 890 кг шығымы 41,0%

II класс 1 класс тармағы ластанған - 390 кг шығымы 40,4%

III класс қалыпты – 270, кг шығымы 38,2%

Қиқымдалған - 150 кг, шығымы 32,0%

Қи – көңді - 20 кг, шығымы 12,6%

Анықтау керек:

Отар бойынша таза жүн көлемін,

отар бойынша таза талшық шығымының процентін;

Бір бастан қырқылған орташа кір жүнді;

Бір бастан қырқылған орташа таза жүнді.

Бақылау сұрақтары.

  1. Таза жүн шығымы процентінің маңызы.
  2. Таза жүн шығымына әсер етуші факторлар.
  3. Қой отары бойынша таза талшық шығымын анықтау әдістемесі (жабағы мен үлілерді сұрыптау, тұрақты құрғақ салмақты анықтау,таза талшық шығымын есептеу).
  4. Жуылған жүн үшін ылғалдылықтың қандай нормасы қалыптастырылған?
  5. Жүн ылғалдылығы қандай аппарат көмегімен анықталады.
  6. Неліетен биязы жүнге қарағанда қылшық жүннің таза талшық шығымы жоғары болып келеді.