Ешкі жүні мен түбітін кластау


Сабақ мақсаты. Ешкі жүні мен түбітін дайындау стандарты мен техникалық жағдайына сәйкес кластап үйрену.

Әр түрлі тұқымды ешкі жүні атауына байланысты: біртекті 1 және 2 топ, түсі мен жағдайына байланысты әртекті ұяң және қылшық болып бөлінеді.

Біртекті 1- топ – жүн түсі ақ, жылтырлығы бар, құрылымы – тұлымды, негізінен аралық талшықтан тұрады, ұзындығы 10 см-ден кем емес.

Біртекті 2-топ-жүн түсі әр түрлі, жылтырлығы әлсіз, иректілігі де әлсіз, құрылымытұлымды, көбінесе аралық талшықтан тұрады. Қысқа қылшық өлі және құрғақ талшықтар кездеседі, түбіті аз мөлшерде.

Жүнді советтік ешкі буданымен ұяң жүн – жүн әлсіз жылтыр, иректілігі әлсіз, құрылымы тұлымды, ұзын түбіттен, аралық талшықтан және қылшықтан тұрады. Жүн түсі көбінесе – ақ..

Түбітті ешкі мен ұяң және олардың будандары – жүн толқынды иректі, құрылымы тұлымды, ұзын аралық талшықтан, ұзын түбіттен және қылшықтан тұрады. Түбіт мөлшері жүн салмағының 40%-нен аз емес. Жүн түсі көбінесе – сұр.

Жартылай түбітті қылшық – тұлымды құрылымды әртекті жүн, ірі қылшықтан, түбіттен ( жүн салмағының 25 - 40 % дейін) және өлі талшықтан тұрады.

Ірі қылшықты – жүн әр текті, тұлымды құрылымды, ірі қылшықтан, түбіттен ( 25 %-тен төмен) и өлі талшықтан тұрады.

Ешкі жүні класқа жіктелмейді. Түсі бойынша ешкі жүні біртекті, ақ, ашық – сұр және түрлі – түсті болып бөлінеді. Жағдайына байланысты қалыпты және арамшөпті болып бөлінеді.

Ешкі жүні атауына байланысты: оренбургты, түбітті, қылшықты - ангор болып ажыратылады; класына, жағдайына және түсіне байланысты.

Ешкі түбіті алу әдісіне және қылшық мөлшеріне байланысты кластау кезінде келесідей төрт класқа бөлінеді:

1 класс (1 тару) – қылшықты тарау арқылы түбіт салмағынан 10 % -тен көп емес мөлшерде алады. Кездейсоқ өлі талшықтар рұқсат етіледі.

2 класс (2 тарау) – қылшық талшықтары түбіт салмағының 10 тен- 20 % -ке дейін құрайды.

3 класс (джебажды) –қырқу немесе тарау арқылы алады, қылшық талшығы түбіт салмағының 20 дан 40 % -не дейінгі мөлшерін құрайды.

4 класс (джебажды) – қылшық талшығы түбіт салмағының 40-тан 60 % -ке дейінгі мөлшерді құрайды.

Ешкі түбіті жағдайына байланысты және арамшөпті болып бөлінеді.

Тапсырма. Үлгілер бойынша ешкі түбітін кластап үйреніңіз.

Бақылау сұрақтары.

  1. Ешкі түбітін кластау ерекшелігіндегі айырмашылық.
  2. Ешкі жүніне мінездеме.
  3. Атауына байланысты ешкі жүні мен түбіті қалай бөлінеді.
  4. Жағдайына байланысты ешкі жүні мен түбіті қалай бөлінеді.
  5. Түсі бойынша ешкі жүні мен түбіті қалай бөлінеді.