Тондық және мехтық қой терісі


Сабақ мақсаты. Мехтық шикізаттың негізгі түрлері және кәсиеттерімен танысу, оларға зоотехникалық баға бері.

Мехтық шикізатқа тондық, мехтық қой терісі және елтірі жатады.

Қой терісін үш топқа: тондық, мехтық және былғалырық деп бөлінеді.

Тондық қой терісін қылшық жүнді қой малдарын сойған кезде алады. Қой терісінің жылулық қасиеті оның шел қабатының тығыздығы мен мықтылығына, мех ұзындығы мен қоюлығына, түбіт пен қылшық арақатынасына байланысты. Жеңілдігі шел қабатының жіңішкелігіне, жүн жіңішкелігіне, мехтың оптималды тығыздығы мен ұзындығына, шайырдың аз түзілуіне негізделген.

Топтық жіңішкелігіне қой терісін үш түрге бөледі: романдық, орыс және далалық.. Романдық қой терісін романдық қой тұқымынан өндіреді; орыс қой терісін – құйрықты және елтіріні қой тұқымынан басқа барлық қылшық жүнді қой тұқымынан ал далалық қой терісін – құйрықты және елтірі қой тұқымдарынан алады.

Мехтық қой терісін жүн жабынының сапаы бойынша: биязы, биязылау және ұяң деп бөлінеді. Тондық қой терісі шығарылған ауданына қарай орыс және далалық болады. Қой терісінің көлемі 18 дм-ден кем болмауы керек.

Мехтық биязы жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, жіңішкелігі мен ұзындығы тең, штапель құрылымды. Жас мал терілері үшін штапельдің сыртқы бөлігінің ұштарына ластану рұқсат етіледі.

Мехтық биязылау жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, штапель құрылымды, орташа немее ірі иректілігі бар. Қой терісінің шеткі және аяқ аймақтарына штапель – тұлымды құрылым рұқсат етіледі. Терінің барлық аумағында өсіп кеткен қылшық талшықтары кездеседі.

Мехтық ұяң жүнді қой терісі. Жүн жабыны әркелкі аралас, штапель – тұлымды құрылым. Қой терісінің шеттерінде будандастыру (метизация) белгілері байқалса ол тондық теріге жатқызылады. Будандастыру белгілері тері шеттерінде бар болса қой терісі жүні тұлымды құрылымды.

Тондық – орыс қой терісі. Жүн жабыны әркелкі, көбінесе толқынды, тұлымды құрылымды. Өлі және құрғақ талшықтар кездеседі. Жүн ұзындығы 1,5 см –ден жоғары.

Тондық – далалық қой терісі. Жүн жабыны тұлымды құрылымды, түбіт және қылшық талшықтарынан тұрады. Жүн ұзындығы 1,5 см-ден жоғары. Далалық қой терісін қылшық жүнді құйрықты қойлар мен ересек қаракөл қойларынан өндіреді. Қой терісін жүн жабынының ұзындығына байланысты:жүнді, жартылай жүнді және төмен жүнді деп жіктейді. Мехтық қой терісі жүнінің ұзындығы 0,5 см-ден төмен болса, голякқа жатқызады, яғни стандартқа сай емес тондық қой терілерінің жүн ұзындығы шерсти 1,5 см және одан төмен болса, былғары шикізатына жатқызылады.

Былғарлық қой терісі – бұл талдық нехтық қой терісі, бірақ жүн жабыны жағдайында ірі кемшіліктер болады немесе жүн өте қысқа жүн өте қысқа 2,5 см – ден төмен қой терілері тондық немесе мехтық өнімдер өндіруге жарамсыз болып табылғандықтан, былғары зауыттарына былғары өнімдері үшін жіберіледі.

Тондық және мехтық қой терілерін сорттау кезінде алдын ала оларды жүн жабынының биіктігіне байланысты топтарға бөлінеді (4.1.1 - кесте).

4.1.1 кесте. Тондық және қой терісін сорттау

Қой терілері жүнді Жартылай жүнді Төмен жүнді
Тондық 6-дан жоғары 2,5-6 2,5 және одан төмен
Мехтық 5-тен жоғары 2,0-5 1-2

Мех ұзындығын штапель немесе тұлымның жазылған күйінде, қой терісінің бір жақ бөлігінен өлшейді. Тері аумағынан оның ұзындығы мен енін өлшеп, алынған мәліметті көбейту арқылы анықтап, квадрат диаметрмен көрсетеді. Ақаулары үшін шартты бірліктер бекітілген (4.1.2-кесте).

4.1.2 кесте. Ақаулары бағалау шартты белгілері мен тізімі

Қой терісі ақаулары Қой терісі
Мехтық тондық
Қырылған орын, қатты қырқылған, қасқа 1 1
Жыртылу 1 1
Тесік, жара орындары 1 1
Болбыраған жүн 2 1
Жүннің жіңішкеруі 1 2
Ет пен май кесінділері 1 1
Сорты Ақау бірліктерінің саны
Негізгі аумақта Бөлік шеттерінде
I - 2
II 1 2
III 5 1
IV III сорт талаптарына сәйкес емес

1 Тапсырма. Тондық және мехтық қой терілер жиынтығын пайдалана отырып, дайындау стандартына сәйкес тондық және мехтық қой терілеріне мінездеме беріп, оларды сорттарға бөліңіз. Нәтижесін 4.1.3. кестеге толтырыңыз.

кесте. Тондық, мехтық және былғарылық қой терілеріне мінездеме.

Қой терісінің номері Қой терісінің типі, тобы аумағы, кв.дм Шел қабатының мінездемесі Мех ұзындығы, см Мех сипаттамасы Түбіт пен қылшық ара қатынсы Мех түсі Мехтің жибектігі Терінің сорты Тері қай қой тұқымынан алынған получена овчина

Бақылау сұрақтары:

  1. Мехтық шикізаттың негізгі түрлерін атаңыз.
  2. Мехтық шикізат қасиеттері жөнінде айтыңыз.
  3. Мехтық теріні зоотехникалық бағалау принциптері.