Қаракөл мехтық шикізаты


Сабақ мақсаты. Қаракөлдің негізгі түрлерімен танысу және қаракөл терісі аймақтарын ажыратып үйрену.

Қаракөл қойлары әдемі де мықты тері елтірі өндіретін қозыларымен кең көлемде әлемге танымал болды.Қаракөл қойларынан сонымен қатар майлы сүт алынады. Еті жақсы, тамаққа пайдаланылады. Қаракөл қойларының терісі мен жүні дөрекі (ірі). Жүнін кілем мен ірі жіп өндіруде пайдаланылады. Қаракөл қойларының ірі – аналықтары орташа 40-48 кг, аталықтары 48-80 кг. Қаракөл қойларының 1-3 күндк қозыларынан шешілген теріні қаракөл деп атайды. Кейде қаракөл қойлары қозыларының иректілігі өсіп туады. Ал, 3-10 күндік жаста қозылардан шешілген теріні кавказдык сорт деп атайды. Көбінесе, еркек тоқтылардың барлығын сояды да, тек өте жақсыларын асылдандыруға қалдырады, жыл сайын бір жылда алынған төлдің жартысын ғана құрап отырады.Қаракөл терілерінің маңызы ерекшеліктеріне: шаш жабынының әр түрлі иректілікте болуы; тері ұлпасы тығыз; негізі жалпақ және құйрық соңына қарай қысыңқы; басы ұзындау; аяқ жүндері иректілігін жатқызуға болады. Терісі құны мен сорты оның иректілік формаларына байланысты. Қаракөл иректілігін тығыздығына қарай жіктеудің 3 тобы қабылданған: бағалы, аз бағалы мықты. Құнды иректілік түріне: валек тәрізді (жартылай дөңгелекті), бұршақ тәрізді немесе дөңгелектелуі қысқа орташа жалпақтықта және гривки жатады. Аз бағалы иректілікке:сақиналы, жартылай сақиналы, бұршақ; ал мықты түріне – штопор тәрізді, орайлы, деформацияланған және ұлу тәрізді бұйралар ласы қатысты. Валек – көп немесе аз мөлшерде ұзын жолақты жабық бұйра.

Бұршақ – қысқартылған валек тәрізді қысқа 12 мм дейін жалпақ жолақты жабық бұйра, бұршақ дәніне ұқсас болады. Гривки – бұйра тең ортасынан үшкір бұрыш болып орналасқан. Сақина, жартылай сақина – шаш аймақтары домалақ және жартылай домалақ пішінде, жанынан бұйраланған және жоғарғы жағы ашық.

Тұлым, бір жағынан бұйраланған, бинтке ұқсас, жоғарғы жағына қарай диаметрі аз және оны штопор деп атайды. Тұлымның жоғарғы жағы түйіншектеліп бұйраланған, оны бұршақты деп атайды. Ласы – бұл тегіс, бұйраланбаған шаштармен жабылған аймақ.Қаракөл қойларының шаш жабынының сапасы жасына байланысты өзгереді, сондықтан оларды: қаракөлше, қаракөл,яхобаб, трясок, қылшық тері қой терісі деп бөледі. Қаракөлшеші буаз саулық өлген жағдайда жатырынан алынған қозыдан алады немесе туу уақытынан бұрын ауыр жарақаттанған дұрыс азықтандырмаудан немесе аяз шалған және т.б. жағдайларда туып қалғанда алынады. Голяк -3,5-4,5 айлық жастағы эмбрион терісі. Голяктың шаш жабыны өте қысқа. Яхобоб – өсіп кеткен қозы терісі, көбінесе 10 күндік жастан бір айға дейінгі қозылардан алынады. Ол қозы өлім – жетімге ұшырағанда және қозыны союға тура келген жағдайда алынады. Яхобобтың тері ұлпасы ауыр,бұйрасы биік, сондықтан оны көбінесе арзан бағаны ер және әйел адам пальтоларының жағаларына салады. Трясок – 1-4 айлық қозы терісі.

Теріні бағалау үшін:елтірінің шел қабатын, аумағын, түсін және елтірінің кң құнды болып табылатын, әр түрлі көрсеткіштердің ішіндегі 1-сі иректілік пішінін формасын бағалау қажет.

Елтірі аумағын оның ұзындығы мен елінің көрсеткіштерін көбейту арқылы анықтайды.

Шел қабатының сапасын созып және қатпарларын өлшеумен анықтайды. Шел қабаты тығыз, мықты және жіңішке болуы талап етіледі. Қалың болбыр шел қабатының бұйрамының әдемілігн бұзады, ірі, болбыр, жылтырлығы әлсіз көрінуімен байланысты.

1 Тапсырма. Әртүрлі топтағы және сорттағы номерленген елтірі жиынтығын, альболдарды, сызылғыштарды пайдалана отырып, бірнеше қаракөл елтірілеріне сипаттама беріңіздер, олардың тобы мен сортын анықтап, мәліметтерді 4.2.1-кестеге толтырыңыздар.

4.2.1 кесте. Қаракөл мінездемесі

Елтірі номері Елтірі аумағы түсі Бұйра типі Бұйра көлемі пішіні суреті бұйралануы қоюлығы жібектілігі Шел қабаты тобы сорты

2 Тапсырма. Қаракөл елтірі терісінің топографиясын анықтап, әр түрлі аймақтарын салу.

Бақылау сұрақтары

  1. Қаракөл деген не?
  2. Қаракөлше, голяк терминдерін түсіндіріңіз.
  3. Қаракөл бұйрасының әр түрлі пішіндеріне сипаттама беріңіз.