Қой еттілігін тірі кезінде бағалау


Сабақ мақсаты. Қойдың еттілігін тірі кезінде бағалап үйрену.

Арнайы жасалған (ВИЖ) әдістемеге (1978) сәйкес қой малының еттілігін бағалауды келесі шкала бойынша жүргізуге болады.

5.2.1 кесте. Қой малының ет өнімділігін тірі кезінде бағалыу шкаласы.

Қойлардың еттілігін экстерьерлік балдық бағалаумен қатар дене тұрқы индексі: дене жалпақтығы, кеуде-жамбас және шоқтық биіктігінің артқы бөліктің жартылай орамына қатынасы мен сәйкестігі бойынша да бағалауға болады. Әсіресе, сүйектілік индексін дұрыс пайдалану қажет. Мәселен, қою жүн, қалың және болбыр тері алдыңғы сирақ ойпағына сүйек салмақтылығы көрінісін береді, ол жалаңаш сирақты малдарда керісінше тығыз терілі сүйек өте жұқа болып көрінеді.

7 және 18 айлық ересек тоқтылардың ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері мен дене өлшемдері арасындағы байланысты білу негізінде келесідей корреляциялық коэффициенттер бекітілген.

5.2.2 кесте. Еркек тоқтылардың ет өнімділік көрсеткіштері мен өнімдер корреляция коэфициенті.

Жеті айлық жаста ет өнімділігі көрсеткіштерімен (сояр алдындағы тірі салмақ, ұша салмағы, сұрлы ет, сүйек) шоқтық биіктігі, сербек ені және дененің қиғаш ұзындығы аралығында фенотиптік корреляция неғұрлым жоғары.

Ал 18 айлық жаста салыстырмалы түрде жоғары байланыс еттіліктің ненгізгі көрсеткіштері мен кеуде өлшемдері арасында байқалады. Сол корреляция коэффициенттерінің жоғарылуы немесе төмендеуі жасқа байланысты әр түрлі ұлпалармен мүшелердің біркелкі емес интенсивтілікте дамуымен түсіндіріледі. Сондықтан нақты бір жаста малдың ет өнімділігін сипаттайтын өлшемдер болса, басқа жаста басқа өлшемдермен сипатталады.

Тірі салмақ пен ұша салмағы (r=0.87), тірі салмақ пен сұрлы ет. (r=0.85) тірі салмақ пен сүйек (r=99) аралықтарына дұрыс жағымды корреляция коэффициенттері қойылған.

Етті-жүнді қой тұқымдарында тірі салмақ: дененің қиғаш ұзындығы және кеуде орамы өлшемдерімен, тығыз байланысты. Корреляция коэффициенті кеуде орамы мен тірі салмақ арасында 0,78, ұша салмағында 0,77, сүйекті ет салмағы арасында 0,60 құрайды.

Малдың тірі кезінде еттілігін бағалау, атап айтсақ, ұшаның сойыс шығымын анықтау үшін, жинақылық (компактность) (ж) индексін пайдалануға болады:

Ж=тірі салмақ х 100:дененің қиғаш ұзындығы х кеуде орамы)

Қойлардың қоңдылығын бұлшық еттің дамуы мен асты майының жиналуы бойынша көзбен немесе ұстап көру арқылы анықтайды.

5.2.3 кестеде малдың қоңдылығы мен прекос қой тұқымының тірі салмағы мен сойыс салмағы арасындағы тығыз байланыс көрсетілген.

5.2.3 кесте. Малдың қоңдылығы мен прекос қой тұқымының тірі салмағы мен сойыс салмағы арасындағы тәуелділік.

Ұшаның мұндай сапалы мінездемесі сойыс үшін малдың жастық, жыныстық және тұқымдық ерекшеліктерін ескермейді.

Ең жоғары сапалы қой етін 9 айлық жас малды сою арқылы алуға болады; ұша салмағы малдың жасына байланысты 12-23 кг-ды құрайды.

«Бұлшықет көзшесі» асты май қалыңдығы 2 мм-ден төмен емес және 5 мм-ден аспауы керек; ұшаның бір жағындағы май қалыңдығы 12-ші қабырғада 8-10 мм-ді құрайды; Ол ұшадағы майдың түзілуі 24-26%, сүйек 20%-ке дейін болады.

Ұшаның морфологиялық құрамы қойдың тұқымына, жынысына,жасына және қоңдылығына байланысты. Қозы ұшаларында ересек малға қарағанда ет пен май аз, сүйек көп болады. Мал қондылығы жоғарылаған сайын май мен ет бөлігі жоғарылайды да, сүйек салмағы азайады. Қондылығы орташа малдың ұшадағы май түзілуі ортадан төмен қоңдылықтағымен салыстырғанда мөлшермен 2 есеге артық болса, ортадан жоғарыда ол 3 – еседен жоғары мөлшерде артық. Сол уақытта неғұрлым құнды арқа – жамбас және артқы бөлік, кеуде бөліктерінің шығымы артады.

Қой етінде 53-72 % - дейін су, 28-47 % дейін құрғақ заттар болады. Қой қондылығы жоғарылаған сайын құрғақ зат, әсіресе, белок пен май көлемі артады. Ұшадағы майдың артық мөлшері көп сұранысқа ие болмай қалады.(5.2.4. кесте).

5.2.4. кесте. Қой малының етінің химиялық құрамы.

Еттің химиялық құрамы мен бұлшықеттің салыстырмалы салмағы арасындағы жоғары корреляция (байланыс) белгілі бір дұрыстықта еттегі май мен белок түзілуін есептеуге, ұшаны бөлшектеу мен химиялық анализге орта үлгіні алмай – ақ, қуаттылығын білуге мүмкіндік береді. Арқаның ұзын бұлшықетінің көлденен қиылысу аумағы, ұшаның етті бөлігінің шығымы жоғары болатындығы анықталған дұл көрсеткіштер арасындағы корреляция коэффициенті 0,62 – 0,92 тең. «Бұлщықет көзшесінің» көлденең қиылысын ұзын бұлшықет аймағына жіберу көмегімен, малдың оң жағындағы бірінші бел омыртқасының көлденен сабағынан анықтайды. Инені көлденен – қабырғалық омыртқа сабағының түбіне дейін енгізу қажет. Бұл – «бұлшықет көзшесі» тереңдігінің көрсеткіш. Оның енін сызғыш көмегімен бірінші бел омыртқасы сабағының өстік шетінен көлденен – қабырға сабағы аяқталатын ұзын бұлшықет шетіне дейін анықтайды. Ені мен ұзындығының көбейтіндісін «бұлшықет көзшесі» аумағын береді.

Қойдың прекос ұқымы үшінжеке сүйектер салмағы мен қаңқа салмағы арасында жоғары корреляция анықталған. «Бұлшықет көзшесі аумағы» мен ұша салмағы арасындағы корреляция коэффициенті 0,975, ет салмағында 0,852, сүйек салмағы арасында – 0,825.

Еттің орта үлгісінің химиялық құрамы мен жеке бұлшықет салмағы қатынасы бойынша белгілі бір мөлшерде өзара байланыс бар.

1 Тапсырма. Бұлшықет салмағы мен еттің химиялық құрамы арасындағы корреляция коэффициентін есептеңіздер.

2 Тапсырма. Кесте мәліметтерін пайдалана отырып, қойдың тірі кезіндегі ет өнімділігіне баға беріңіздер.

Бақылау сұрақтары.

  1. Ұшаны бағалау қалай жүргізіледі?
  2. Қой еттілігін бағалауды қалай жүргізіледі?
  3. Қойдың еттілігін бағалау үшін корреляциялық байланыстарды білу қажет.