Қошқарларды шығу тегі бойынша бағалау


Сабақ мақсаты. Қошқарларды ата тегінің өнімділік және асыл тұқымдық сапасы бойынша бағалау принциптерімен танысу.

Асыл тұқымдық табындарды малдың шығу тегі мен шежіресін терең білмей, генетика-селекциялық жұмысын жүргізу мүмкін емес. Табынмен селекциялық жүмыс жүргізудің жоғарғы дәрежесі және басқа аталық іздерден асып түсуі, оның құрамындағы малдарда әсіресе, элита бөлімінде өнімділік және асыл тұқымдық сапасы ұнамды гендер концентрациясының болуынан көрінеді. Мұндай малдарды өзара шағылыстырғанда ұнамды өнімділік белгілері басым (доминантты) ұрпақ береді.

Әрбір организм ұрықталған жыныс жасушасынан дамиды, яғни ол алдын ала болатын ұрпақта даралардың дамуына ата-аналар организміне салынған генетикалық ақпараттар арқылы мүмкіндік береді. Сондықтан, асылдандыру жұмысында, атап айтсақ, таза тұқымды мал өсіруде, әсіресе, туыстық шағылыстыруда малдарды шығу тегі бойынша бағалау мен сұрытаудың маңызы зор.

Шежіре – асыл тұқымды малды қосымша сұрыптаудың негізі ретінде және селекционер үшін оның ата-тегі жөнінде толық мәлімет алуына ықпалын тигізеді. Малды бағалау үшін, әсіресе, шығу тегі бойынша тәжірибелік қызығушылықты оның әке-шешесі және шежіредегі Екінші және үшінші қатардағы оның туыстарынан бастайды. Басқа туыстарына қарағанда әке-шешесі жөніндегі мәліметтер маңызды.

Екінші қатарлы туыстарының да ұрпақ өнімділігіне әсері айтарлықтай, бірақ біріншіден қарағанда сәл төмендеу. Ал, шежіредігі үшінші және одан кейінгі қатардағы туыстарының әсеріқатты ьілінбеідң. Кей жағдайларда олар көрінуі мүмкін. Сондықтан малдарды шығу тегі бойынша сұрыптағанда тек қана жақын туыстарын ғана емес, шежіресін толық қарастырған жөн.

Неғұрлым ата-тегінің өнімділігі жоғары дәрежеде болса, сұрыталатын мал өнімділігі соғұрлым жоғары болатындығына сенім мол болады. Шығу тегі бойынша малды сұрытауда өте жақсы малдарды таңдау - өте жақсы малдардан нақты табын құру үшін жүргізіледі

Шығу тегі бойынша сұрыптау мен бағалаудың негізгі жұмысшы материалдарына заводтық кітаптар, асыл тұқымды карточкалар, куәліктер және басқа да малдың шежірелері тіркелетін асыл тұқымды жұмыс жазбалары жатады.

Малдың шығу тегінің белгілі формадағы жазбаша түрін шежіре деп атайды. Шежіре формалары әр түрлі болады. Оның көп тараған түрі келесідей:

Шешесі Әкесі
ШШ ӘШ ШӘ ӘӘ
ШШШ ӘШШ ШӘШ ӘӘШ ШШӘ ӘШӘ ШӘӘ ӘӘӘ

Бірінші қатарға ата-анасы, екіншісіне-апасы мен атасы, үшіншісіне – апа – атасының әке-шешесі жазылады. Шежірісінің сол бөлігі – шешесі, оң бөлігі – әкесі.

Арғы тегін зерттегенде әке жағынан өнімділігіндегі өзгерістерге қалай мән берсе, шеше жағын да солай қарастыру қажет. Егер малдың ата тегінде алыс туысарынан жақындаған сайын өнімділігі жқғарлай түссе ол құнды болып саналады. Сонымен қатар, малды шығу тегі бойынша бағалағанда оның белгілі бір аталық із бен аналық ұядан тарағандығы ескеріледі. Әсіресе, шежіресінде чемпиондар мен рекорттар кездессе, ол мал жоғары бағаланады.

Шежіре құндылығы, егер әке және жағынан сол көрсеткіштер қайталанса және белгілердің тұқым қуалауы нақтыланған байқалған жағдайда жоғарлайды. Шежіреге ұрпағының сапасы бойынша және жоғары бағаланған ата тегі бар малдар неғұрлым қажет.

Малдарды шығу тегі бойынша бағалағанда тек қана оның туыстарының өнімділігін ғана емес, шежіріесіндегі өнімділік және асыл тұқымдық сапаларының сәйкестігін ескере отырып, жұ таңдау нұсқасын шағылыстыру типіне әсерін қарастырады. Шежіре бойынша бағалау, асылдандыру жұмыстарының нақты міндетіндегі, сол шаруашылық өсіретін қой малдарының өнімділік дәрежесіндегі малдарды сұрыптау болып табылады. Бірақ, кей жағдайларда, сыртқы орта әсерінен сандық белгілер зор модификациялық өзгерістерге ұшырап, шығу тегі бойынша бағалау дұрыстығын төмендетеді.

Сондықтан, шежіре бойынша генетикалық бағалау ата-тегінің сапасы бойынша тұқым қуу қабілеттілігінің растығын анықтауға ғана әкеледі.

Тұқым қуу қабілеттілігін анықтау көбінесе, қошқарды ұрпағының сапасы бойынша бағалау мен алдында бағаланған барлық нәтижелер бойынша жүргізіледі.

1 Тапсырма. Шежірені негізге ала отырып, (МАК биязы жүнді советттік меринос қой тұқымы, 8 т) екі қошқардың қайсысының асылдандыру жұмысында бағалы екендігін анықтаңыздар.

№ 1032 қошқар

2 жаста, салмағы 92 кг, жүн қырқымы 14 кг, жүн қоюлығы «М», ұзындығы 9,0 см, 64 сапа, өсуі – қанағаттанарлық, класы – элита.

№ 1042 қошқар

4 жаста, тірі салмағы 102 кг, жүн қырқымы 14,2 кг, жүн қоюлығы «ММ», ұзындығы 8,5 см, 64 сапа, жүн өсуі жақсы, класы – элита.

2 Тапсырма. Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымының 5 қошқарына шежіресі бойынша баға беріңіздер.

Бақылау сұрақтары.

  1. Қой малдарының үш қатарлы ата-тегі бойынша шежіресінің сызбанұсқасын сызыңыздар.
  2. Шығу тегі бойынша бағаланатын малдың шежіресін қарап, шағылыстыру типін (туыстас немесе туыстас емес) қалай құрады?
  3. Шежіре бойынша жұп таңдау тиімділігі мен шаруашылық-пайдалы белгілердің ұрпақ бойынша позитивті берілетіндігін қалай анықтайды.
  4. Шежіресі бойынша қандай қой малдары өте жақсы деп саналады.
  5. Қой шежіресін анықтауға болатын құжаттарды атаңыздар.