Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау


Сабақ мақсаты. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша тексеруді ұйымдастыру жетістіктерін меңгеру.

Тексерілетін қошқарды 2,5 жастан кіші емес І класты, өзімен жасты саулықпен сшағылыстырады. Егер қошқарды содан кейін ІІ класты саулыққа пайдалануды жоспарласа, онда тексеруді аталған класс саулығына да жүргізуге болады. Әрбір қошқар ұрығымен таңдаусыз, сол уақытта бірдей сападағы 75-80 саулықты ұрықтандырады. Әр қошқардан негізгі бонитировкаға дейін (1 жасқа дейін) кем дегенде 30 бас бірдей жынысты төл алып, өсіруге әбден мүмкін. Мұндай жағдайда тексерілетін қошқардың асыл тұқымдық сапасын дұрыс бағалауға болады. Алынған ұрпақты жынысына (еркек және ұрғашы) байланысты жеке бағалайды, өйткені кейбір аталықтарда еркек жынысты ұрпақтарының сапасы жоғары болса, басқа аталықтародың ұрпақтарының ұрғашыларында жоғары болуы мүмкін.

Каракөл қошқарларын ұрпағының сапасы бойынша бағалауды алдағы уақытта да пайдалану жоспарланған саулықтармен жүргізеді. Әр қошқарға түсі және елтірі типі бойынша бірыңғай жұптау жүргізілсе 80-100 саулықтан, ал әр қилы болса 150-ден кем емес саулықтан бекітіледі. Тексерілетін каракөл қошқарларын ұрпағының сапасы бойынша каракөл заводтарында тері сорттағанда және туғаннан кейінгі жеке бонитировка нәтижесі бойынша бағалайды. Роман тұқымы қошқарларының асыл тұқымдық дәрежесін төлдерін туған кезде, енесінен бөлерде, 5-6 айлық жасында және 8-9 айлығында негізгі бонитировка уақытында бағалау арқылы анықтайды.

Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау нәтижесі белгілі бір дәрежеде оны өткізу әдщістеріне байланысты. Аталықтардың тұқым қуу қасиеттерін екі әдіспен бағалауға болады: қызы-шешесі, яғни, қыздарының сапасы мен шешелерін салыстырады; қыздары-құрдастары, бағаланатын аталық қыздарының орташа өнімділігін, басқа аталықтың құрдас қыздарының орташа өсімділігімен салыстырады. Сонымен қатар, кейде қой шаруашылығы мамандары тексерілетін әр түрлі қошқарларда алынған ұрпақтардың сапасы мен типін өзара салыстыруды пайдаланады.

Ата-ана ұрпақтарының генетикалық корреляцияциясы алыс туыстық топтан қарағанда жоғары. Бірақ, қызы-шешесі әдісі қой шаруашылығында кең қолданылмай келеді. Бұл жасқа түзету коэффициенті есебінің қажеттілігімен, яғни, егер қызы мен шешесінің өнімділіктерін бір және сол жылы салыстырса немесе күтіп-бағу мен азықтандыру жағдайлары әр түрлі болса, бірдей жастағы, бірақ әр жылдары алынған мал көрсеткіштерін салыстырумен байланысты. Көп жағдайда қажетті түзетулер мал өнімділігінің нақты көрінісін тұмандандырады немесе тіпті өзгертеді.

Биязы және биязылау жүнді қой тұқымы қошқарларын ұрпақтарының келесідей көрсеткіштері бойынша құрдастар әдісімен бағалау ұсынылады: элита және І класты малдардың тірі салмағы, бонитировка кезіндегі жүн ұзындығы мен жүн қырқымы, ұнамды титегі малдар бөлігі, қозылардың енесінене бөлу және бонитировкалау кезіндегі тірі салмағы. Сонымен қатар, қошқарлардың өзінің жыныстық белсенділігі мен ұрығының ұрықтандыру қабілеттілігін ескеру қажет.

Ұрпақтарының жүн өнімділігін жекелеп және таза (жуылған) талшықтан анықтайды. Осы бойынша жабағы құрылымы мен тығыздығын, талшық жіңішкелігі мен ұзындығын, жабағы мен штапель бойынша біркелкілігін, шайыр сапасы мен мөлшерін және т.б. бағалайды.

Қозылардың енесінен айырғандағы тірі салмағын бір аталықпен ұрықтандырған аналықтардан алынған, бірдей ұрпақтың орташа көрсеткіші бойынша анықтайды. Егер аналықтар әр түрлі аталықтармен шағылыстырылып, көп төлділігімен ажыратылса, онда ол көрсеткішке орташалау өзгеріс енгізбейді. Түзетуді ұрғашы- жалқы төл мен еркек жалқы төлдің орташа тірі салмағын ұрғашы-егіз және еркек егіз төлдердің орташа тірі салмақтарына бөлу арқылы анықтайды. Мысалы, № 425 қошқардан тараған ұрғашы жалқы төлдің енесінен ажырату кезіндегі орташа тірі салмағы 28 кг болса, ал ұрғашы-егіз – 25 кг болады, мұндай жағдайда түзету коэффициенті 1,12 (28-25) тең. Ұрғашы-егіздердің тірі салмағын осы коэффициентке көбейткенде, ол ұрғашы-жалқылардың тірі салмағына сәйкес келеді. Осы сияқты егіз төлдердің басқа да белгілеріне түзету коэффициенттерін енгізуге болады.

Ет өнімділігін бағалау үшін қозыларды бақылау бордақыға қойып, союды жүргізеді. Бордақыға енесінен ажыратылғаннан кейінгі (еркек) қозыларды әрбір тексерілетін қошқардан бес бастан кем емес мөлшерде, 45-60 күн ұзақтығында қояды.

Етті-жүнді қой шаруашылығында тексерілетін қошқар төлдерінің бақылау бордақыдағы мәліметтері бойынша 4-7 айлық жасында азық шығыны мен өсу энергиясын анықтау ұсынылады. Бұл жұмыстың мәліметтері нақты және сенімді болуы үшін, бірыңғай әдіс бойынша, мамандандырылған станция жағдайында жүргізген жөн.

Қошқардың көбею құндылығы ұрғашы туыстарының көрсеткіштері бойынша жалпылама анықталуы мүмкін. Сондықтан, қошқарлардың көбею көрсеткішіне қосымша бағалауды оның жартылай апайларының (полу сестер), ол нақты сын қыздарының төлдегіштігі бойынша жүргізу ұсынылады. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалағанда оның төлдегіштігімен қатар аналықты ұрықтандыру қабілеті және алынған төлдің туғаннан енесінен ажыратқанға және бонитировкаға дейінгі өміршеңдігі ескерілуі тиіс.

Қошқарлар неғұрлым маңызды селекциялық белгілері мен қасиеттерін ұрпақтарына беру дәрежесіне, яғни, асыл тұқымдық дәрежесіне байланысты келесідегідей категорияларға бөлінуі мүмкін: нақты жақсартқыштар, әр түрлі нақтылық критериі (td) +2 және одан жоғары; орташа (нейтральды) +1,9-дан -1,9 дейін; төмендеткіштер, әр түрлі нақтылық критериі 2 және одан төмен.

Асылдандыру жұмысының тәжірибесі қошқарларды шығу тегі және өз өнімділігі бойынша сұрыптауды олардың тұқым қуу қасиетін білмей жүргізу тиімсіз екендігін көрсетеді. Өйткені шежіре тұқым қуу қабілетіне толық сенімділік бере алдмайды, және фенотип әрқашан генотипте көріне бермейді. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау алғашқы әдістен қарағанда күрделірек және ол жалғастыру уақытын талап етеді, бағаланатын қошқардың 2,5 жасына келгенде аяқталады. Бірақ бұған қарамастан, қошқарларды нақты көрсеткіштері бойынша бағалау да, табынды жақсартушыларды өсіретін нақты әдіс болып табылады. Сондықтан, қошқарлардың асыл тұқымдық мақсаттағы соңғы сұрыптауы ұрпағының сапасын тексеру нәтижесі бойынша жүргізілетіндігі сөзсіз. Табынға асыл тұқымдық сапасы ұрпағының сапасы бойынша; жүн өнгімділігі – жуылған талшық көлемі бойынша, ал сапасы зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша анықталған қошқарларды пайдалану, табын өнімділігін жоғарылату мен тұқымды жақсартудағы маңызды фактор болып табылады.

Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалауды осы мақсатқа арнайы бөлінген І класты, бірдей жастағы (2,5 жастан жас емес), өнімділіктері ұқсас аналықтар мен жүргізеді. Аналықтардың күтіп-бағу мен азықтандыру жағдайы, бірдей жастағы нақты өнімділіктері ескеріліп, жеке бонитировкадан өтуі тиіс.

Қошқарларды тексеру үшін сондай мөлшерде саулықтар алынады, өйткені әрбіреумен 1,5 жасқа дейін 30-40-тан кем емес қозы өсірілуі тиіс. Әрбір тексерілетін қошқар ұрығымен жеке жұптаусыз бірдей уақытта бас саны бірдей саулықтарды ұрықтандыруға болады. әрбір қошқарға түсетін жүктеменің біркелкілігін бақылау үшін, ұрықталған саулықтар санына өсу қорытындысы бойынша күнделікті есеп жүргізіледі, ол әр қошқардан бірдей жастағы қозы алу үшін қажет.

Қошқарларды бағалау келесідегідей әдіспен жүргізіледі:

  1. Бонитировка нәтижесінде ұнамды типке жатқызылған – элита және І класты ұрпақтар саны бойынша;
  2. Құрдастар әдісімен - әрбір қошқар ұрпақтары өнімділігінің көрсеткіштерін бір отар саулық көлеміндегі тексерілетін барлық қошқар ұрпақтарының орташа көрсеткіштерін салыстыру арқылы немесе әрбір тексерілетін қошқар ұрпақтарының өнімділік көрсеткіштерін жалпыц отар бойынша алынған ұрпақтардың орташа көрсеткіштерімен салыстыру жолымен;
  3. «Қызы-шешесі» әдісімен - әрбір қошқар қозыларының өнімділік көрсеткіштерін шешелерінің орташа көрсеткіштерімен салыстыру арқылы;

Тексерілетін қошқарлардың асыл тұқымдық сапасын анықтағанда шаруашылық пайдалы сапасының негізгі критериінің жалпы көрсеткіші болып, олардың ұрпақтарының кластық құрамының мөлшері саналады, яғни, ұрпақтарының неғұрлым көбі элита және І класқа жатқызылса, тексерілетін қошқардың асыл тұқымдық құндылығы соғұрлым жоғары болады. Осыған орай қошқар ұрпақтарының 70%-дан астамы ұнамды типке жатқызылса, ол сапасы бойынша өте жақсы, ұрпағының 60-70% жатқызылса жақсы, ұнамды типті 50-60% құраса қанағаттанарлық, 50%-дан төмен болса – қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.

Құрдастар әдісімен бағалау кезінде ұрпақтары барлық тексерілетін қошқар ұрпақтарының орташа өнімділік көрсеткіштерінен немесе шаруашылықтағы барлық табын ұрпақтарынан асып түссе, ол қошқар – жақсартушы болып саналады. Егер, бағаланатын қошқар өнімділігінің көрсеткіштері отар бойынша алынған ұрпақтармен немесе барлық тексерілетін қошқар ұрпақтарының орташа өнімділік көрсеткіштерімен бірдей дәрежеде болса, ол қошқар нейтралды болады. Ал төмендеткіш болып, егер тексерілетін қошқар ұрпақтарының өнімділік көрсеткіштері салыстырылып отырған құрдастарынан төмен болған жағдайда саналады.

«Қызы-шешесі» әдісі кезінде қозылардың өнімділік көрсеткіштері шешесінің жасына жеткенде (бірдей жаста) салыстырылады. Егер қозылар шешесінің жасында өнімділік көрсеткіштері бойынша асып кетсе, онда қошқар жақсартушы ретінде бағаланады. Ал қозылары мен шешесінің өнімділік көрсеткіштері бірдей жастарында тең болса, қошқар нейтралды, егер қозылардың өнімділік көрсеткіштері шешелерінен төмен болса, қошқар – төмендеткішке жатқызылады.

Қошқарлардың тұқым қуу сапасын бағалау кезінде басты назарды негізгі селекцияланатын белгілердің көріну дәрежесіне, қойдың негізгі өнімділік бағытына аудару қажет және олардың тексерілетін қошқар ұрпақтарында жеке және топтық түзетужұп таңдауда көрінуі өте маңызды.

Нейтралды деп бағаланған қошқарлар арасында ең маңызды селекцияланатын жеке белгілердің болуына байланысты жақсартушылар да болуы мүмкін. Сондықтан студент жақсартушыларды ұрпақтарының жақсы көрінетін селекциялық белгілері мен меншікті салмағын анықтау арқылы ажырата білу қажет.

1 Тапсырма. Ұрпақтардың берілген мәліметтеріне өңдеу жүргізіп, ұрпақтарының сапасы бойынша 6 бас биязы жүнді қошқарды бағалаңыздар. (төлдер жөнінде мәліметтер «Практикумның» 129-134 беттерінде келтірілген).

6.4.1 Кесте. Ұрпақтарының сапасы бойынша биязы жүнді қошқарларкы бағалау ведомосы.

Бақылау сұрақтары.

  1. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау әдістері.
  2. Тексерілетін қошқарлардың ұрпақ сапасы қандай мәліметтер негізінде салыстырылады.
  3. Қошқарлар мен ұрпақтар ұқсастығы дәрежесін салыстыру техникасы.
  4. Қыз мен шешесінің өнімділік көрсеткіштерін қалай бағалайды?
  5. Тексерілетін қошқарлар төлінің сапалық және сандық көрсеткіштерін өңдеу техникасы.
  6. Қандай қошқарлар ұрпағының сапасы бойынша, бағалау мәліметтері бойынша ең жақсы болып саналады?