Сұрыптау эффектісін болжау


Сабақ мақсаты. Студенттерді селекциялық эффекті анықтау мен селекциялық дифференциалды есепке ала отырып малдардың селекциялық тобын құруды үйрету.

Сұрыптау түсінігі (ағылшын тілі — selection) бойынша берілген түр дараларының алдағы уақытта көбеюі үшін бір бөлігінің қалуы, ал қалғандарының жойылуы. Бұл үрдіске адам немесе табиғаттың әсер етуіне байланысты сұрыптауды табиғи және қолдан деп ажыратады.

Табиғи сұрыптау түрдің табиғатта сақталуына бағытталған, бұл сұрыптаудың нәтижесінде көбеюге берілген орта жағдайына неғұрлым бейімделген даралар қалады.

Қолдан сұрыптау адам үшін ұнамды белгілері бар малдарды бөліп алу мен көбейтуге бағытталған. Қолдан сұрыптауды пайдалану табиғи сұрыптаумен бір мезгілде өтсе, кедергі келтірмейді, бірақ ол табиғи сұрыптау мақсаттарына жауап бермейді, кейде, тіпті оған қарама-қарсы болады. Қой шаруашылығы мамандарының тәжірибесі бойынша бұл сұрыптау түрлерінің қатынасы жалпы мәдени саласы мен асылдандыру жұмысы жағдайына байланысты. Асылдандыру жұмысының дәрежесі неғұрлым жоғары болса және қой малдарын күтіп-бағу мен азықтандыру бойынша зооветеринарлық талаптар толық орындалса, соғұрлым табиғи сұрыптау қабілеттілігі аз болады және керісінше.

Қолдан сұрыптаудың ең қарапайым түрі — жаппай сұрыптау. Ол бойынша табыннан алдағы уақытта әрі қарай өсіруге арналған фенотипі бойынша өте жақсы малдарды қалдырып, стандарт талаптарына сәйкес келмейтіндерін – жарамсыздыққа шығарады.

Асылдандыру жұмысының қазіргі заманғы тәжірибесінде селекцияны 1-2 ғана емес бірнеше белгілер қатары бойынша жүргізеді. Сондықтан сұрыптауды қалай жүргізу керек және қандай малдарды асылдандыруға қалдыру керек деген сұрақ туындайды? Бұл сұрақтың жауабын малдарды селекциялық белгілері бойынша табуға болады. Олар: а) бірізділік (тандемді); б) дәрежесіне тәуелсіз; в) селекциялық индекс.

Бір ізділік (тандемді) сұрыптауда малдарды бірнеше ұрпақ бойы бір ғана белгісі, мысалы, жүн ұзындығы бойынша селекциялайды. Осыдан кейін ғана, яғни бұл белгі бойынша жоспарланған дәрежеге жеткен соң, келесі белгісі бойынша селекция жұмысын жүргізуге ауысады. Бұл әдіс тиімді болғанмен кейбір кемшіліктері де бар. Тандемді сұрыптау кезінде күтілетін теориялық селекция тиімділігінің тәжірибемен сәйкесуі қиындық туғызады. Мәселен, белгілер арсында қаншалықты жағымды нәтижелер болса, соншалықты қарама-қайшылықтар болады, нәтижесінде бір белгінің жақсаруы келесі бір белгінің төмендеуіне әкеледі.

Дәрежесіне тәлелсіз сұрыптау — біздің елімізде қой селекциясында маңызды болып табылады. Оны бірнеше белгі бойынша жүргізеді, бірақ оған сұрыпталатын мал сәйкес келетіндей, әрбіреуіне ең төменгі дәреже қойылады. Мысалы, цигай тұқымды І класты қой малдары үшін, ең төменгі таза қырқылған жүн — 2,0 кг, дене салмағы – 48 кг, жүн ұзындығы – 8 см болуы керек. Егер малдың бір белгісі ғана бұл талапты қанағаттандырмаса да, ол асыл тұқымды ядродан шығарылады. Селекцияның бұл әдісі бір ізділік сұрыптаудан қарағанда, әсіресе жағымды генетикалық корреляцияның болуымен неғұрлым тиімді. Бұл әдістің кемшілігі болып, бекітілген талапқа сай малдарды сұрыптау кезінде тек бір белгісінің сәйкескеуі салдарынан басқа селекциялық белгілері жақсы малдардың жармсыздыққа шығып қалуы табылады.

Селекциялық индекс бойынша сұрыптау теорияда неғұрлым тиімді болып саналады. Оның маңыздылығы, егер малдың бір белгісі ғана төмен дәрежеде болып, қалған белгілері құнды болса, ол мал селекциялық үрдістен шығарылмайды. Индекстік селекция кезінде сұрыптау олардың экономикалық маңыздылығы, тұқым қуалаушылығы және басқа беогілерімен корреляциясы (байланысы) есебінде, кешенді белгілнрі бойынша жүргізіледі.

Индекстік селекцияның жағымды нәтижесі тек, популяция саны неғұрлым көп жағдайда барлық ұрпақтар қатары үшін паративті жағдай (малдарды азықтандырудың оптималды дәрежесі) тұрақты болғанда ғана алынады.

Қой шаруашылығында тәжірибелік селекция көбінесе малды шығу тегі, коституционалды-өнімділік көрсеткіштері және ұрпағының сапсы бойынша бағалағанда ғана қалыптасады.

Шығу тегі (шежіресі) бойынша сұрыптау. Шығу тегі немесе шежіре – табынды генетикалық қалыптыстырудағы ең маңызды көрсеткіштердің бірі.

Ата-ана мен оның ұрпақтары арасында белгілі бір дәрежеде генетикалық сәйкестіктің болуы орын алады, соның негізінде, шежіреде ата тегі неғұрлым жоғары өнімді болса, мал соғұрлым құнды бағаланады.

Мал шежіресін білу селекционерге алынған малдың қай аталық із немесе аналық ұяға қатыстылығын және ол қандай жұптау жүйесі бойынша алынғандығын бағалауға көмектеседі. Осының барлығы малды селекциялық үрдісте неғұрлым дұрыс пайдалануға жол ашады.

Малды шежіресі бойынша бағалау мен сұрыптауды тура туыстарының (әкесі мен шешесі, апасы мен атасы және т.б.) және жанама туыстарының (жартылай ағасы мен әпкесі, ағасы мен тәтесі және т.б.) сапасы бойынша жүргізуге болады. Кейінгі уақытта малдарды жартылай сибстер көрсеткіштері бойынша бағалауға көңіл бөлінуле. Ол 2-4 тура туыстары бойынша бағалаудан қарағанда жанама туыстарын көп пайдаланған неғұрлым неғұрлым нақтырақ деп есептейді.

Шығу тегі бойынша сұрыптаудың белгілнр маңыздылығы мен пайдалылығы малдың тұқым қуалаушылық ерекшелігін бағалауда жоғары сенімділікке кепілдік бермейтіндігін атап кету қажет. Ол нақты суреттің көптеген генетикалық емес қатардағы факторларының әсерінен, сонымен қатар, малдың шежіресі бойынша генотипін бағалау нақтылығы гендер комбинациясы мен ажырауынан жоғары бола алмайды. Шежіре бойынша бағалаудағы малдың асыл тұқымдық құндылығының нақты жоғарғы шегі 0,71 ғана құрайды. Осындай себептердің әсерінен теориялық болжам көбінесе сәйкеспей қалады. Ұрпақтарда көбінесе репрессия пайда болады – тұқымның табындағы орташа көрсеткішке қайтуы, яғни, популяциялық орташа көрсеткішінен сұрыпталған малдар көрсеткішінің қатынасы бойынша жоғарылап, асып түсуі. Сондықтан шығу тегі бойынша сұрыптау селекцмялық үрдістің маңызды және элементі болып табылады, бірақ оны тек малдардың асыл тұқымдық сапасын қосымша бағалаушы ретінде ғана қарастырған жөн.

Өнімділігі мен экстерьері бойынша сұрыптау – бұл малды бонитировкалау кезінде эксперттік бағалау негізінде жүргізіледі. Оның негізін ең жақсы генотиптердің ең жақсы фенртиптер арасында болуы құрайды.

Қой малдарының жүн, ет, елтірі, сүт өнімдерін дамыту малдарды шаруашылыққа пайдалы кешенді белгілері бойынша сүрыптауда қалыптасады.

Сұрыптау кезінде белгілер сенына байланысты селекция нәтижесін анықтау, селекциялық қысымның ажырауы белгілердің көп мөлшерінде, әрбіреуіне пропорционалды :V~n , n – белгілер саны, сұрыптау тиімділігін төмендететіндігін көрсетті. Ал, белгілер санының молаюы кезінде сұрыптау тиімділігі бірден төртке дейін әрбіреуіне 2 есеге төмен (1:V~4=1:2) болады.

Сондықтан кешенді белгілері бойынша сұрыптауда селекцияланатын белгілер саны ең төмен болуы қажет.

Жан-жақты кешенді бағалау принципі ең басты ұнамды сапаларды, сұрыптау мен жұп таңдау жолымен неғұрлым тез дамытуды қарастыру қажет, ал басқа белгілерін көмекші, түзетуші сапада бағалап, бір жақты сұрыптаудағы ұнамсыз қасиеттерді ескеріп, дені сау, конституциясы мықты, үйлесімді дамыған малдарды алуды қамтамасыз етуі керек.

Сұрыптау тиімділігін болжау. Малдарды фенотипі бойынша сұрыптау тиімділігі селекциялық бағдарламаға оның генетикалық гетерогенділігі мен сұрыптау интенсивтілігі енгізілген популяция саны мен селекцияланатын белгілердің тұқым қуалаушылық дәрежесіне байланысты.

Сұрыптау интенсивтілігі немесе селекциялық дифференциал асыл тұқымдық мақсатта сұрыпталған малдар тобы белгілерінің орташа көрсеткіші мен сол сұрыптау жүргізілген популяция белгілерінің орташа көрсеткіші арасындағы айырмашылықты білдіреді. Мысалы, шаруашылық табынындағы барлық ұрғашы тоқтылардың орташа жүн ұзындығы 12 см-ге тең, ал жөндеу үшін сұрыпталғандарында ол – 13,5 см. Мұндай жағдайда селекциялық дифференциал 1,5 см-ге (13,5-12 см) тең.

Селекциялық дифференциалды (Sd) тұқым қуу коэффициентіне (h2 — 0,3-ке жуық) көбейту арқылы теориялық күтілетін селекциялық эффект көлемін (E): Е = h2 x Sd = 0,3 х 1,5 = 0,45 алуға болады.

Селекциялық эффект — бұл сұрыптау жүргізілген ата-аналық ұрпақтар белгілерінің орташа көлемі мен осы белгінің қызының ұрпақтарындағы орташа көлемі арасындағы айырмашылық.

Бір жылдағы селекция жауабын (Еж) селекциялық эффектті ұрпақтар арасындағы интервалға (і) бөлу арқылы анықтайды, ол қой шаршашылығында мөлшермен 3,5 жылды құрайды.

Е( 0,45)

Еж = — = 0,13 см жылына

i (3,5)

Кейде селекциялық дифференциалды абсолютті санмен емес, стандарт бірлігімен де (б) көрсеткен дұрыс, ондай жағдайда, селекциялық дифференциалды әр түрлі белгілермен салыстыруға болады, мысалы, жүн қырқымы, жүн ұзындығы мен дене салмағын.

Е = Up x I x h2,

Up ~ белгілердің фенотипті стандарттық ауытқуы;

I — селекция интенситілігі.

Осыған байланысты, селекциялық эффектке (Se) селекциялық дифференциал (Sd) көрсеткіштерімен қатар тұқым қуу коэффициенті (h2) және ұрпақтардың ауысу жылдамдығы (і) әсер ететіндігіне каракөл қойларына жүргізілген зерттеу мәліметтері мысал болады.

Асыл тұқымдық жұмыс тиімділігі қошқарларды кешенді бағалау кезінде олардың генеологиялық мәліметтері мен ұрпақтарының сапасының ерекшеліктерін еспке алған жағдайда жоғарылайды.

Асыл тұқымдық заводтарда қошқар тобының қатаң сұрыптаудан өткен, селекциялық ядро аналықтарынан өсіріп, жинақтайды.

Ал, асылдандыру совхоздары мен жеке меншік басқа формадағы асылдандыру формаларында қошқарларды өздерінің табынынан, сонымен қатар асылдандыру заводтарынан алынған малдардан жасақтайды.

Тауарлы шаруашылықтарға қошқарларды асыл тұқымдық шаруашылықтардан тұқымдық аудандастыру және отарды өсіруге арналған әдісі (таза тұқымды немесе будандастыру) бар жоспарға сай сатып алу ұсынылады.

Биязы және биязылау жүнді қошқарларды ұрпағының сапасы бойымен бағалау мен сұрыптау негізгі талаптарға сай жүргізіледі.

Биязы және биязылау жүнді қой шаруашылығында еркек малдарға 2-3 апталық жасында сұрыптауды бастайды. Осы уақытта асыл тұқымдыққа нақты жарамсыз еркек қозыларды піштіреді. Екінші рет аталықтарды енелерінен бөлу кезінде қарап, сұрыптайды. Өте жақсыларын жөндеу тобына қажеттілікпен 5-6 есе артық мөлшерде бөліп алады. Аталықтарға келесі сұрыптауды бір жасқа жеткенде, шығу тегі, жеке бонитировка, жүн қырқымы мен тірі салмағы мәліметтері негізінде өткізеді. Жөндеуге арналған еркек тоқтылардың ішіндегі ең жақсыларын ұрпақтарының сапасы бойынша тексеруге қалдырады. Олардың саны қажетті мөлшерден 3-4 есеге артық болуы тиіс.

Селекция маңыздылығы мен қабілеттілігі екі аралық ата-аналық және қызының ұрпақтары белгілерінің орташа көрсеткіші айырмашылықтарынан көрінеді. белгілердің орташа көрсеткіші, яғни жаңа белгілер мен ата-аналық ұрпақ белгілері арасындағы айырмашылық, селекция нәтижесі болып табылады және ол селекциялық эффект (SE) немесе селекцияға жауап деп аталады.

Селекциялық эффект теориясы селекциялық дифференциал (SD) мен белгілердің тұқым қуу коэффициентіне (h2) байланысты және ол келесідей формуламен анықталады:

SE= SD x h2

Селекциялық дифференциал – асыл тұқымдық мақсатта сұрыпталған малдар тобы белгілерінің орташа көрсеткіші мен сол сұрыптау жүргізілген популяция белгілерінің орташа көрсеткіші арасындағы айырмашылығы болып табылатын селекцияның интенсивтілік көрсеткіші.

Сұрыпталған малдар тобынан, яғни, селекциялық топтан алынған жаңа ұрпақтарда селекцияға жауап, күтілетін көлем мен белгілердің орташа суммасынан анықталады. Қой шаруашылығында ұрпақтар арасындағы интервал (і) орташа 4 жылды құрайды. Бір жылдағы селекцияға жауап (SE жыл) SE жыл = SE: i формуласымен анықталады.

1 Тапсырма. Селекциялық топқа сұрыпталған саулықтар мен қошқарлардың орташа жүн қырқымы мен тірі салмағын анықтаңыздар (7.1.1 және 7.1.2 кесте).

2 Тапсырма. Барлық табындағы (сұрыптауға дейінгі) саулықтар мен қошқарлардың орташа жүн қырқымы мен тірі салмағын анықтаңыздар.

3 Тапсрыма. SД= XV - Xn формуласы бойынша саулықтар мен қошқарлардың селекциялық потенциалын анықтаңыздар.

XV - сұрыпталған топтың орташа көрсеткіші.

Xn – табын бойынша (сұрыптауға дейінгі) орташа көрсеткіші.

4 Тапсырма. Жалпы және бір жылдық селекция эффектін анықтаңыздар.

Төмендегі берілген қошқарлардан тірі салмағы мен жүн қырқымы 10%-тен асатын, селекциялық дифференциал дәрежесіндегі биязы жүнді қой қошқарларының селекциялық тобын құрыңыздар.

7.1.1 Кесте. Қошқар өнімділігі.

Қошқар № Тірі салмағы, кг Жүн қырқымы, кг Қошқар № Тірі салмағы, кг Жүн қырқымы, кг Қошқар № Тірі салмағы, кг Жүн қырқымы, кг
1 128 14.0 11 90 9.1 21 97 9.5
2 98 9.5 12 93 9.5 22 106 11.0
3 96 9,6 13 102 11,5 23 94 9,4
4 122 11,0 14 96 9,0 24 90 9,2
5 98 9,5 15 94 9,0 25 110 10,5
6 91 9.0 16 102 9.5 26 95 9.3
7 127 12.0 17 95 9.7 27 91 9.6
8 96 9.2 18 96 9.4 28 102 10.0
9 92 9.6 19 102 10.5 29 92 9.2
10 123 13.0 20 90 9.6 30 92 9.1

5 Тапсырма. Тірі салмағы бойынша 7,3%, жүн қырқымы 5,0%-тен асатын селекциялық дифференциал дәрежесіндегі саулықтардың селекциялық тобын құрыңыздар.

7.1.2 кесте. Саулықтар өнімділігі (n= 500 бас)

Отар № Орташа Отар № Орташа
Тірі салмағы, кг Жүн қырқымы, кг Тірі салмағы, кг Жүн қырқымы, кг
1 55.5 5.3 6 55.0 5.2
2 50.2 5.0 7 51.0 5.3
3 61.2 6.1 8 50.0 5.2
4 55.5 5.5 9 50.0 5.1
5 55.0 5.4 10 50.0 4.9

Қошқарлардың тұқым қуу коэффициенті тірі салмағы бойынша – 0,2, жүн қырқымы бойынша – 0,2. Саулықтардың тұқым қуу коэффициенті тірі салмағы бойынша – 0,6, жүн қырқымы бойынша – 0,6.

Бақылау сұрақтары.

  1. Селекциялық эффектті анықтау кезіндегі тұқым қуу коэффициентінің маңызы.
  2. Селекциялық эффектті қалай анықтайды?
  3. Селекциялық дифференциал дегеніміз не және ол қалай анықталады?