Саулықтар мен қошқарды жұптау


Сабақ мақсаты. Жеке және топтық жұп таңдау принциптерін меңгеру.

Жұп таңдау – жаңа генотифтер шығаруға әкелетін, малдарды шағылыстыру жүйесі.

Қой малдарының көптеген шаруашылық пайдалы белгілері аралық тұқым қуалайды, сәтті жұп таңдаудың үздіксіз жағдайы болып, аталықтардың аналықтардан барлық өнімділік-конституционалды кешені бойынша асып түсуі жатады.

Жұп таңдау гомогенді (біркелкі), гетерогенді (әркелкі), жеке және топтық (кластық) болуы мүмкін. Жұп таңдау әдістерін қолдану асылдандыру жұмысының нақты жағдайына, селекция мақсаты мен міндетіне байланысты таңдалады.

Гомогенді жұп таңдау. Бұл жұп таңдау түрі саулықтар мен қошқарлардың конституция ерекшеліктері мен өнімділік көрсеткіштерінің бір титілігіне негізделген. Алайда, жұп таңдау кезінде қошқар мен саулықтар арасында барлық белгілері мен қасиеттері бойынша толықтай біркелкілік талап етілмейді, өйткені барлық белгілері бойынша екі аналог-малды табу мүмкіндігі аз. Сондықтан, жұп таңдау жоспарын құрған кезде ата-аналық жұптың бір-екі белгісін, мысалы, жүн ұзындығы мен жіңішкелігін ғана ескереді. Осыған орай, басқа белгілері бойынша сәйкестік болмауы да мүмкін.

Егер шағылысатын малдардың аталған белілері орта популяциялық стандарттық ауытқудан (Уг) аспай ауытқыса, ол біркелкі жұп таңдау болып саналады.

Гомогенді жұп таңдаудың екі ережесі белгілі: 1) «жағымды жағымдымен жағымды нәтижек береді» және 2) «өте жақсы мен өте жақсы нәтиже береді». Гомогенді жұп таңдаумен баяу болса да, сенімді түрде белгілердің орта шамасына жылжу арқылы жүргізіліп отырған жұп таңдау бағытына жетеді. Мұнымен қатар, популяцияда жұптау белгілерінің тұқым қуушылық консолидациясымен қамтамасыз ететін ұнамды аллельдер жиілігі мен гомозиготалығы жоғарылайды. Сондықтан біркелкі жұптау мен оның ең қажет формасы – инбридингті тұрақты тұқым қуалаушылық қасиетке ие асыл тұқымды малдар алу үшін жиі қолданылады.

Гомогенді жұп таңдаудың кемшілігі – оны ұзақ уақыт ұрпақтар қатарына (4—5 және одан көп) пайдалану, генетикалық өзгергіштіктің төмендеуіне, орта популяциялық дәрежеден өсудің тежелуіне, тіпті малдардың жалпы депрессиясына әкеліп соғуы мүмкін. Осындай құбылыстарды болдырмау үшін гетерогенді жұп таңдауи мен қан жаңартуды пайдалануға ауысады.

Гетерогенді жұп таңдау асыл тұқымды әсіресе, тауарлы табындарда кең қолданыс табуда. Бұл жұптау әдісімен, Н.А. Кравченко (1954) атап кеткендей, бірқатар міндеттерді шешу мүмкін:

  1. Табынды депрессиялық жағдайдан өзгергіштікті және басқа да көрсеткіштерін жоғарылату жолымен алып шығу;
  2. Қанағаттандырмайтын белгілері мен қасиеттерін түзету;
  3. Құнды сапаларды біріктіру;
  4. Аралық формалар (типтер) шығару;

Гетерогенді жұптаудың негізгі формуласы нашар өте жақсымен жақсартады.

Гетерогенді жұп таңдау берілген табын малдары немесе тұтастай тұқым кемшіліктерін қанағаттандыруды қарастырады. Аталықта кемшілік болмаумен қатар, табынды жақсарту қасиеттері мен белгілері саулықпен салыстырғанда өте анық көрінуі және сапалы болуы тиіс. Кейбір жағдайларда гетерогенді жұп таңдау жаңа қасиеттегі ұрпақтар алуға мүмкіндік береді.

Гетерогенді жұп таңдауды тауарлы табындарда кеңінен қолданады; мысалы, нәзік конституциялы белгілері бар және қысқа жүнді мықты немесе дөрекі конституцияға ауытқыған қошқарлармен шағылыстырады.

Гетерогенді жұптаудың ең соңғы дәрежесінде басқа тұқым қошқарларымен шағылыстыралады, олар жақсартылатын тұқымды дұрыс дамымаған немесе жоқ белгілермен толықтырады. Нәтижесінде алынған ұрпақта ата-анасында болмаған жаңа қасиеттер пайда болады. бірақ әр түрлі жұптаудан алынған асыл тұқымдық құндылығы жоғары болмайтындығын есте ұстау қажет. Қошқарлардың асыл тұқымдық құндылығын жыл сайын олардан алынған ұрпақтарды бағалау арқылы бақылап, нақтылап отырады.

Жеке жұп таңдау. Асыл тұқымдық бағыттағы шаруашылықтар мен фермаларда селекциялық жұмысты тереңдетіп жүргізу және жоғары класты асыл тұқымды малдап алу үшін аналық табынның өте жақсы селекциялық бөлігіне және қошқарларға жеке жұптастыруды пайдаланады. Жеке жұп таңдау әрбір аталық пен аналықтың өнімділік, экстерьерлік-конституциялық ерекшеліктерін және шығу тегін, сонымен қатар оларды жұптаудың алдын-ала шағылыстыру нәтижесін жақсы білу маңызды. Жұптау кезінде малдың осы және басқа да жеке ерекшеліктеріндегі сиптаттамаларын есептеу мен пайдалану алынатын төлдің ұнамды сапада болу сенімділігін арттырады.

Асыл тұқымдық құндылығы жоғары және жоғары класты ұрпақ алу үшін, ұнамды типке жататын, жоғары өнімді аналықтарға мүмкіндігінше, саулық типіне сәйкес келетін, негізгі селекцияланатын белгілері айқын көрінетін қошқарларды таңдайды («өте жақсыға өте жақсы»). Жеке жұп таңдау әдісі аталық із бойынша өсіру кезінде кеңінен қолданылуы тиіс.

«Өте жақсыға өте жақсы» принципі бойынша жұптау – табынды типтендіру жұмысының негізгісі. Ұнамды типтен ауытқыған бірақ бар немесе бірнеше құнды сападағы белгілері бар аналақтарға сол жеткіліксіз белгілерді толықтыратын, яғни аналықтарда дұрыс дамыған белгілер өте жақсы дәрежеде дамыған қошқарларды таңдайды. Мұндай жұптау (түзетуші) ата-аналарының құнды сапаларын сәйкестендіретін ұрпақ алуды қамтамасыз етеді.

Сәтті шағылыстыруды пайдалану үшін алдында төл алынған қошқар ұлдарын да пайдалануға болады, бірақ олар ұрпағының сапсы бойынша тексерілген және ұнамды типі жақсы көрінетін (әкесінің типіне ұқсас) болуы тиіс.

Топтық жұп таңдауды бір класқа жататын саулықтардың жалпы сипаттамасы бойынша жүргізеді. Белгілі бір класқа жатқызылған саулықтарға ұнамды ұрпақ алуға мүмкіндігі бар аталықтарды таңдап, шағылыстырады. Топтық (кластық) жұптауда саулықтардың жеке ерекшеліктері ескерілмейді. Мысалы, ІІ класты, қысқа жүнді саулықтарға жүн ұзындығы мен басқа да селекцияланатын белгілері жақсартылған төл алу үшін, ұзын жүнді элита қошқарларын бекітеді. Көбінесе, белгілі бір кластағы саулық тобына бір негізгі және бір қосымша қошқарды белгілейді. Қосымша қошқарды саулықтар жаппай күйге келгенде, негізгі қошқар барлығын бірдей

Кластық жұптауды тауарлы шаруашылықтарда сонымен қатар жеке жұп таңдау ұсынылмайтын асыл тұқымды шаруашылықтарда пайдаланады.

Жұп таңдаудың негізгі принциптері болып мақсаттылық – аталықтардың шағылыстырылатын аналықтардан асып түсуі; өте жақсы аталықтарды неғұрлым көп пайдалану, гомогенді жұп таңдау көмегімен ата-аналар дәрәжесін ұрпақтарына бекіту; гетерогенді жұптау жолымен ұнамды белгілер мен қасиеттер тән ұрпақтар алу; белгілер мен қасиеттер сәйкестігін анықтау; Инбредті депрессияға ұшыраудан немесе тип бастаушысын жоғалтудан сақтау үшін тустық дәрежесін реттеу; қажеттілік болмаған жағдайда шағылысатын малдар арсындағы туыстықты тежеу; аталық із және аналық ұя бойынша өсіру.

Біртекті жұп таңдау кезінде келесідегідей негізгі міндеттер қарастырылады:

  1. Шағыласытын малдар ұрпағында екі ата-ана ие болған қасиеттерін сақтау;
  2. Ұнамды типтің немесе ұнамды сапаның неғұрлым тұрақты тұқым қуалаушылығын қалыптастыру;
  3. Жұптау жүргізілетін ұрпақтың құнды сапаларын одан әрі дамыта түсу;
  4. Құнды белгілер мен қасиеттерге ие малдар санын көбейту.

Әр текті жұп таңдауда келесідегідей негізгі мәселелерді шешу көзделеді:

  1. Мал кемшілігін түзету, яғни тип малдарының талаптарына жауап беретін ұрпаө алу;
  2. Малдарды әр текті жұптаудан алынған ұрпақтың тұқым қуалаушылығын қалыптастыру;
  3. Малдардың гентикалық әркелкілігін кеңейту.

Егер біз сұрыптау арқылы даралар өмірін, яғни қай малды әрі қарай өсіру керектігін шешсек, жұп таңдау арқылы оны пайдалану өмірін шешіп, болашақ ұрпақ сапсын анықтайды.

Біркелкі жұп таңдау кезіндегі жалпы талап ұнамды тип талаптарына сай, яғни элита және І класты малдар болуы тиіс. Біртекті жұп таңдауда шағылыстыру типі анықталады. Туыстық шағылыстыруға селекциялық асылдандыру жұмысы есебінде әрбір нақты табын үшін дайындалған ең төменгі (минималды) талаптарға өнімділік дәрежесі бойынша жауап беретін малдар рұқсат етіледі.

Біртекті жұп таңдау кезінде ұрпақтардың тұқым қуалаушылығын бекіту жүргізілсе, жеке жұп таңдауда тек негізгі селекцияланатын белгілердің айқындылығы мен өнімділік дәрежесіне ғана емес, сонымен қатар олардың өзара байланысы сипаттасасына мән беру қажет, өйткені туыстық шағылыстыру кезінде бір ғана белгінің қарсы корреляциясы (байланысы) үшін басқа бір белгінің әлсіреуі туындауы мүмкін. ол біртекті жұптау кезінде осы белгілердің тұқым қуалаушылық беріктігіне ене отырып, ұрапқтардың асыл тұқымдық дәрежесіне, жалпы алғанда табынның қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, бізге биязы жүнді қойларда малдың көлемі мен жүн ұзындығы жабағы қоюлығына кері байланыста екені белгілі. Сондықтан жеке жұп таңдау кезінде малдың көлемі (үлкендігі) мен жүн ұзындығы бойынша туыстас шағылыстыруда таңдалынатын жұптар жүнінің өтеқоюлығымен (ШМ) ерекшеленуі тиіс, осыған орай, қошқар ұрпағының сапасы бойынша тексеру нәтижесінде аталған белгінің жақсартушысы болуы керек. Ал, керісінше жағдайда ұрпақтарда жабағы қоюлығының төмендеуі байқалуы мүмкін, ол жүн қырқымының төмендеуіне әкеледі. Осыдан, жабағының жақсы тығыздығы, басқа белгілермен қатар жабағыны сыртқы ортаның жағымсыз жағдайларынан және әр түрлі ластағыштардан сақтап, жүн тазалығын қамтамасыз ететеін қасиет беретіндігін есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайда әртекті жұптау кезінде дұрыс дамымаған белгілері бойынша туыстас емес шағылыстыруға ауысады.

Гетерогенді жұп таңдау тұқым қуалаушылық тұрақтылығы мен қалыптасуын әлсіретеді. Әртекті жұптаудан алынған босаңсыған тұқым қуалаушылықтағы малдар, неғұрлым сыртқы орта жағдайына берілген, икемделгіш келеді. Олар жоғары өзгергіштікке ие.

Әртекті жұп таңдаудың негізгі міндеттерінің бірі болып, енелерінде кездесетін кемшілігі жоқ ұрпақ алу болып табылады. Ол үшін экстерьерлік-коституциялық немесе одан басқа кемшіліктері бар аналықтарды дәл осы кемшіліктердің жақсартушысы болып табылатын аталықтармен шағылыстырады. Көбінесе әртекті жұптау саулықтарға қошқарларды топтап бекіту кезінде, әсіресе, төменгі класты аналықтарға қолданылады.

Егер аналықтар, әсіресе төменгі класты, тек бір ғана белгілері бойынша кемшілікпен бір табынға жинақталса неғұрлым нәтижелі болады. Мұндай жағдайда аналық табынды қалыптастыруда кешенді бағалау (класы) нәтижесі есебінен қатар аталған қой тобында әлсіз дамыған белгілердің айқындалуы ескеріледі, жұптау жеңілдеп, оның нәтижелілігі артады.

1 Тапсырма. Биязы жүнді қойларға топтық жұп таңдауды жүргізіңдер.

7.2.1 кестеде оңтүстік қазақ мериносы тұқымының саулық отарлары мәліметтері, ал 7.2.2 кестеде осы тұқымның негізгі қошқарларының мәліметтері берілген. Жұптау нәтижесін 7.2.3 кестеде берілген формаға жазыңыздар.

7.2.1 кесте. Ұрықтануға баратын саулықтар отары жөніндегі мәліметтер

7.2.2 кесте. Негізгі және қосымша пайдаланылатын қошқарлар мінездемесі

7.2.3 кесте. Саулықтарға қошқарларды жұптастыру ведомосы

2 Тапсырма. Саулықтарға қошқарларды жеке жұптастыруды жүргізіңдер

7.2.4 кесте. Қошқар сапасы

7.2.5 кесте. Саулықтар сапасы

7.2.6 кесте. Біртекті жұптауға арналған ең төменгі талаптар

Бақылау сұрақтары.

  1. Қой шаруашылығындағы жұп таңдаудың негізгі міндеттері.
  2. Қой малдарын жұптаудың негізгі екі түрін атаңыз.
  3. Жеке жұп таңдаудығ негізгі принципі.
  4. Көбінесе қандай шаруашылық категорияларында жек жұп таңдау жүзеге асады?
  5. Қой малдарын жеке жұптау түрлері.
  6. біртекті жұп таңдау мақсаты.
  7. Аталық із бойынша өсіруде жұп таңдаудың қай түрі кең қолданылады?
  8. Қой малдарын жасына байланысты жұптаудың принципі.
  9. Кластық немесе топтық жұп таңдаудың негізгі принципі.