Төл алу және жас төлді өсіру


Сабақ мақсаты. Төл алу түрлерімен танысу және саулықтарды төлдетуді өткізудің ұйымдастыру – техникалық картасын құрып үйрену.

Қой шаруашылығында төл алу жауапты да, күрделі және еңбекті көп қажет ететін үрлісі болып табылады. Ол саулықтар ұрықтанғанна кейін, (орта есеппен) 147-150 күннен кейін болады.

Төлдеу наурыз-сәуір айларында болса, ол көктемгі, ал, қаңтар – ақпан айларында өтсе, ерте немесе қысқа төлдеу деп аталады.

Көктемгі төлдеу қой малдарын жайылымда басталған кезбен сәйкес келгенде тиімді. Саулықтарда жайлымда күтіп – бағу кезінде, олар толық құнды азықтармен, қозылыры оның сүтімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар жылы қоралар дайындалу қажеттілігі жоқ. Қой шаруашылығымен айналысатын солтүстік аудандарда қой шаруашылығы өнімдерді өндірудің өзіндік құнын төмендету үшін көктемдік, тіпті жаздық төл алуды енгізуде. Алайда, көптеген аудандарда көктемгі ауа – райы тұрақсыз, жылы күндер күрт сууға әкеп соғады, ол қозыларды суық тиюге шалдықтырып, өлім – жітімге ұшыратады. Көктемгі кезеннің осы ерекшелігін осы уақытта төл алуды жоспарлауда қатаң есте ұстаған жөн.

Қысқы төл алу. Құрылыс, ғимаратты жылылап жабдықтау, азық дайындау, қосымша жұмыс күшін тарту сияқты шығындармен байланысты. Бірақ, мұнымен қатар қысқы уақытта туған жас төл арзан жайылымдық азықтарды жақсы пайдаланады. Ал, сол жылы қымбат емес өнім алуға мүмкіндік береді.

Төл алуға дайындық 10 – 15 күн бұрын қой қораны жылылау мен жабдықтаудан басталады. Қой қораның орташа , неғұрлым жылы және жарық жабдықталған бөлігін туу (қоздату) бөліміне, басқа бөлігіне қозылы қойларды, үшіншісіне – буаз саулықтарды қоюға дайындайды.

Қозылардың ауруын алдын – алу үшін, әсіресе суық шалуды, қой қорасыз және жел өткізгіш болмауы тиіс. Ылғалды жақсы сіңіргіш және жылылағыш ретінде дайындалу үшін бір саулыққа 120 – 150 кг – нан есептеу қажет. Төл алуды сәтті өткізу үшін қажетті мүмкіндіктермен (рештактар, қоршаулар, фонарлар, шелек, қол жуғыш, қозыларды топпен суару астарлары, орамал, шагат,малға алғаш көмек көрсетуге арналған медециналық аптечка қамтамасыз етілуі тиіс.

Төл алу басталмас бұрын қоздату бөлімшесіне жеке қозылы қойлар тұратын үйшіктер 100 бас саулыққа 3-5) және ұсақ төлдерге арналған торлар үшін қойылады. Ірі тұқымды қойлар үшін жек үйшіктердің көлемі - 1,5 м2 ал орташа және ұсақ малдар үшін — 1—0,8 м2. Қоздату бөлімінің ауа температурасы 15— 18°С болуы тиіс.

Қысқы төлдеуге арналған қой қорасының аумағына келесідей нормалар қойылған, бір басқа м2 : қыстауға баратын саулықтар – 1,8 – 2 ; қоздау бөліміндегі қозылы саулықтар – 2-3; жаңа туған қозылар тобы – 1 – 1,1; азықтандыру бөліміндегі қозыларға – 0,3. Бұл нормаларға аумағына: азықтандыру науалары мен суару астаулары кіреді, бірақ азыұ жолдарының аумағы кірмейді.

Ірі шаруашылықтарда төл алу кезінде қойшылар бригадасына көмекке қосымша жұмысшы-сақманшыларды бөледі. Ол әр бір 100 саулыұұа 15 адамнан және әр бір 100 қозыға 40 адамнан есетеледі. Олар қоздаған саулықтар мен төлдеу кезеңіндегі қозыларды төлдегеннен кейінгі алғашқы 12 айында күтіп бағуға көмектеседі.

Қоздау кезіндегі саулыққа көмек. Қоздау еденіне балғын таза сабан төселген туу бөлімінде өткізіледі. Қоздау кезінде төсеніш ауыстырылмайды, ластану мөлшеріне қарай үстінен тазасын салып отырады. Төсеніш ретінде бір аналыққа 120 – 150 кг сабан дайындау ұсынылады. Қоздау кезенінде туу бөліміне тәулік бойы қойшылар бригадасы кезекшілікке тұрады. Олар саулықтардың дұрыс қоздауын қадағалайды. Егер саулық тынышсызданып, жиі жатып, артына қарай мерзімі бұл толғатудың басталу белгісі, сол мерзімде оны мазамалау қажет. Дұрыс туу кезінде толғақтан кейін сұйыққа толтырылған шар айда болады. Ол жарылады да қозының алдыңғы екі аяғы мен басы көрінеді. Бұл төлдің шығуының қалыпты жағдайы. Егер жатыр сау, қалыпты болса, онда туу сәтті өтіп, ешқандай көмекті қажет етпейді. Егер туу ұзаққа созылса, жатыр дыбыс берсе, қойшы оған көмек көрсету қажет. Ең бірінші төлдің қандай жағдайда жатқандығын анықта алуы керек. Ол үшін дизенфекцияланған сумен жуылған және вазелин немесе май жағылған қолды ақырындап, қынапқа енгізеді.

Саулық төлдегеннен кейін үш сағаттан соң, шуы (жатыр жолдасы) түсуі керек. Есте ұстайтын жағдай, малдың шуын тартып немесе кесіп түсіруге болмайды. Ол өз еркімен шығуы тиіс. Оны дезожәшікке тастайды да, одан кейін жағып жібереді немесе көміп тастайды. Егер шуы 5-6 сағат ішінде түсеген жағдайда ветеринар маманын шақырады.

Тапсырма. 500 саулықтың төлдеуін ұйымдастыру жоспарын және төлдеудің қорытынды актісін жасаңыздар.

8.2 кесте. Саулықтарды төлдетуді өткізудің ұйымдастыру-технологиялық картасы.

өндірістік операциялар Зоотехникалық талаптар Мерзімі Ұзақтығы Жұмыс көлемі Механикаландыру заттары, құрал-жабдықтар Қажет жұмысшылар
Тәулігіне Кезеңіне Машиналар, жабдыұтар, мүліктер Саны механизаторлар Қосымша жұмысшылар
Ғимаратты дайындау
Қоршауларға саулықтарды орналастыру
Төлдеуді өткізу
Төлдерді жасақтау
Төлдерді жасанды суару
Сүрлемді тиеу
Сүрлемді тасымалдау
Сүрлемді тарату
Шөп тиеу
Шөпті тасымалдау
Шөпті тарату
Концентраттарды тиеу
Концазықтарды тарату
Қозыларды есетеу және нөмірлеу

Бақылау сұрақтары.

  1. Төлдеу кезінде жүргізілетін жұмыс түрлерін атаңыз.
  2. Қысқы төл алудың ерекшеліктері.
  3. Көктемгі төл алудың ерекшеліктері.