Түркештер


Түрік тектес түргеш тайпалары ҮІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Та-лас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күңгіт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Соғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық үйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады.

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қар-сы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан етті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабка шабуыл ұйымдастырды.

Көп қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады.Түргеш қағанаты Сұлу қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сүлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргеш-тер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бүхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Бағатархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан /Қытай/ империясы үтымды пайдалан-ды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оның көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мұндай ұзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты бұрынғы Батыс түрік мемлекеті қалдырған ел басқару жүйесін, әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды.