Қарлұқ мемлекетінің пайда болуы, саяи бірлестігі


Түргеш қағандығы құлағаннан кейін бұрынғы көшпелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет құрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады. Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бұл кезде қарлұқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының қүрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-бұлак, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. УІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының құрамына енген қарлұқтар оның билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап тұрған.

742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның-қарлұқтардың, үйғырлар мен басмалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына кешіп, олардың көсемі қаған болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, көп кешікпей бұлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды үйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет ¥йғыр қағанаты (744-840жж.) құрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ қарлұқтардың дербестікке үмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөліиіп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлұқ тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Ал мүндағы Түргеш мемлекетінің саяси жағдайы тым күрделі болатын. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара кырқысқан күрестен әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы - Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.

Қарлұқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлұқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.Бұл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, шарухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның қүрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.

Қарлұк қағандығы билікті өз қолдарына алғаннан кейін, батыстағы Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен, саманидтермен үзақ жылдар бойы соғыс қимылдарын жүргізді. Қарлұқ жабғуы IX ғ. басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы Қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды. Қарлұқтардың шығыстағы Ұйғыр қағанаты мен жүргізген бәсекелестік әрекеті, қақтығыстары да сәтсіздікпен аяқталады. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары мен малдарын қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады. Осы жеңілістен кейін Қарлұқ жабғуы Монғолиядағы Ұйғыр қағанының билігін мойындауға мәжбүр болады.

840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға орын алды. Енесей қырғыздары ¥йғыр қағанатын талқандап, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге қүл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, езінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Алайда қарлұқтардың билігі берік болмады. Сол жылы Орта Азия саманилері оған қарсы «қасиетті соғыс» жариялап, Исфиджабты басып алды. Қала көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ кағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұл кезде Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қана қоймай, олардың мемлекетіне жорықтарда жасап тұрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ көп ұзамай тастап кетуге мәжбүр болды.

Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар түрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін кеңейтуге тырысты. Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы - құлдартын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940-жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.