Қараханидтер мемлекетінің пайда болуы


Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты коныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен Баласағүнды иеленді. Кейін бұл еңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.

X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті Саманилер мемлекеті феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ойсырата сокқы берді. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:

  1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды.
  2. Мәуеренахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп тұрды. Бірақ онымен Боғрахан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадырхан Жүсіп Туғанханды Қашғардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына үшырады. Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадырхан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадырханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.1056 жылы Қадырханның ұлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүйлеменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп ұзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Қадыр-хан Жүсіптің баласы Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі ұағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай етеді. Тоғұрыл хан өлгеннен кейін оның орнына баласы мұрагер болып тағайындалады. Алайда екі ай өткеннен кейін Тоғұрыл тегінін немере ағасы Боғра хан Харун (1074-1102 жж.) билікті басып алып, Баласағұнда, Қашғар мен Қотанда өз иелігін жүргізді. Тап осы кезде Қарахан мемлекетіне саяси куаты әбден толысқан Салжұқ мемлекеті тарапынан қатты қауіп төнді. Сөйтіп, 1089 жылы Салжұқ сұлтаны Мәлік шах (1072-1092 жж.) көп әскерімен Батыс қағанаттың орталығы Самарқандты басып алды. Салжүқ әскері Узкентке жеткеннен кейін Боғрахан өзін Мәлік шахтың боданымын деп мойындауға мәжбүр болды. Салжұқтар Қарахан мемлекетінің ішкі істеріне көп араласпай, онда өздеріне қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Бұл кезде Шығыс түрік қағанатының билеушісі Тоғұрыл Қашғарды басып алды.

1102 жылы Боғрахан өлгеннен кейін Тараз бен Баласағұнды билеуші Қадырхан Жабырайыл салжүқтардың Орта Азиядағы үстемдігіне қарсы шықты. Мәуеренахрды басып алған ол салжұқтардың жеріне беттеді, бірақ Термез түбінде жеңіліске ұшырап тұтқынға түсті. Осыдан кейін Салжүқ сұлтаны Санжар Ибрахим Тамғаш ханның шобересі Арсылан ханды (1102-1 130жж) Мәуеренахрдың билеушісі етіп тағайындады. Арсылан ханда салжүқтардан бөлек тәуелсіз саясат жүргізуге әрекеттенді. Оның бұл саясатын дін басылары, ақсүйек-феодалдары, әскери басылары қолдамады. Оларға қарсы күресте Арсылан баласы Насырмен бірлесіп елді билемекші болды. Бұған дін басылары қарсы шығып, Насырды у беріп өлтірді. Арсылан комекке салжүқ билеушісі Санжар сұлтанды шақырды. Ол әскерімен келіп Самарқандты басып алды. 1130жылы Арсылан ауырып, Балқы қаласында қайтыс болды. Осы оқиғалардан кейін, XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Қарахан мемлекетінің ыдырап құлауына шығыстан көшіп келген қидан тайпаларының да үлкен әсері тиді. ХІ-ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті қырқысқан соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. ХІІ-ғасырдың 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның Оңтүстігін шығыстан келген қидандар жаулап алды.