Ұлыстардың басқарылуы


XIII ғасырдың басында Солтүстік және Орталық Қазақстанның далалық кеңістіктерінде Ертістен Батысқа қарай қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі орналасты. 1210 жылы Жетісудағы қарақытайлар аумағының бір бөлігін наймандардың жол бастаушысы Күшлік жаулап алса, Жетісудың Солтүстік бөлігі Қарлұқ ханы Арсыланға бағынды. Сырдария алабы, Мәуереннахр өзіне тиесілі аудандармен қоса Хорезм шахы Мұхаммедтің қол астына қарады. Алтын Орданың мемлекеттік-саяси құрылысын еске түсірер болсақ, Шыңғыс хан әскері 1219—1224 жылдары Қазақстан мен Орталық Азияны жаулап алды. Монғол шапқыншылығы аймақтың саяси қартасын толығымен өзгертті.

Басып алған жерлерді Шыңғыс хан Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарына бөлді. Жошы ұлысы оның баласы Батый хан тұсында экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мемлекет жерінің көлемі ұлғайды. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік жолмен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді. Ұлыстар өз кезегінде неғұрлым ұсақ үлестерге бөлінді. Ұлыстар мен үлестер ханға бағынды. Хан оларға елді басқаруға, елден салық жинауға ресми қағаз беретін болды. Хан жанынан хан кеңесі шақырылды. Оған хан туыстары, дінбасылар қатысты.

Шыңғыс ханның тұсында 1206 жылы қабылданған "Йасы" заңдар жиынтығы жұмыс істеген. "Йасы" заңына бағынған барлық көшпелілер бір халық деп есептелді. Шығыс Ертістен Батысқа Дунайға дейін созылып жатқан орталығы төменгі Еділде орналасқан көлемді мемлекет орыс жылнамаларында "Алтын Орда" деп аталған.

Алғашқы орталықтандырылған мемлекет ретіндегі "Алтын Орда" Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Оның тұңғыш билеушісі Батый мен оның ағасы Берке кешпелі дәстүрлер мен Шыңғыс ханның Йасы ережесіне сүйене отырып, мемлекеттіліктің негізін қалады. Бүкіл мемлекет екі қанатқа бөлінді, сол жақтағы "Көк Орда" және оң жақтағы "Ақ Орда", сондай-ақ "ұлыстар" деп аталған кептеген біршама ұсақ үлестерге белінді.

Үлестер табыс кезі қызметін атқарып, империя басшысына бағынды. Шығыстықтардың басшысы Ұлы хан болды. Мемлекет басшысы ретіндегі оның құқығына әскери, заңды және әкімшілік билік кірді. Монғол империясының саяси өмірінде құрылтай үлкен рөл атқарды.

Құрылтай — бұл шыңғыстықтар мен монғол көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы. Құрылтай сөз жүзінде жоғары биліктің ұйымы. Үлес билеушісінің қарамағында елеулі әскери күш болды, олар өз ұлысын толығымен дербес ұстады, сондай-ақ үлестерді тәуелсіз иелік жасауға ұмтылды.

Алтын Ордаданың ішкі басқару жүйесінде қызмет ететін адамдар, сондай-ақ әскери-көшпелі ақ сүйектен тұратын әкімшілік-шенеунік аппарат жүйесінде маңызды орын алды. Ерекше лауазымды қызметтерге тағайындалды. Көшпелі-әскери шонжарлардан құрылған әкімшілік-шенеунік аппарат жұмыс істеді. Шыңғыс ханның "Йасы" заңы негізінде әскери істі — беклербегі, азаматтық істі — уәзірлер, салық жинауды — даругалар, басқақтар аткарды.

Кез келген мемлекеттің қазынасын толтыру көздерінің бірі — жергілікті тұрғын халықтан, сондай-ақ, өзіне бағынышты аумақтың халқынан алынатын салықтар болып табылады. Бұдан басқа қосалкы және төтенше бірқатар міндеткерліктер мен алым-салықтар түрлері де болды. Олардың ішінде әскерлерді, поштаны, шенеунік аппаратты жабдықтауға арналған салықтар бар. Бұл салықты малшылар 100 бастан 1 бас мөлшерінде төлеп отырған, ол купчур деп аталды. Отырықшы халық жер салығын харадж төледі (егіннің 1/10 — 1/5 бөлігі). Әскерлерді астықпен, малмен және т.б. жабдықтау үшін заттай алым — тағар белгіленді. Зерттеушілердің есебі бойынша, монғолдар дәуірінде алым-салықтардың 20-ға жуық түрі болған. Жалпы алғанда, Жошы ұрпақтарының мемлекеті экономикалық жағдайларының едәуір ала-құлалығына қарамастан, саяси құрылысы жағынан әдеттегі үлгідегі көшпелі мемлекет екенін көрсете білді.

Алтын Орда ыдырағаннан кейін (XV ғасырдың 30—70-жылдары) оның үйіндісінде жаңа мемлекеттер: Қырым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Сібір хандығы, сондай-ақ Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы құрылды. Олардың бәрі хан атынан елді басқарды. Енді XIV—XV ғасырлардағы жеке хандықтардың тарихына арналған кестеге назар аударыңдар.