Моғолстан мемлекетінің құрылуы.


Моғолстан Шыңғыс ханның ұлы Шағатай ұрпағы мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болды. XIVғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Шығыс аймағы Моғолстан атанып, хан тағына Тоғылық Темір отырды. Саяси өмірдегі басты ролді дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Өйткені XIV ғасырдың орта кезінде дуоаттар Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болды. «Шағатай хан өз мемлекетін бөлгенде, ол Әмір Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай Сүбені берді...Оның шығыс шекарасы- Құсан мен Тарбүкір; батыс шекарасы- Шаш, Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлайатында орналасқан; солтүстік шекарасы- Ыстықкөл, ал оңтүстігінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталған бүкіл аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды»

Моғолстан деп аталған жаңа мемлекет осылайша қалыптасып, ол Шағатай ұлысының щығыс бөлігінде ұлан-байтақ жерді алып жатты. Мемлекеттің шекарасы Мырза Мұхаммед Хайдардың еңбегі бойынша мынадай болды: «қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығымен көлденеңі жеті- сегіз айшылық жол. Шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлайатымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Турфанмен шектеседі.» Осылайша Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Қырғызстан Моғолстан аумағының негізін құрады. Моғолдар мемлекетінің аумағы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати тағы да былай деп жазған: «Моғолстанда көлемі жағынан Жейхунға тең көптеген іті өзендер бар, олардың ішінде Іле, Ертіс, Емел, Шұлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхуннан еш кем кмкс. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Қөкшетеңіз көліне құяды»

Орта ғасыр Шығыс Түркістанның авторлары айтуы бойынша қазіргі Қырғызстан және Іле ауданы кіреді. Мысалы: Заин ад-Дин Васифи Қырғызстан территориясы Ыстықкөлді қоса алғанда Қазақстан территориясына кіреді. Онда Шу Және Талас өзендері де елдерді біріктірген қазақ хандығы құрылда деп көрсетілді. Бұл территория XVIғ. дейін Моғолстан территориясына кіргізілді. Акимушкиннің де өз мақаласында Моғолстан территориясы М.Х.Дулати бойынша сәйкес келеді. Сырдария, Сарысу, Балқаш, Ертіс және Орталық Тянь Шаньнің оңтүстік бөлігі. Моғолстан Батыс-Шығыс және оңтүстік-Солтүстік жерлері жеті- сегіз айшылық жол болып табылады.

Моғолстан территориясына Шығыс Түркістан территориясының ежелгі қалалары кірген (Ақсу қаласын қоспағанда.) Бұл бөлініс XX ғасыр Парсы авторларының еңбектерінен белгілі. Бірақ та уақыт өте келе, тарихтағы оқиғаларға байланысты территориясы Жетісу және Іле мен Ертіс өзененің аралығындағы территорияны қамтиды. Моғолстан ордасының орныққан орталығы – Алмалық қаласы болды.Моғолстан мемлекетінің құрылуының себебі XIII- XIVғғ. Феодалдық қатынастың дамуы түркі хандарының экономикалық және саяси жағдайын дамытты. Монғол билеушілеріне қарсылық білдіру, олардың көзқарасымен келіспеу, Алтын Орда және Шағатай ұлыстарында күрес жүріп жатты. Жергілікті түрік халықтары өздерінің мемлекетін құру үшін күрестер жүргізді. Міне, осындай күрестің болуы, XIVғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Моғолстан мемлекетінің құрылуын алып келді.

Оңтүстік Қазақстан және Қырғыз территориясында тәуелсіз Моғолстан мемлекетінің құрылуына бірнеше себептер болды. 1) Феодалдық қатынастардың дамуы; 2) Монғол билігіне хандардың қарсылығы; 3)Шағатай және Алтын Орданың ыдырауы. Осы мемлекеттің құрылуы Қазақстан территориясында мемлекеттің құрылуына, яғни хандықты қалыптастыруына алғаш қадам жасалды. Мемлекеттің негізін қалаушы Тоғлық Темір болды. Тоғлық Темірдің әкесі Есенбұғаның Сатилмиш Хатун атты бәйбішесі болған, оның Меңлік атты сүйікті тоқалы да бар еді. Бәйбіше бедеу болатын. Сондықтан да ханда бала болмаған. Хан бірде жорыққа кетеді. Моғолстанның ескі әдет ғұрпында тоқалдар билігі бәйбішенің қолында болады. Егер қажет деп тапса, ол тоқалды басқа күйеуге беруге де құқылы еді. Сатилмиш Хатун Меңліктің ханнан жүкті екенін біліп қояды. Қызғаныштан оны Ширәввәль Духтуй атты сарайдағы мәртебелі әмірлердің біріне сыйға тартты. Хан жорықтан оралып, Меңлік Хатун жәйін сұрайды. Сатилмиш Хатун оған: «мен оны басқаға сыйладым,»- деп жауап береді. Хан: «ол менен жүкті еді ғой,»- деп наразылық білдіргенімен, Моғол дәстүрі солай болған соң үнсіз қалады.

Коп ұзамай Есенбұға хан қайтыс болады. Моғол тағы хансыз қалады. Ұлыс күйреп бүліншілікке түседі. Осы хәлді көрген әмір Болатшы дулат менің ұлы атам, ханға екі атадан қосылатын туыс болғандықтан хан сайлауға бел буып, елде тәртіп орнату жұмысына кіріседі. Ол Тастемір есімді адамды Духтуй және Меңлік Хатунның жайын біліп келсін деп жұмсайды, егер де ұл туған болса, ұрлап алып келуді тапсырады. Тастемір бұл сапардың ұзақтығын және атты адамның көп тамақ алып жүруі мүмкін еместігін айтып әмірден үш жүз ешкі сұрайды. Әмір тілегі орындайды. XIVғасырдың екінші жартсында Моғолстанның саяси тарихы туралы мағлұматтар аз, әсіресе ішкі өмірі жайлыкөп айтылмаған. XIVғ. Ортасында Оңтүстік Шығыс Қазақстанның және Қырғызстанның территориясында қалыптасқан жаңа мемлекеттің ішкі саясаты тарихи деректерде аз айтылған. «Тарих-и Рашиди» бойынша. Тоғлық Темір дулаттың көмегімен мемлекеттің ішкі жағдайын тұрақтандыра алды және Моғолстан территориясында орналасқан тайпалардың басын біріктіріп басқара алды. Саяси өмірде дулаттар негізгі ролді атқарғанымен, дәстүр бойынша мемлекетті Шыңғыс ұрпақтары басқарды.