Моғол хандарының мемлекетті басқару әдістері


Моғолстан мемлекетінің ханын сайлап алғаннан кейін, дулат Әміршілері мемлекетте өз биліктерін күшейтті. Мемлекеттің ішкі саясатында ең негізгі мәселе хандықта бір орталыққа бағындыру болды. Тоғлық Темір мемлекетінің әкімшілік саяси құрылымы бойынша Әмір және ұлықбектер басқарды. 1-ші ұлықбек Әмір Тулик, содан кейін Болатшы болған. Тоғлық Темір кезінде салық мүселесіне байланысты бірнеше жүйелер пайдаланды. Мысалы: Канан бақшыдан заңсыз салық алғаны үшін шағымдар қарастырылды. Мемлекеттік жер инжу деп аталды. М.Х.Дулатидің және Махмуд бен Валидің айтуы бойынша Тоғлық темір бастаған Моғолстан халқы Ислам дінін белсенді түрде Тоғлық Темір Мәуренахрдың ханы Тармашырын және Кебек ханы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Қарахан деректерде Жетісу қалалары мен Мауренахр орталығы ислам Жібек жолы сауда қатынасы арқылы дамыды. Ал бұл кезде моғолдардың Шағатай әулеті және түріктенген моғолстан феодалдық түңірді ұстанды. М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі бойынша Тоғлық Темірдің ислам дінін кабылдау туралы былай деп атады: «Сол қала күні бүгінде құм астында жатыр, кейде жел құмды ұшырып алып кетсе, күмбез бен мұнаралардың басы қылтиып көрініп қалады. Жел қатты соқса үйлер де құмнан аршылып қалып жататын. Ондайда үйлерге енсең: «Үй жихаздарының сол қалпында сақталғанын, тек үй иелерінің ағараңдаған, қаңырап жатқан сүйегін көрер едіңіз.» Катак ірі қала бола тұра осылай құм астында қалады.

Біршама уақыт өткен соң, Тоғлық Темір хан болды. Осы дақпырт, хабар маулана Аршададдинге жетеді. Маулана дереу жолға жиналып, Ақсудан Моғолстанға сапар шегеді. Хан бұл кезде кемеліне келіп, айбары асқақтап тұрған еді, қаншалықты әрекеттенгенімен маулана ханмен кездесе алмады. Сонда ол әр таң сайын хан сарайына жақын арадан азан шақыруға кірісті. Бірде таңертенгісін хан өз қызметшісін шщақырып алып, былай дейді: «Сен мына дауысты естисің бе? Бір неше күн болды, таң сәріде біреу әндетіп айғайлайды. Барып біл, ол не қылған адам?»-деп бұйырады. Хан жарлығы екі болмайды. Таңғы азанын бітіртпестен сарбаз маулананы желкелей хан құзырына алып келеді. «Сол бір таң шығыста ерекше арайлап атып еді. Күпірліктің қара түнегі түріліп, таң шапағын құрып шашты. Маулана ханды ғұсын жасатып, иман сөзін айтқызды. Хан мұсылман болды. Енді олар мұсылман дінін қалай өрістету шараларына кірісті. Әміршілерді бір-бірлеп шақырып алсақ, сонан соң бәрі ислам дінін қабылдаса мұратқа жеткеніміз, мына аятқа сай: «Бірақ кәпірлер бірігіп алып, сендерге шабуыл жасаса, сендер де бірігіп оларға шабуыл жасаңдар. Естеріңде болсын құдай қашанда діндарлар жағында».Сарайдағы әміршілерді кезекпен кезек шақырып мұсылман дініне кіруді талап еттіп, ұсынды

Mіне, бірінші он жақтағы мемлекеттің ішкі саясаты осындай негізгі саяси окиғалар болды. Осы уақытқа дейінгі ішкі жүне сыртқы саясаты деректердің жетіспеушілігіне байланысты бөліп қарастыру өте қыиын. Бірақ та Тоғлық Темір ішкі саяси ой пікірі деректерді керініс табады. Ол Мауренахрда да (оз билігін) Шағатай әулетінің феодалдар арасында қайшылықты пайдаланып, өз билігін жургізуді жоспарлады Тоғлық Темір 1-ші жорығын 761 ж. раби ас-сани айында (1360 ж ақпан-наурыз) жасады. (Ташкент қаласының маңында) Бұл кезде Тармаширин хандығының дүниеден өткеніне де отыз үш жыл толған. Осы жүз жыл ішінде Шағатай ұлысында сегіз хан патшалық құрған екен.

Темір хан Ташкент даласындағы Ходжент езенінің маңында «чанақ бұлақ» (жаңа бұлақ) деген жерде біраз аялдап, тәре-р мекенді бекетті жиып кеңес ашады. Кеңесе келел Әміршілер мынадай шешімге келеді Керейіт тайпасынан Ұлық Тоқтемірді арқанут тайпасынан Қажыбекті, каңлы тайпасынан Бекжакты алғы сапқа жіберуді жөн деп тапты. Сырдария арқылы өтіп Шахрисябзага қарай бағыт алды. Ол елдің өзінің ішінде Әміршінің араласқан талас-тартыс болып, әмір Ходжа Хорасанға қашып кетті, ал калған түрік Әміршілері өз еркімен Моғолстанға бағынды. Тоғлық Темірдің Кеш қаласын басып алуына байланысты Әмір Темір барлас бачсын иді.

Жаулап алынған мүлікті бөлісу үшін әскерін басшының аралас талас-тартыс болгандыктан Тоғлық Темір кері қайтуға мәжбүр болды, ягни өз жорығын жалғастыра алмады. М.Х. Дулати және Шараф ад-Дин Али Йазди бұл туралы ешқандай мәлімет бермейді. Тоғлык Темірдің сәтсіздігі әскери басшылар тек қана өзара таласып коймай, сонымен қатар ханға қарсы шьқты. Хан мен Өмірлердің арасында келіспеушілік болғандықтан, ойлары, алга қойган максаты бip болмағандықтан бұл жорық сәтсіз аякталды. Тоғлық Темір мақсаты әлсіреген Шағатай мемлекет калпына келтіру, күшейту болды, ал феодалдарды тек қана жаулап алған жерлерін тонап, сол байлықтардың нәтижесінде жағдайын жақсартуды көздеді.

Тоғлық Темір хан Мауренахр шешімін билігіне қол жеткізуі үшін сансыз әскер жинап, келесі жорығын 762 ж. (1361 ж. наурыз, сиыр жылы) джумада-л-аудал айында осы өлкеге сапар шекті. Ол Ходжентке жеткенде Әмір Баязид жалайыр оған бағыныштылық танытып бас иді. Әмір Байан сулдуз бас игендік ниетпен оны карсы алу ушін Самарқанға дейін келді. Әмір кажы барлас алғашқыда қарсыласқанына карамастан тәуекел етіп ханның алдына барды. Осы аралықта хан Әмір Баязидті ұстап өлтіруге жарлық берген болатын. Әмір қажы барлас осыны білген соң, қорқыныштан қашып құтылуға бет бұрды жуне Кеш уүлжаятын паналады. Өз ұлысының бip бөлігін Жейхун (Амудария) өзенінің арғы бетіне көшірді. Жете әскерінің көп сарбаздарын оның соңынан қуа келіп шайқас бастады. Осы шайқаста Жугаш барлас каза тапты.Әмір кажы Хорасанға кетті. Ол Сәбзевар ужаяты, Жувейн қаласы маңындағы хараше аулына жеткенде бip топ карақшылар оны бауыры идихумен бipгe қолға түсіріп өлтірді. Көп ұзамай хорасанды жаулап алғаннан кейін, кектенген үлемді жаулаушы Сахибқыран ыза-кек Семсерімен бip топ жамағатты өлтіртті.

Жете Әміршілердің ішінде ханға еркін кipe алатын тек әмір Хамид болатын. Ол курлакут руынан еді және өз катарының парасаттысы және қырағысы, кабілеттісі болатын және де ол ханға кандай кеңес берсе де, не тілек етсе де, құпталатын. Осы аралықта ол ұлы патша Сахибқыранның шексіз ерлігі жөнінде айта келе, оған кешірімділік жасауды өтініп, араша туседі және оның иелігіндегі аймақтарға рахымсыз жасауды сурады. Хан оны муқият тыңдап, пікіріне қосыла отырып хабаршы жіберіп, Сахибқыранның алдында келуіне талап етті. Муртебелі Сахибқыран оның тілегіне орай алдына келгенде хан оны ізгі ниетпен қабылдап, құрметтеді. Кеш және Тұман аймактарының оған тарту етеді. Хан сол қыста Әмір Хусейінмен соғысуға бел буды. Әмір Хусейін эскерін жиып Вахш өзеніне келеді және осында әскерін кос тігеді. Хан Дарбанд-и Аханиннен өткенде екі жақтан әскері бip - біріне қарсы сап түзеді Осы кезде Кейхұсрау Хотталани өз қолымен Әмір Хусейінді тастап, хан жасағына келіп қосылды. Осыны көрген Әмір Хусейін қашуға ниеттенді, ал хан қуып отырды. Жейхуннан өтіп құндызға жетеді. Оның әскерлері осы өлке мекеніне Гиндкуштің таулы асуына дейінгі аудандарды тонап, талан-таражға тусірді. Көктем мен жазды олар осы аймақтардың төңірегінде, шекті аудандарда еткізді.

Моғолдың алғашқы ханының Шағатай мемлекетіне жорығы осылай аяқталды. Оның саясаттағы сәтсіздік Шағатай әулетінің кұлауындағы объективті кедергісіне көңіл аударуында болды. Өздерінің мемлекеттерінің ішкі жағдайын, шаруашылығын жақсартуды, феодалдық қарым - қатынасты нығайтудың орнына, Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның алғашқы хандары сыртқы саясатқа кеп көңіл бөлді. Сондықтан Темір әскерлері жорық жасағанда мемлекетін нығайта алмады. Ханның Тоғлық Темір кезіндегі ішкі саясаты туралы көп айтылмайды. Әмір Қамараддин Моғолдьң билігін игеруге кipicтi. Алайда Әмірдің оған карсылық көрсетуі және Әмір Темір әскерінің Моғолдарға келуі оның аяғын нық басып емін-еркін билік жургізуіне кесірін тигізді Әмірдің қарсы шығу себебі орталықтанған шыңғыс ұрпағының билігін жалғастыру емес, негізгі себебі дулат тайпасын жоғалту билік баскаруға мумкіндік бермеу болды. Бірақ Қамараддин Моғолдың жартысын бағындырып, Қызыр Қожа хан болғанша билік жүргізіп отырды.