ХҮ ғ. бірінші жартысындағы Моғолстан


Моғолстандағы ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы Орта Азиядағы Темір ұрпақтарының Оңтүстік – Шығыс Қазақстанға көз тігуін одан әрі жалғастыруларына мүмкіндік берді. Қызыр – Қожа ханның төрт баласы - Шам и- Жахан, Мұхаммед оғлан, Шерәлі және Шах – Жахан арасындағы билік жолындағы өзара қырқысулары салдарынан «уәлаят құлдырауға ұшырап, ал адамдары жан – жаққа қашып кетті», Моғолстан мемлекеті бірнеше бөлікке ыдырады. Іс жүзіндегі биліктің жоқтығын пайдаланған Темірдің немересі, Ферғана билеушісі Ескендір 1402 -1403 жылдары шекарадағы Үш –Фирман, Ақсу қалаларын тонап алды, содан соң тереңдеп ене түсіп, Бай, Күш (Құсан), Тарим, Хотан қалаларының төңірегін талан – таражға салды. Бұрынғыдай, Темір кезіндегідей, басып алған жерлерді адамсыз қалдыру әдісі жүргізілді. Деректемелер Темір ұрпағының қыруар табысқа кенелгенін атап көрсетеді. Ескендір Қашқарияны тонағаннан кейін Жетісу жеріне, «Моғолстанның ең шалғай шептеріне дейін», «Алмалық пен Бесбалыққа дейін» жеткен. Моғол билеуші топтары оған қарсылық көрсете алмады. Ұлысбек дуғлат Хұдайдад әмір тауға қашты, ағаларымен айқаста мерейі үстем болған жаңа хан Шам и – Жахан да кері шегінді.

Бұл хан ( 1399 -1408 жылдар), ал одан кейін Мұхаммед хан ( 1408- 1416 жылдар) Темірдің Қытайға жорығын дайындау кезінде басып алған Моғолстанның батыс бөлігін ( Ашпара, Йанги – Тараз ауданы) азат етуге әрекет жасады. Өздерінің саяси және әскери жағдайларын бірте – бірте нығайтып алған бұл хандар ( Му ин ад –дин Натанзидің мағлұматтарына қарағанда бұлардың алғашқысының қарамағындағы халық тоқсан түменге, яғни 900 мың адамға жеткен) өз кезектерінде Темір әулеті мемлекетінің өзара алауыздық күресіне араласып отырған, дәлірек айтқанда, Түркістан қамалдары мен Таласқа ( Йан-ги –Тараз және Ашпара ) бекінген Темір әулетінен шыққан бүлікшіл әмірлерге әскери көмек көрсеткен. Өзара жасасқан бейбіт бітім шарттарына сәйкес басып алған аймақтарынан кете қоймаған Хұдайдад Хұсайниді 1408- 1409 жылдар шамасындағы моғолдар өлтірді де, Янги ( Тараз) бен Сайрам тағы да екі жылға тарта Темір әулетінің мирасқоры атағы мен міндеттерін мойнына алған Хұдайдад ұлы Әбділхалықтың қолында болды.

1411 жылға дейін басып алған жерлерінде билік жүргізген және Шахрух пен Ұлықбектің жоғарғы өкіметіне мойын ұсынбаған Шайх Нұр ад – дин Қыпшаққа байланысты Жошы әулетінің түрік ақсүйектерімен туыстық қатынасын ашып беретін өте қызықты дерек бар. Мырза Хайдар мынадай дерек береді: Өз ағасы Шер – Мұхаммедпен ( 1418 -1425 жылдары Моғолстан ханы) күрес жүргізген, таққа үтіткер моғол Уәйіс хан оғдан Түркістандағы Шайх Нұр ад – динге қашып келеді. Шайх Нұр ад –дин Қыпшақ Уәйіс оғланға қызы Дәулет – Сұлтан Саканджиді ( болашақта Жүніс ханның шешесі ) тұрмысқа беріп, оның Моғолстан тағы жолындағы күресіне көмек көрсетті. Өз кезегінде тіпті бұған дейін Шайх Нұр ад- дин Моғолстан билеушісі Мұхаммед ханнан көмек алған болатын.

Мұхаммед ханның тұсында Моғолстан іс жүзінде Темір әулетіне тәуелді болған жоқ. Сәтті жүргізілген сыртқы саясат ішкі саяси жағдайды белгілі дәрежеде нығайта түсті, феодалдық қырқысулар азая түсті. Мұхаммед хан кейін Моғолстанда бүліктер мен өзара дау – дамай қайта өрбіп, мұны Мауараннахр билеушілері дереу пайдалана қойды. 1414 ж. Қашқария қайтадан Темір әулетінің иелігіне көшті. Ұлықбек 20 –жылдарда Моғолстанның өз ішінде, яғни Жетісу жерлерінде, Солтүстік Тянь –Шаньда Темір әулетінің ықпалын кеңейту қадамдарын жасады. Мұның ең басты әдісі - өзара алауыздық қырқысуларға араласу, өздері қойған адамдарға қолұшын беру.

1418 – 1421 жылдары Моғолстанда өкімет билігі Уәйіс ханның қолында болды. Моғол тағынан екінші бір үміткер Шер – Мұхаммедтің өтініші бойынша 1421 ж. маусымда Ұлықбектің өзі Моғолстанға жорыққа аттанды, бірақ әзірге Моғолстанға өзара қырқыстарға араласуға бас тіккісі келмей, Қарабұлаққа дейін жетті де, кері қайтты. Бұл елдегі өзара алаауыздық қақтығыстарға сипаттама беру тұрғысынан Хафиз-и Абрудың Темір ұрпағы Шапхрух елшілігінің Моғол жері арқылы Қытайға барған жолын баяндайтын әңгімесі көңіл аудартады. Егіншілік солтүстік жолмен, яғни Оңтүстік – Шығыс Қазақстан арқылы Ташкен т – Сайрам – Ашпара –«моғол елі», яғни Моғолстан арқылы жүрді. «Уәйіс хан ( Вайс хан) Шер – Мұхаммед оғланға қарсы соғыс ашты, ұлыс алауыздық жағдайда » деген хабар алдық. Елшілер Белгіті мекеніне соқпай өтіп, бектердің бірі, Мұхамамед бектің жеке иелігіне жетті. Деректемеде оны «ұлыс хакімі», ұлан – ғайыр иелікті билеуші деп атайды. Күнгір өзенінен өткен соң, Жұлдызға келіп, одан әрі «Шер - Бахрам еліне», әрі қарай «бүкіл Моғолстан арқылы Турфанға» барады. Елшілер Қытайдан қайтар жолда тоқтамай отырған өзара бақталастық қақтығысулардың салдарынан «Моғолстан жолдары тынышсыздану болғаны себепті» оңтүстік бағытпен: Хотан – Қашқар - Әндіжан арқылы жүргенді жөн көрді.

Ұлықбектің көмегіне сүйенген Шер- Мұхаммед 1421 ж. елде билікті өз қолына алды. Моғол әмірлері мен бектерінің бір тобы оны қолдаса, енді бір тобы Уәйіс хан жағында қаллды. Шер – Мұхаммед Моғолстан ханы болғаннан кейін Ұлықбекке бағынуды қойды, бұл 1425 ж. Темір әулетінің Моғолстанға жорыққа аттануына себеп болды. Темір әулетінің ХҮ ғасырдың 1 –ші жартысында Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағына байланысты ұстаған саясаты осы аймақтар «көшпелілердің шапқыншылықтарына тойтарыс беруден» гөрі осы аумақтарға шабуыл жасау бағытында болды. Темір әулеті Түркістан қалаларын басып алды. Жоғарыда атап өткен Барақ ханның Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанақ қаласының қай тару бағытында талаптары 1427 ж. Ұлықбектің Ақ Ордаға қарсы жорығына себеп болды.

Жорық алдында Темір әулиетінің әскерлері Сайрам , Отырар, Сауран, Янги –Тараз қалаларымен қоса Оңтүстік - Шығыс Қазақстан аудандарын басып алды. Жекелеген жасақтарының құрамы 20 мың адамнан құралған қалың 80 -100 мыңдық әскер жолы әуелі Оңтүстік Қазақстанды басып өтті . Ұлықбек әскерінің сол қанаты қыста Отырар мен оның төңірегінде орналасты.

Темір әулиеті әскери отрядтарының моғолдармен алғашқы қақтығысы Йанги – Тараз маңында болды. Ұлықбектің жорық алдында Шахрухида , Отырарда және Ашпарада қыстаған кезінде моғолдар Темір әулетінен Талас бойындағы жерлерді тартып алған болатын. Деректемелер осы уақытта Талас алқабында моғолдар ортасында ұлы Түк –Темірмен бірге Ибраһим басқарған керейлердің ( керейттердің ) , Улжайту Темір басқарған салжұқтардың және Иразан басқарған ба ариндердің болғанын айтады. Олар мұндай үй –іштерімен (коч), жүктерімен (боне) бірге жүрген . Жақын маңдағы көрші – қоныстықтар (үйлер, киіз үй –ханақылар, бойугаттар ) тоналды, бірақ Темір әулиеті әскерлері кері шегінген моғолдарды жоғарыда аталған Қызылсу өзенінде қуып жетіп, «адамдарды тұтқынға ала бастады, қисапсыз олжа тапты: отар –отар қой ,үйір –үйір жылқы ,сан жетпейтін , аса көп әр түрлі бұйымдар мен заттарды қолға түсірді ». Ұлықбектің осы жорығын тәптіштеп жазған Мирконд Мауарнахрдың «отырықшы » билеушілерінің Оңтүстік –Шығыс Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындарына жасаған жорығының мұндай тонаушылық сипаттағы мақсаттарын қайта –қайта келтірілген. «Әскерлерге оның (Қамар ад-адин әмірдің ұлы Жаханшах дуғлаттың) қол астыларындағылардан түскендердін барлығын өлтіруге; әйелдер мен балаларды тұтқынға алуға, бұл халықтың бар мүлкін тонап, талан-таражға салуға рұқсат етіледі». Мауараннахар билеушілірінің Қазақстан аумағына жасалған әскери жорықтары туралы түпкі деректемелер материалдары ортағасырлық Қазақстан тарихының демографиялық сәттерін анықтау үшін аса қызықты болып табылады. Рас, бұл материалдарды нақты сандар аталмайды, ал таран-таражбен халықты қырып жою көлемі белгі дәрежеде тым артығырақ суреттелінетін (ортағасырлық тарихшыға қамқорлық жасап отырған билеуші-иесінің табыстарын мадақтау мақсатында) де ескеру керек, бірақ соған қарамастан, бұл мағлұматтарды елемеулегеде болмайды. Темір әулеті Қазақстан аумағында көршілес мемлекеттерді әлсіретуге байланысты өз атасы, ұлы басқыншы Темір саясатын жалғастырды. Бұл мақсаты орындаудың басты құралдарының бірі хзалықты қырып жою, оларды тұтқын етіп әкету сөйтіп көрші мемлекет билеушісін оның негізгі күші – бағынышты адамдарынан айыру болды. Мирхонд та бұл жайды қайта – қайта жазды: «Қазіргі қимылдарымыздың ең дұрыс сипаты біздің оларды ( моғолдарды) жаппай жоюға кірісуіміз болып табылады. Олардың күші мен қуатының бетін қайтару үшін біз олардың табын – табын малын, заттары мен үй мүліктерін, Текес өзенінен өткен адамдардың бұйымдарын ( сөз моғол ханы Шер- Мұхаммедтің жүктері мен адамдары жайлы болып отыр) басып аламыз». Темір әулетінің әскерлері жүріп өткен жерлердің барлығын да «тұрғындар қырып – жойылды, қайғы – қасірет себілді». Темір әулеті жэасақтары «Жете ұлысының ( яғни Моғолстанның ) бірқатарын тонап, талады. Жеңімпаз әскер Күнгестің аяқ баспаған жерлеріне немесе биік тау сыртына барып тығылған Жете тайпаларын ( қабаил ) қолға түсіріп, қырды. Бұо елде ешқандай тұрғын қалған жоқ». Темір әулеті әскерлерінің 1425ж. Оңтүстік –Шығыс Қазақстанға жасаған шапқыншылығының нәтижелері осындай.

Моғолстандағы ауық – ауық орталықсыз қалу жағдайы «тайпалар», «ұлыстар», «елдер» және басқа да жеке иеліктер басшылары - әмірлер мен бектерді не көршілес ұлыс, тайпа көсеміне, не ханға көмек көрсетпей, әрқайсысының өз бетінше қимыл жасалуына әкеліп соқтырды. Мирхонд Темір әулеті жкек –дара қарсы шығып, соның салдарынан бірінен соң бірі сәтсіздікке ұшыраған бірнеше моғол феодалдарын атайды. Темір әу леті әскерлері соңдарына түскен керейлер мен ба ариндер осында Қызылсу өзенінде Боам шатқалы жанында тағы да қырғынға ұшырады. Өз тайпасын ( қауымын) ертіп кері шегінбек болған Жаханшах дуғлатты басып алған мал – мүлікті, адамдарды қайтару үшін Темір әулеті әскерлеріне қарсы шығару Ибрахимге оңайлыққа түскен жоқ. Ақсу өзенінде болған айқаста моғолдар күйрей жеңілді, Ибрахимге керейіт пен Улжайту сальдуз қаза тапты. Жаханшах дуғлаттарымен Үлкен Кеминге қашты. Моғол әмірлері мен бектерінің бытыраңқылығын пайдаланған Темір әулетінің әскербасылары олардың әскери күштерінің бірігуіне жол бермеді. Үлкен Кеминге Жаханшах дуғлатқа қарсы 5 мың қолдық жасақ аттандырылды. Біраз уақыт өткен соң, Ұлықбекке жетен мәлімдеме бойынша, Жаханшах моғолдардың басқа екі әмірі Садр әл – Ислам және М әлік әл – Ислам күштеріне қосылмақ болып, Ыстықкөлдегі өз жұртына кеткенде, Темір әулеті оның бұл ойының орындалуына жол бермеді: Жаханшахқа қарсы дереу жөнелтілген Сұлтан Уәйіс барластың жасағы дуғлаттарды тас – талқан етті, ұлыс көсемі тағы да асығыс кері шегінуге мәжбүр болды.

1428 ж. ұлықбек Моғолстанға тағы да Сатұқ хан бастаған әскер аттандырылды. Уәйіс хан Темір әулетін Ыстықкөл маңында Бақабұлан деген жерде күтіп алды. Шайқас барысында моғол ханы қаза тапты.