Химиялық байланыстардың түрлері


Химиялық байланыстың түрлері өте көп, олар табиғаты бойынша бөлінеді. Молекулалар арасындағы байланыстар электроваленттік және коваленттік болып екіге бөлінеді.

Электрваленттік байланыс қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің арасында пайда болады. Электрваленттік байланыс бір атомның жұптаспаған электрондарының екінші атомға берілуі әсерінен зарядталған иондар түзілуі салдарынан пайда болады, өзара бірін-бірі тартады:

А∙ + ∙В → А+  + : В-

Мұнда үш түрлі әрекеттесу болады: иондық байланыс, ион мен диполь, диполь мен диполь арасындағы байланыс.

Иондық байланыс деп катион мен анион арасындағы тартылу күшінің әсерінен пайда болатын байланысты айтады. Иондық  қосылыстардың балқу температурасы жоғары және олар қатты заттар болып келеді.

Коваленттік байланыс. Екі не одан да көп атомдардың арасында жұп электрондар болса, байланыс пайда болады. Демек, екі атом орбитальдарының бүркесуі арқылы түзілетін байланысты коваленттік байланыс деп атайды:   

   А∙ + ∙В → А : В

 Сутектік байланыс коваленттік байланысқан сутек атомымен екінші молекуланың бос электроны арқылы түзіледі. Бұл байланыстың энергиясы аз, 3-10ккал/моль, сондықтан мұндай байланыстар тез үзіледі, бірақ заттың физикалық қасиеттеріне әсері болады.