Тележурналдар



Бүгінгі күні телевидениенің қарқынды дамуына байланысты барлық елдерде телеапталықтардың таралымы өскен. Америкалық телеапталық "ТВ-Гайд-тың" таралымы 20 млн данаға жетсе, батыс германдық "Хер цу-дың" таралымы 6 млн. данаға, ал француздардың "Теле-7 жур" журналы 3 млн. данамен таралады. Ақпарат айдынында тележурналдар ақпарат беру әрі көңіл көтеру функциясын қатар алып жүретін журналдардың бір түрі ретінде қалыптасты. Бұл бағыттағы кез келген журналдың негізгі бөлігін – телерадио бағдарлама алатыны сөзсіз. Бұрын апталықтар бағдарламаның тек уақытын ғана көрсетіп беретін болса, қазір әртүрлі формасын ойлап тапқан. Бағдарламаны тақырып бойынша орналастыру қолға алынған. Мәселен, ғьлыми бағдарламаны бір бөлек, музыкалық, көңіл көтеру бағытындағы шоуларды бір бөлек береді, ал әйелдер мен ер адамдарға арналған бағдарламаларды бөлек топтастырады. Әйелдерге арналған бағдарламаларда сән үлгісі, кулинарлық кеңестер, кинокартиналар, медицина тақырыбындағы хабарлар беріледі. Тележурналдарда бағдарламаларға комментарий беріледі, киножұлдыздар, қоғам қайраткерлері туралы мәліметтерді кездестіретініңіз сөзсіз. Сонымен қатар тележурналдар көңіл көтеру мақсатындағы ақпараттар мен тұрмыстық жайттарға көбірек тоқталады. Кулинарлық рецептер, жаңа киім үлгілері, дәрігер кеңесі, ауа-райы жайлы мәлімет, юмористік әңгімелер - тележурналдардың негізгі тақырыптары. Тележурналдарда жарнаманың  үлесі мол. Кей кезде басылым көлемінің 70-80% дейін жарнама алып жатады.

Француз ақпарат айдынында телеапталықтардың қатары мол. Бірақ ешқайсы

 бірін-бірі қайталамайды, әрқайсысының өз аудиториясы бар.

  1. "Теле-7 жур" -3 000 000 дана.
  2. "Теле Пош" -1 820 000 дана.
  3. "Теле стар" -1 426 849 дана.
  4. "Теле Луазир" -1 200 000 дана.
  5. "Теле Кулер" - 500 000 дана.
  6. "Теле рама" - 491 000 дана.
  7. "Теле от А до Z" - 494 898 дана.
  8. "Теле-Магазин" - 341 416 дана.
  9. "ПЛЮС" - 150 000 дана.
  10. "Теле журналы" - 118 111 дана.
  11. "Теле К-7" - 95 000 дана.
  12. "Теле плю кюзин" - белгісіз.
  13. "Сюпер теле" - белгісіз.
  14. "Теле Гид" -1986 жылдан бері шығарылуын тоқтатты.

Француз тележурналдарының көшбасшысы болып "Теле -7 жур" журналы саналады. Журнал 1960 жылы монополист Ж. Прувоның иелігінде жарық көрген.

Журналдың жетістікке жетуіне журналистерінің еңбегі мол. 1976 жылы Пруво империясы құлдырауға ұшырап, басылым "Ашетт" тобының қарамағына өтеді. Басылымның жаңа иелері журналдың бет-бейнесін сәл-пәл өзгертіп, америкалық "Ридерс дайджест" журналын үлгі тұта отырып,  мәдени-ағарту тақырыптарымен толықтырды.

"Теле 7-жур" журналының мақсаты – телекөрермендерлі  хабарларды көруге дайындау, өткен аптада көрсетілген көрсетілімдерді талқылау.

Тележурналдардың арасында таралу ауқымы жағынан екінші орынды  "Теле Пош" журналы иемденеді. Журнал жеңіл-желпі баспасөздің "королі" атанған Дель Дюканың иелігіңде.  1960 жылдан шығарыла бастаған журналдың негізгі оқырманы – 12 мен 20 жас аралығындағы жастар. Журнал шағын форматпен қалтаға салуға лайықталып шығарылған. Жолда жүргенде, кезекте отырғанда оқуға өте ыңғайлы. Апталық өз оқырмандарына телебағдарламамен қатар фоторомандарды, комикстарды, кроссвордтарды ұсынады. Сондай-ақ, бұл журнал бетінде де сән үлгілері кулинарлық рецептер орын алған. "Теле пош" 1966 жылы 850 000 дана  болып шықты. Қазіргі кездегі тиражы - 1 850 000 дана.  Қазіргі иесі "Эдисьон Мондьяль" тобы.

Тележурналдың ішіндегі өзіндік бет-бейнесі бар апталықтың бірі - "Телерама". Еуропадағы клерикалды баспа тобы шығарған  бұл журнал алғашында  (1850 жылы) "Радьо, синема, телевизьон" болып   аталынса,    кейіннен   (1960   жылы)    "Телерама"    болып өзгертілді.

"Телераманың" алдыңғы екі журналдан ерекшелігі – телевизия  жайындағы сыни материалдарды жариялауы. Соңғы жылдары музыкалық тақырыпқа да мақалалар жариялап, әдеби сынды да  басты назарда ұстап отыр. Сонымен, "Телепош" телебағдарламаны жариялап ғана қоймайды, телехабарларға баға береді.

"Телерама"  зиялы   қауым   өкілдеріне   арналған   элиталық  басылым.