№ 3 зертханалық сабақ.


Көмірсутектерді (алкендерді) алу және химиялық қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: Алкендерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттеу. Метанның қасиеттерімен салыстыру.

Реактивтер мен жабықтар: этил спирті (С2Н5ОН), күкірт қышқылы (Н2SO4 концентрлі), калий перманганатының (КМnO4) ерітіндісі, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, пемза үгінділері, спирт шамы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5 мл этил спиртін құйыныздар және оған абайлап 2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосыныздар. Үстіне қыздырған кезде қоспа біркелкі қайнау үшін пемза түйірлерін салыңыздар. Пробирканы баяу және ептілікпен қыздырыныздар.

Қыздырғанда пробиркадағы қоспа қарая бастайды, одан этилен газы бөлінеді.

Түтіктен шығып жатқан этиленді екінші пробиркадағы 1мл калий перманганатының ерітіндісіне жіберіңіздер. Не байқалады?

Бөлініп жатқан этиленді су астында жинап алып немесе газ түтігінің ұшында жағыңыздар. Жалынның түсін байқаныздар. Қыздыруды тоқтатып, құралды суытыңыздар.

 Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар

1. KMnO4 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады? Неліктен?

2. Зертханада этиленді алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

3. Неліктен тәжірибеде қолданылған күкірт қышқылы концентрлі болуы керек?

4. Калий перманганатының ертіндісі түссізденеді. Неге?

5. Этилен жалынымен метан жалынының айырмашылығы неде?

6. Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.