Алкандар тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура

1.1. С6Н14 көмірсутектің изомерлерінің структуралық формулаларын жазып, әр изомерді жүйелік номенклатура бойынша атау керек:

а) қалыпты құрылысты;

ә) екі үшіншілік көміртегі атомдары болса;

б) төртіншілік көміртегі атомы болса;

в) бір үшіншілік көміртегі атомы болатын 2 изомер.

1.2. Келесі көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек:

а) 2,2-диметилгексан;

ә) 2,3-диметил-3-этилгексан;

б) 2,3,4-триметилпентан;

в) 2,5-диметил-3,3-диэтилгексан.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. а) изобутанда; ә) 2-метилбутанда бір сутегі атомын хлорға ауыстырса, реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек, түзілген монотуындыларды атау керек.

2.2. а) изобутанға; ә) 2-метилбутанға азот қышқылымен әсер еткенде түзілген нитроқосылыстарды атап, реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.

2.3. Қалыпты құрылысы С21Н44 болатын көмірсутегінің

а) жану реакциясының теңдеуін оттегі артық мөлшерде;

ә) карбон қышқылдарын (мүмкін болатын реакциялардың біреуін) алу реакциясының (тотықтырғыш жетпеген жағдайда) теңдеуін жазу керек.

2.4. Көмірсутектердің крекингісінің мәні неде?

а) бутан; ә) гексан крекингіге ұшырағанда жүретін реакциялар кестесін жазу керек.

2.5. 11,2 литр пропанды жаққанда түзілген СО2 газын жұту үшін тығыздығы 1,09г/см3 8%-ті натрий гидроксидінің (қышқыл тұз түзілсе) қандай көлемі қажет? Жауабы: 688мл.

2.6. 0,1моль қаныққан көмірсутекті жағу үшін 56л ауа (қ.ж.) жұмсалған болса (ауадағы оттегі мөлшері 20%), осы көмірсутектің структуралық формуласын жазу керек. Жауабы: С3Н8.

2.7. 0,048кг метан және 0,042м3 (қ.ж.) этаннан тұратын қоспаны жағу үшін қажет оттегі көлемі қанша?

2.8. 1л этан жанғанда түзілген көмір қышқыл газын жұту үшін 12% -ті

(ρ = 1,1 ∙10-3 кг/м3) калий гидроксидінің қандай көлемі қажет?

2.9. Циклопропанды жаққанда 6л СО2 түзілген болса, қ.ж. қанша көлем оттегі жұмсалған?

2.10. 1моль қаныққан көмірсутекті жаққанда 22,4л көмір (IV) оксиді (қ.ж.) және 36г су түзіледі. Осы газдың 1л көлемін жаққанда қанша көлем ауа қажет, газдың формуласын табу керек.

3. Алу әдістері

3.1. а) 2-метил-2-иодпропан; ә) 2-бромбутан галогентуындылар натрий металымен әрекеттескенде түзілетін заттардың аттарын атап, реакция теңдеулерін жазу керек (Вюрца синтезі бойынша).

3.2. Мына көмірсутектерді а) 2,2,3-триметилпентан; 2,4-диметилгексан алу үшін Вюрца реакциясы бойынша қандай галогеналкилдер әрекеттескен? Реакция теңдеулерін жазу керек.

3.3. 25г сусыз сірке қышқыл натрий тұзын сілтімен қыздырғанда қанша көлем метан түзілген?

3.4. 10кг алюминий карбидінен қанша көлем метан түзіледі?

3.5. Бір негізді тармақталмаған скелетті карбон қышқылының натрий тұзының сулы ерітіндісінің электролизі кезінде анодта газ және 84,21% массасы бойынша көміртегісі бар сұйық бөлінген. Белгісіз тұзды анықтап, электролиз реакциясының теңдеуін жазу керек.

3.6. 28,8г қаныққан монокарбон қышқылының натрий тұзын натрий гидроксидінің артық мөлшерімен балқытқанда шығымы 79%-болатын 4,63л газ (қ.ж.) бөлінген. Қандай газ бөлінгенін анықтау керек.