Алкиндер тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомериясы және номенклатурасы (атауы)

1.1. Құрамы а) С5Н8; ә) С4Н6 алкиндердің барлық изомерлерін жазып, аттарын атау керек.

1.2. Мына көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек: а) 4,4-диметил-2-пентин; ә) 3-метил-1-пентин; б) 2,6-диметил-3-гептин; в) 2,2,5,5-тетраметил-3-гексин.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. Көмірсутектердің сатылы гидрленуінің реакциялар кестелерін жазып:

а) 3-метил-1-бутиннің; ә) 2,5-диметил-3-гексиннің және түзілген көмірсутектерді атау керек.

2.2. Мына реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіп:

а) 1-бутинге бромның әсерін; ә) 2-бутинге хлор әсерін; б) бромның диизопропилацетиленге әсерін, түзілген қосылыстарды атау керек. Еселік байланысқа сапалық реакцияны көрсету керек.

2.3. Мына алғашқы заттарды: а) ацетилен; ә) 1-бутин; б) 4,4-диметил-1-пентин алып, алкиндердің гидратация және галоген сутек қосылу реакцияларын жазу керек. Алынған заттар органикалық заттардың қай кластарына жатады?

2.4. Ацетиленге мына заттардың а) күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісінің; ә) металл натрийдің; б) тетрааммин мыс (II) хлоридінің аммиактағы ерітіндісінің әсерінен ацетиленидтер түзілу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.

2.5. Ацетиленді гидрлегенде 96г эквимолярлы этан мен этеннің қоспасы түзілген болса, қанша масса ацетилен реакцияға түскен?

2.6. Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі арқылы ацетиленді өткізгенде, сутегісі жоқ қопарылғыш зат түзілген болса, қосылыстың структуралық формуласы қандай? Егер өнім шығымы 80% болса, 0,024кг реакция өнімі түзілу үшін қанша көлем (қ.ж.) ацетилен керек?

2.7. 1моль ацетиленді жаққанда 1350кДж жылу бөлінген болса, 2м3 ацетиленді жаққанда қанша жылу бөлінеді?

2.8. 1моль ацетиленді жаққанда 1350кДж жылу бөлінеді. 9т суды айыру үшін қажет жылу алу үшін қанша көлем қ.ж. ацетиленді жағу керек? Судың айрылу реакциясының жылу эффектісі 572кДж/моль.

2.9. 4,3мл тетрабромтуынды (ρ = 2,848 . 103 кг/м3) алу үшін неше грамм бром және қанша литр ацетилен қажет?

2.10. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын химиялық реакциялар теңдеулерін жазу керек:

3. Алу әдістері

3.1. Мына галогентуындыларға а) 1,1-дибромбутанға; ә) 4-метил-1,2-дихлорпентанға; б) 2,2-диметил-3,3-дибромпентанға; в) 3,4-дииодгексанға сілтінің спирттегі ерітіндісімен әрекет етіп, алкиндер алу теңдеулерін жазып, алынған заттарды атау керек.

3.2. Мына өзгерісті жүзеге асыру керек.

СН3СН=СНСН3 → СН3СНВгСНВгСН3 → СН3С≡ССН3

Осы кестені пайдаланып, қай алкеннен а) 4-метил-2-пентен; ә) 2-метил-2-пентен; б) 2-метил-1-гексен алкин алуға болатынын көрсету керек.

3.3. Мына металдар ацетиленидтерімен галогеналкилдер әсерлесуі нәтижесінде алкин алу реакциялар теңдеулерін жазу керек:

а) 2- бромпропан мен мононатрий ацетилениді НС≡СNa;

ә) 3-метил-1-иодбутан мен СН3С≡СNa;

б) 2-метил-1-бромпропан мен изопропил натрий ацетилениді.

3.4. 200г техникалық карбидтен 67,2л ацетилен алынса, карбидте қанша қоспа болғаны?

3.5. 1м3 табиғи газда 97,6% метан болса, онда қанша литр қ.ж. ацетилен алынады?