Көмірсутектердің галоген туындылары тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура

1.1. Мына қосылыстардың а) С3Н7I; ә) С4Н5Сl; б) С4Н7Сl галогендердің орналасуына және көміртек скелетіне байланысты изомерлерін жазып, аттарын атау керек.

1.2. Мына заттардың а) этиленнің; ә) пропиленнің; б) гексеннің монобром туындыларының формулаларын жазу керек. Бромды винил мен бромды аллилді көрсету керек.

1.3. Мына заттардың формулаларын жазу керек:

а) 4-метил-5 бром-1-гептеннің;

ә) 3-метил-2-хлор-1-гептеннің;

б) 2-хлор-1,3-бутадиеннің;

в) 5-иод-1,3-пентадиеннің. Хлорпренді көрсету керек.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. Мына моногалогентуындыларға:

а) 3-метил-1-хлорбутанға,

ә) 3-метил-2 бромгексанға;

б) 2,5-диметил-3-хлорпентанға сілті ерітіндісімен әсер етіп, гидролиз реакциясының теңдеуін жазу керек, түзілген қосылыстар қай кластарға жатады?

2.2. Дигалоген туындылардың сілтілік гидролизінің теңдеуін жазу керек:

а) 2-метил-1,4-дибромбутанның;

ә) 2,2-диметил-1,3-дихлорпропанның.

2.3. Алынған заттар қай кластарға жатады?

а) хлорлы винилдің;

ә) 2-хлор-1,3-бутадиеннің (хлорпрен) полимерлену реакциясының кестесін жазу керек. Түзілген полимерлер қалай аталады?

2.4. 6,45г газтәріздес галогеналкандарды жаққанда 4,48л көмірқышқыл газы мен 2,24л хлорлы сутек (қ.ж.) түзілген. Белгісіз заттың қ.ж. тығыздығы –2,879г/л. Заттың молекулалық формуласын анықтау қажет.

3. Алу әдістері

3.1.112см3 қаныққан көмірсутекті радикалды механизм бойынша хлорлағанда түзілген хлорлы сутекті бейтараптау үшін 7,26мл натрий гидроксиді (10%-ті, ρ = 1,1г/мл ерітіндісі) жұмсалған. Алғашқы көмірсутектегідегі сутегінің неше атомы хлорға ауысқанын есептеу керек.

3.2.

а) этиленнен;

ә) ацетиленнен хлорлы винилді алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Мына өзгерістерді жүргізетін реакциялар теңдеулерін жазу керек.