Үш атомды спирттер. Глицерин


Бұлардың ең қарапайым өкілі – глицерин: СН2ОНСНОНСН2ОН

Үш атомды спирттерді халықаралық номенклатура бойынша атау үшін көмірсутектің атауына «триол» деген жалғауды қосып, гидроксил топтарының орнын көміртегі атомының нөмірімен көрсетеді.

Мысалы: СН3СНОНСНОНСН2ОН бутантриол-1,2,3

Глицериннің химиялық қасиеттерін үш гидроксил топтары анықтайды.

1. Гидроксил тобындағы сутегі атомдары сілтілік металдармен қатар басқа металдарға да ауысады, егер олар (темір, мыс, кальций, барий, т.б. металдар) гидроксидтерімен әрекеттессе. Оларды глицераттар деп атайды. Көп атомды спирттердің бір қасиеті ауыр металдардың гидроксидтерін ерітеді де комплекс тұздар түзеді, мыс глицераты сияқты.

Мысалы, глицерин мыс(II) гидроксидімен әрекеттесіп, көк түсті мыс глицератын түзеді.

мыс глицераты

Бұл реакция глицеринге сапалық реакция болып табылады.

2. Галоген сутектермен әрекеттесіп, моно-, дигалоген глицерин гидриндерін түзеді.

3. Галоген сутектермен әрекеттесіп, моно-, дигалоген глицерин гидриндерін түзеді.

4. Минералды не органикалық қышқылдармен әрекеттесіп, толық және толық емес күрделі эфирлер түзеді. Глицериннің толық азотқышқылды эфирі – глицеринтринитрат не нитроглицерин алады, ол қопарылғыш (жарылғыш) зат, одан динамит жасайды.

Глицерин химия, тамақ өндірістерінде, пластмасса жасауға, косметикалық заттар жасауға қолданылады.