Францияның әйелдер журналдары



Француз әйелдеріне арналған журналдар ХVІІІ ғасырдан бастап шыға бастаған. Алғашында журналдар әдеби-ағартушылық бағытта болып, дінді негізгі тақырып етіп, үй-шаруасын жүргізуге ақыл кеңестер берген. Уақыт өте келе әйелдер журналдарының  тақырыптары өзгеріп, заманға қарай бейімделді.

Францияның әйелдер журналдары бірнеше бағытта шығады.

1. Жас   мөлшеріне   қарай   бөлінеді:   15-20   жас   арасындағы бойжеткендерге және 25-45 жас арасындағы әйелдерге арналған.

2. Әлеуметтік жағдайға қарай бөлінеді: ауқатты топқа және  кедей-кепшікке арналған.

Соңғы   жылдары   іскер   әйелдерге   арналған   журналдарға сұраныс өскен.

Француз журналистикасында әйелдер журналдары маңызды орын алады. 10 млн таралыммен шығатын әйелдер журналдарының  дүниежүзілік ақпарат айдынында алар орны салмақты.

Француз әйелдер журналдарының ішіндегі беделдісі танымалы - «Эль» журналы. 1945 жылдың қараша айында жарық  көрген журнал бұл күнде 19 елге тарайды. Журналды шығарушы  Елена Гордон-Лазереф соғыстан кейін ұнжырғасы түскен әйелдердің рухын көтеруді өзіне басты мақсат етті. Оған дейін Американың «Харперс базар» журналының сән бөлімінде редакторлық қызмет істеген Елена Гордон Лазерефтің сапалы журнал шығаруға тәжірибесі жететін еді.

Журналды шығарушылар өзінің алғашқы номерінен бастап  оқырмандармен тығыз байланыс орнатуға тырысқан. 1946 жылы «Эль» журналының бетінде жұлдызнама беріліп, 1947 жылдан  бастап апталық өз оқырмандарына сыйлық тағайындауды қолға алған ( алғашқы сыйлық - 5 метр мата болған).

1956 жылдан бастап «Стиль Эль», «Энциклопедия Эль», «Клуб Эль» қосымшаларын шығара бастайды. 70-жылдары «Эль» құлдырауға ұшырады.                          Е. Г. Лазерефтің орнына Ж. П.Фаркас пен Л. Гэлар келді. Бұлардың екі бағыт ұстануы, екі көзқараста болуы журналды құлдырауға әкеп соқты. Жан-Пьер Фаркас журналды жеңіл-желпі дүниелермен толтырып, көңіл көтеруді мақсат етсе, ал Анна Гэлар талдамалы, ақпараттық мазмұндағы саяси журнал шығаруды көздеген.

1981 жылы «Эль» журналы «жеңіл-желпі баспасөздің королі» саналатын Даниель Филиппакидің қарамағындағы «Ашетт» тобына өтеді. Филиппаки «Эль» журналын сапасы жоғары, көпшілікке арналған журнал ретінде шығаруды мақсат етеді.

«Эль» журналының оқырмандарының негізі - ауқатты әйелдер. Француз модасын, француз сұлулығын әлемге әспеттейтін апталық алғаш америка аудиториясын меңгеруден бастады. Журнал бұл күнде Батыс Еуропада, Қытайда шығып тұрады. «Эльдің» әр елдегі нұсқасын жергілікті журналистер дайындайды, тек қана америкалық басылымын француз Режи Панье редакциялайды.

Франция әйелдер журналының ішіндегі бетке ұстарының бірі – «Мари Клэр» журналы.  1937 жылы Ж. Пруво иелігінде жарық көрген журнал соғыс уақытында шықпай қалған. 1950 жылдары айлық басылым ретінде шығып тұрса, 1980 жылдан бері апталық ретіңде жарық көріп тұрады.

«Мари Клэр» – қызмет істемейтін, бар өмірін отбасына сарп еткен бай әйелдерге арналған. Журнал - байлардың жұбайларының өмір сүру ырғағына ыңғайланып шығады. Зәулім сарайларды, қымбат жиһаздарды жарнамалайтын, қонақ қабылдау рәсімінен толық мәлімет беретін апталықтың оқырманы да көп.

70-жылдардың соңында Ж.Прувоның басқа басылымдары сияқты «Мари Клэрде» «Ашет» тобы мен «Л'ореаль» фирмасының қол астына өтті. Қазіргі кезде журнал «Л'ореаль» фирмасының өнімін әрі осы фирманың иесі Лилиан Бетанкурды (9,6 млрд франк байлығы бар) үзбей жарнамалап тұрады.

Француз әйелдер журналдарының қатарын «Мар Франс» да толықтыра түседі. Алғашында, яғни 1944 жылы басылым аптасына бір рет шықса, 1956 жылдан бері ай сайын шығып тұрады. Журналдың негізін салған - Э.Амори және католик әйелдердің лигасы. Журналдың қазіргі иесі - Амори тобы, таралымы - 513 000 дана. Журнал «Актуалды репортаж», «Үй-ішін реттестіру», «Сұлулық», «Біздің айдарлар» сияқты бөлімдерден тұрады.

«Мар Франс» журналының басқалардан ерекшелігі - оқырмандарының ешкімге еліктемей, өз жолымен жүргенін қалайды, әрі сол бағытта тәрбиелейді.

Француз әйелдер журналдарының ішінде еркіндікті, әйелдердің үстемдігін насихаттайтыны «Космополитен» журналы. Америка журналының француздық нұсқасы 1973 жылы жарық көрді. «Космополитен» жалғыз басты әйелдердің проблемасына алғашқы болып үн қатқан басылым. 1982 жылдан бастап ер адамдарға арналған нұсқасы шығып тұрады. Журналдың әр нөмірінде психологиялық 4 материал, кәсіпке арналған 2 мақала, бір мақала медицина тақырыбына, бір мақала саяси тақырыпқа арналады.

Францияның әйелдерге арналған журналдарының қатарын «Мод э траво», «Фам д ожурдюи», «Прима», «Фам актюэль» толықтырады.

«Мод э траво» журналының иелері ерлі-зайыпты Бушерилер басылымын қарапайым халыққа арнап шығарған. Жоғарыда аталған журналдардан өзгешелігі - қалтасы жұқалтаң оқырмандардың жағдайын түсіне отырып, күнделікті киетін киім үлгілерін ұсынады. Оқырмандарының көпшілігі - 15 пен 34 жас арасындағы жастар.

«Мод э травомен» сипаттас «Мод де Пари лур ву мадам» журналы 1948 жылдан бері Чино дель Дюканың иелігінде шығып тұрады. Бұл журнал фоторомандарды, махаббат тақырыбына арналған повестер мен әңгімелерді жариялауды қолға алған.

Француз әйелдер журналының қатарын бельгиялық журналдың француздық нұсқасы «Фам Ожурдюи» толықтыра түсуде. Отбасындағы береке - бірлікті насихаттайтын басылымның негізгі мақсаты - анасы мен қызының сыйластығын үлгі ету. Сонымен қатар, отбасы мен қызметті қатар алып жүретін әйелдерді қызықтыратын тақырыптарға жиі тоқталады. Таралымы 928 672 дана. Газет иелері - «Ашетт» тресі мен бельгияның «Лакст ньюс» фирмасы.

Топ атаулары Басылымдар Таралымы

1.     "Ашет" Газеттер:

  • Журналь дю диманш 340 585
  • Эко репюбликен 31 000
  • Дерньер нувель д,Альзас 218 595
  • Апталықтар:
  • Теле-7жур 2 821 585
  • Франс Диманш 693 380
  • Гид-кюзин 331 871
  • Эль (Франция) 395 007
  • Конфиданс 320 362
  • Теле гид 117 747
  • ТВ кулер 148 000
  • Журналь де Мики 325 648
  • Уикенд 174 000

Айлық басылымдар:

  • Теле-7же  477 038
  • Паран 345 611
  • Онз 210 473
  • Фам мәлімет жоқ
  • Премьер 337 099
  • Видео 7 130 520
  • Микро 7 62 092
  • Превансьон сантэ 104 697
  • Теннис-магазин жарияланбаған
  • Планш-магазин 33 411

2.Филиппаки Апталықтар:

  • Пари-матч 888 590
  • Парископ 119 833
  • О.К 1 283 469
  • Герлэ 142 402

"Ашетпен" бірге Эль(шетелдік бас.) жарияланбаған

Айлық басылымдар:

  • Люм 366 406
  • Юнион жарияланбаған
  • Фото 191 908
  •  Джаз-магазин 17 000
  • Пентхауэ жарияланбаған
  • Ньюлук 345 505
  •  "Ашетпен" бірге Фам жарияланбаған
  • Подиум 320 063
  • Постер жарияланбаған
  • Эко де саван 158 437
  • Салю! 236 696

3."Эдисьон Мондьяль" Апталықтар:

  •  Ну де 883 828
  •  Интимитэ 575 796
  • Теле пош 1 850 000

Айлық басылымдар:

  • Мод э траво 1 385 590
  • Тиэт 56 801
  • Диапазон 33 903
  • Гранд репортаж жарияланбаған

Топ атаулары

 

Басылымдар

Таралымы

«Эрсан»

Газеттер

 

 

Фигаро

361 000

 

Франс-суар

 

420 000

 

Орор

ГЖОООО

 

Нор-матен

76 000

 

Нор-Эклер

91000

 

Пари-Норманди

134 000

 

Гавр Либр

17 000

 

Ля либэртэ де Норбиан

11000

 

Пресс Осеан

32 000

 

Эклер

22 000

 

Сантр пресс

15 000

 

Пари тюрф

116 000

 

Миди Либр

191 000

 

Дофинэ Либерэ

275 000

 

Лион Матен

39 000

 

Воклюз Матен

11 000

 

Журнал котидьен Рон-Альп

23 000

 

Луар Матен Депеш

19 000

 

Аранс-Антиль

45 000

 

Гавр-Пресс

17 000

 

Апталықтар:

 

 

Фигаро магазин

660 000

 

Мадам Фигаро

660 000

 

Франс-суар магазин

577 000

 

Карьер э амплюа

45 000