«Шпигель» журналы



«Шпигель» журналы. Журналдың негізін салған жас шағынан әдебиетке құмар, вермахтың бұрынғы лейтенанты Рудольф Аугштейн. Соғыс біткен жылдары ол Ганновердегі әскери әкімшіліктің басылымдарында қызмет етеді. «Шпигельдің» алғашқы нөмері 1947 жылдың 4 қаңтарында Ганноверде жарық көрген. 25 бет көлемінде, 20 мың таралыммен шыққан. Жылдың соңына қарай тиражы 100 мыңға көтеріледі. Алғашында «Шпигельде» «Тайм» сияқты бас мақалалар мен

комментарийлерден бас тартып, тек апталық ақпараттарды жинастырып оқырмандарға ұсынған.

Аугштейн қай тұрғыдан болмасын «Таймға» еліктеп бақты, журналистер мақалаларды «бригадалық тәсілмен» ұжым болып дайындады. Мақала соңыңда авторлары көрсетілмеді. Аугштейн алғашқы жылдары басылымның саясатпен әуестенбегенін дұрыс көріп, көңіл көтеретін мақалаларды беруге тырысты.

50-жылдары «Шпигельден» Г. Р. Барштың кетіп, оның орнына баспагер Ион Ярдың келуі басылымға біраз өзгерістер әкелді. Ион Ярдың ұйымдастыруымен журналдың жарнама бөлімі кұрылып, басылымның коммерциялық істері жандана түскен.

Батыс германдық зерттеушілердің ойынша, «Шпигель» алғашқы кезеңінде неміс зиялы қауымына «штаттық мәнерде» ақпарат беретін апталық болды.

50-жылдары «Шпигельдің» бағыты өзгеріп, сыншыл көзқарастағы журналдың біріне айналды. Осы жылы «Шпигель» ФРГ-дағы алғашқы жанжалдарын бастады. Бундестаг депутаттарының пара алғандығын әшкерелеген мақаладан кейін ел ішінде түрлі пікірлер туып, соңынан кейбір депутаттардың мандаттарының күші жойылды. 1952 жылғы бір санында тіпті канцлер Аденауэрдің өзін француз тыңшысы деп кінәлады. Сөйтіп, «Шпигелдің» әшкерелеу істерінде шек болмады, бірінен кейін бірін, толассыз жариялап отырды. Әрине мақалаларда жарым жартылай шындық фактілері кездескенімен де, «Шпигелдіктердің» өтірік айтуда шеберліктері байқалып қалған. Зерттеушілер «Шпигелдің» шындықтан гөрі, оқырмандарды өз уысынан шығармау мақсатында, асыра тұздықталған сенсация тудыратын «әшкерелеуші тақырыптарга көбірек жүгінетінін мәлімдейді».

60-жылдары «бригадалық тәсілмен» жазу тәжірибесін «Шпигель» пайдаланғанымен, еш нәтиже бермеген. Себебі, бұл әдіс «Таймның» өзіне де ешқандай бедел әкелмеген болатын. Сондықтан «Шпигель» журналы елге мәшһүр біраз журналистің аты-жөнін мақала соңына жариялап отыруды қолға алды. Журнал 80 бет көлемінде шығады.

1990 жылдары редакцияда істейтін журналистердің саны - 214-ке жеткен, ал құжаттар бөлімінің өзінде 114 адам қызмет істейді. Көлемі 80-85 бет. Соңғы уақытта журнал Гамбургге де шығып тұрады. 10 филиалы, 19 елде тілшілер пункті бар. Штатында барлығы 760 адам қызмет істейді. Журналды екі редактор кезектесіп шығарады.