№7 зертханалық сабақ.


Жай эфирлерді алу және химиялық қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: Жай эфирлерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен құралдар: амил спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, этанол, 2н натрий гидроксиді, спирт шамы, пробиркалар.

          1-тәжірибе. Диэтил эфирін алу

Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 0,5мл-ден этанол және концентрлі күкірт қышқылдарын құйып, қоспаны абайлап қоңыр ерітінді түзілгенге дейін қыздырады да ыстық қоспа үстіне абайлап тағы 0,5мл этил спиртін қосады. Реакция теңдеулерін жазу керек. Диэтил эфирінің түзілгенін қалай анықтауға болады?

 2-тәжірибе. Жай эфирлердің айырылуы

1-ші тәжірибе нәтижесінде алынған жай эфирді пробиркаға құйып, үстеріне 2мл-дей натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу керек. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу керек.

 Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар

1. Неге реакцияны аздап қыздыру арқылы жүргізеді? Бұл реакцияда қандай қосымша өнімдер түзілуі мүмкін?

2. Реакция өнімінің құрамына этил спирті мен күкірт қышқылының қатынасы әсер ете ме?

3. Жай эфирлердің номенклатурасы. 2-метоксибутан, этилизопропил эфирі, метоксиэтан эфирі формулаларын жазу керек.

4. Этил эфирі түзілген кезде реакция қандай аралық сатылар арқылы жүреді?

5. Жай эфирлердің номенклатурасы. 2-метоксибутан, этилизопропил эфирі, метоксиэтан эфирі формулаларын жазу керек.

6. Этил эфирінің қолданылуы.