Ақпарат агенттіктері



Германияда 500-дей агенттік бар, оның 145-і қоғамдық саяси ақпараттарды таратумен айналысады.  Солардың ішіндегі беделділердің бірі - ДПА - ДОЙЧЕ ПРЕССЕ АГЕНТУР. ДПА окуппациялық зонадағы үш агенттіктердің  қосылуы нәтижесінде 1949 жылы құрылған. Акционерлік қоғамдастық, негізгі үлескерлері - ірі газет баспалары, радио және телекомпаниялар.

Өз жазылушыларына ішкі, сыртқы хабарларды дер кезінде жеткізеді.  Күніне  300 мың сөзді  неміс,  ағылшын,  испан,  араб  тілдерінде таратады. Халықаралық ақпараттар 30 %, ішкі саясат  35 % көлемінде беріледі, қалған хабарлар экономикаға, спортқа мәдениетке арналған.

Дойче Депешендинст - ДДП. 1971 жылы құрылған бұл агенттіктің штаб-пәтері Боннда орналасқан. Акционерлік қоғамдастық. Басты капитал агенттікте қызмет істейтін журналистерге қарайды. Үкіметтен қосымша қаржы алып тұрады.

Өз жазылушыларына саяси, экономикалық ақпараттарды (спорттан басқа) неміс, ағылшын тілдерінде таратады. Күнделікті тарататын ақпараттарының көлемі - 50 мың сөз. ДДП-ның аптасына бір рет шығаратын «Брифдинст» атты информациялық бюллетені бар. 113 елде тілшілер қосыны қызмет істейді.

Жеке агенттіктердің ішінен «Католише нахрихтен агентур», «Евангелишер пресс-динсті» айрықша атауға болады.