Журналдар



Бұл елде газеттерге қарағанда журнал саласы жақсы дамыған. Сан жағынан да, таралымы жағынан да журналдар жоғары орында. Соңғы жылдардағы деректер бойынша 10.683 журнал шығарды. Соңғы жылдары саяси сипаттағы (-24%), кәсіподақтың (-18%)), әдеби (-8%), тарихи (-24%) журналдардың саны кеміген. Керісінше тамақтану саласындағы журналдардың қатары (+28%) көбейген. Діни басылымдар (502) мен философиялық журналдар (101) молынан шығады.

Тар шеңберде таралатын арнаулы басылымдардың тиражы шағын. Ақпараттық, иллюстрациялық апталықтар, әйелдер меп балалар журналдары, католиктік басылымдар, автоәуесқойлар басылымдары, апталықтар италияндықтар арасында өтімді.

Бұлардың ішінде ақпараттық апталықтардың беделі жоғары. Ақпараттық апталықтардың бетке ұстары «Панорама» мен «Эспрессо» бір-бірімен бәсекелес. «Эспрессо» алғашында саясат маңындағыларды дүрліктіру үшін түрлі мақалалар жазып, немістердің «Шпигеліне» ұқсауға тырысқан. Ал 1974 жылдың наурызынан бастап француздардың «Экспрессінің» үлгісіне көшіп, өзінің саяси және ақпараттық стилін айқындады. «Панорама» алғашында америкалық үлгіде шыққанымен, кейіннен «итальянизациялану» жолына түскен. Бұлардан басқа беделді басылым - Берлусконидың «Мондадори» баспасына қарасты «Эпока» апталығы.

Бұл басылымдардың қай-қайсысы болмасын жаңару, өзгеру жолыңда. Барлығына ортақ өзгерістер де жоқ емес.Төрт ақпараттық апталықтар мұқаба арқылы оқырман тартуды әдетке айналдырған. Мәселен, 1990-1993 жылдар аралығында жарық көрген 793 нөмірдің 273 мұқабасында «жалаңаш тәндер» насихатталған. Әрине, мұндай мұқабалардың арқасыңда апталықтардың өтімділігі артты. Апталықтардағы,    журналдардағы,    күнделікті    газеттердегі өзгерістердің барлығы - теледидардың әсерінен болып отыр дейді зертеушілер. Күнделікті газеттер жарнамадан пайда табуды ойлап, көлемін ұлғайтқан, ал оны толтыру үшін апталықтардың дәстүрлі тақырыптарына ауыз салады. Ал апталықтар айлық журналдарға ұқсап барады, сапасы өзгеріп көпшілікке арналган иллюстрациялы журналдардың   да   қасиеттерін    бойына   сіңіре   бастаған.    Тек «Панорама»   мен   «Эспрессо»   ғана   ақпараттық   апталықтардың белгісін  сақтап қалуда.

Десе-дағы, ақпараттық иллюстрациялы апталықтар беделін әлі жоғалта қойған жоқ. Иплюстрациялы апталықтардың ішіндегі бетке ұстарлары - «Оджи» және «Дженте». «Оджи» сырт көзге тартымды, журналистік шеберлік деңгейінің жоғарылығын көрсететін апталық. Оны аяғынан тұрғызған - Эдилио Рускони. 1955 жылы «Оджидың» таралымы миллионға жетті. 50 жыл ішінде 250 номері жарық көріп, онда 84.600 мақала басылса, 173.478 ақ-қара түсті, 81.029 түрлі-түсті фото жарияланған екен. Яғни, иллюстрациялар     мақалалардан     үш     есе     көп    жарияланады. «Адамзатты   қызықтыратын» қандай жағдайлар болса да «Оджидің» назарынан тыс қалмайды. Қазір апталықтың таралымы төмендеген  (90 мың дана). «Оджи» журналы Италиядан басқа 62  елге тарайды   -   Канададан   Австралияға   шейінгі,   Исландиядан Оңүстік   Африкаға    дейінгі    аралықты    қамтиды.    «Оджи»    - Швейцарияда, АҚШ-та, Германияда  көп таралыммен таралады. Аталмыш журналдардан басқа жағажайда дем алып жатқандарға арналған көңіл көтеру мақсатында шығатын «Новелла 2000» атты журнал да шығып тұрады. Ел арасында оны «итальян өсек -аяңының ресми органы» деп те атайды.

Иллюстрациялы журналдардың қатарын комикстар журналдары, фотороман журналдары толықтыра алады.

Италия мерзімді басылымдарында әйелдер журналдары да маңызды орын алады. Олардың ішінде дәстүрлі итальян әйелдер журналдарының үлгісін жалғастырушылар да, еуропалық журналдардың көшірмелері де, жаңа типтегі әйелдер журналдары да  кездеседі. Әйелдер журналдарының ішіндегі танымалы, таралымы жоғарысы - «Донна модерна». Бұл журнал жұмыс басты, бірақ бәрінен хабардар болғысы келетін оқырмандарға арналған. «Донна модерна» Италиядағы әйелдерге арналған алғашқы «ньюс мэгэзин».

Басқалармен салыстырғанда, өтімділігі төменірек болғанымен, балалар журналдарының саны әжептеуір. Бұлардың ішінде «Уолт  Дисней  компани  -  Италия»  баспасына  қарасты   -   «Тополино» журналы танымал.

Италияда шығатын журналдардың тобын тележурналдары толықтыра түседі. Берлусконидің компаниясынан шығатын  «Сорризи э канцони ТВ» апталығы тележурналдардың ішіндегі таралымы жоғары басылымдардың (2 млн дана) бірі.

Бұлардан басқа салалық журналдардың түрлері жеткілікті; католиктік басылымдар, автожүргізушілерге арналған басылымдар, жұлдызнамаларды басатын басылымдар, сатиралық басылымдар болып бөліне береді.