Ақпарат агенттігі. ЭФЭ АГЕНТТІГІ.


1939 жылы Фабра, Фаро, Фебус агенттіктерінің қосылуы нәтижесінде дүниеге келген, испан тілдес елдер арасындағы ірі агенттіктердің бірі. Штаб пәтері Мадридте орналасқан. Негізінде акционерлік қоғамдастық болып есептелінеді. Алайда, оның акцияларының 33 % мемлекетке және осындай проценті мемлекеттің бақылауындағы ұлттық өнеркәсіп институтына тиесілі.

ЭФЭ ақпараттарын ел ішінде, сонымен қатар, шетелге, оның ішінде Латын Америкасына таратады. 30 ақпарат агенттігімен ақпарат алмасады.

Агентіктің радио, телередакциялар, спорттық жаңалықтар бөлімі, сондай-ақ коррида ойыны жайында хабарлар бөлімі, фотоқызметі бар.  1690 жазылушыға қызмет көрсетеді. ЭФЭ штатында 2500-дей адам қызмет істейді. Шетелде 80 тілшілер қосыны бар. Агенттікті 28 адамнан тұратын әкімшілік кеңесі басқарады.