Қанықпаған бір негізді қышқылдар. Алу. Физикалық және химиялық қасиеттері


Қанықпаған бір негізді этилен қатарының қышқылдарының жалпы формуласы CnH2n-1COOH.

СН2=СНСООН – пропен (акрил) қышқылы

СН2=СНСН2СООН – винилсірке (3-бутен) қышқылы

СН3СН=СНСООН – кротон(2-бутен) қышқылы

СН2 =С(СН3)СООН – метаакрил (a-метилакрил, метилпропен) қышқылы, СН3(СН2)7СН=СН(СН2)7СООН олеин қышқылы

Қанықпаған қышқылдарды алудың екі жалпы әдісі бар:

1. Еселі байланысы бар алғашқы затқа карбоксил тобын енгізеді:

2. Қаныққан қышқылдарды қанықпаған қышқылдарға айналдыру:

СН2СlСН2 СООН + 2КОН ® KCl + СН2=СНСООК + H2O

Қанықпаған бір негізді қышқылдар қаныққан бір негізді қышқылдардан айырмашылығы: тығыздықтарының және диссоциация константаларының жоғарылығында. Қанықпаған қышқылдар да тұздар, ангидридтер, галогенангидридтер, амидтер, күрделі эфирлер түзеді. Сонымен бірге, еселік байланыс бойынша қосылу, тотығу, полимерлену реакцияларына да түседі.