№10 зертханалық сабақ


Күрделі эфирлерді алу және химиялық қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: Күрделі эфирлерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен құралдар: амил спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, этанол, 2н натрий гидроксиді, спирт шамы, пробиркалар.

1-тәжірибе. Сірке қышқылының амил эфирін алу

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2мл амил спиртін, 2мл сірке қышқылын және 1мл концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны абайлап араластырады. Пробирканы 20 минут қайнап жатқан су моншасында ұстайды. Содан кейін пробирканы суытып, қарайған сұйықты суы бар пробиркаға құяды. Сұйық екі қабатқа бөлінеді, жоғары қабатта – алмұрт иісті сірке қышқылының амил эфирі түзіледі. Оны бөлгіш воронкамен бөліп алады. Реакция теңдеуін жазу керек.

2-тәжірибе. Күрделі эфирлердің айрылуы

1-ші тәжірибе нәтижесінде алынған күрделі эфирді пробиркаға құйып, үстеріне 2мл-дей натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу керек. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу керек.

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар

1. Толық және толық емес күрделі эфирлерді алу: малон қышқылының диэтил эфирін және оның моноэтил эфирін алу керек.

2. 176,8 кг триолеин глицеридті толық гидролиздегенде (сабындағанда) 40-пайызды (r=1,43г/мл) натрий гидроксидінің қандай көлемі жұмсалады? Жауабы: 42л.

3. 47 % сіркеэтил эфирі бар 11,2 г сірке және құмырсқа этил эфирлерінің қоспасын гидролиздеу үшін 2,8 М калий гидроксидінің (r = 1,13 г/мл) қандай массасы қажет? Жауабы: 56,5г.