Күрделі эфирлер, майлар тақырына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура

1.1. Құрамы С4Н8О2 болатын күрделі эфирлердің изомерлерін (4 изомер) жазып, аттарын атау керек.

1.2. а) құмырсқа этил эфирінің;

ә) сірке этил эфирінің;

б) пропионамил эфирінің структуралық формуласын жазып, аттарын атау керек.

1.3. Жай және күрделі эфирлердің аттарын атау керек:

а) СН3ОСН3;

ә) СН3СООС2Н5;

б) С2Н5ОС2Н5

в) С3Н7СООС4Н9;

г) НСООС2Н5;

ғ) СН3СН2СН2СООСН3;

д) С3Н7ОС3Н7

1.4. Ара балына пальмитин қышқылы мен мирицил спиртінің С30Н61ОН күрделі эфирі кіреді, формуласын жазу керек.

1.5. Тамақ өндірісінде жеміс эссенциясы ретінде қолданылатын күрделі эфирлер формулаларын жазу керек.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. Цех жылына 13,76т алма эссенциясын (изовалериан изоамил эфирі) шығарады, оған 10,2т изовалериан қышқылы және 8,8т изоамил спирті жұмсалған. 1т эфирге жұмсалған шикізатты санау керек және ол теориялық шығымның қанша пайызы?

2.2. Күрделі эфирлерге қандай реакция тән? Мысал келтіру керек. Бұл реакция қандай жағдайда аяғына дейін жүреді?

2.3. Мына күрделі эфирлерді

а) сіркебутил эфирі;

ә) пропилизобутил эфирі;

б) майизопропил эфирі;

в) валерианпропил эфирі сумен қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек, түзілген заттарды атау керек.

2.4. С4Н8О2 формуласына сәйкес екі заттың біреуі натрий карбонатымен көмірқышқыл газын бөліп әрекеттеседі, ал екіншісі әрекеттеспейді, бірақ сілтімен қыздырғанда спирт және тұз түзеді. Осы қосылыстардың структуралық формулаларын жазу керек.

2.5. 232 т май этил эфирін сабындандырғанда қанша мөлшерде және қандай заттар бөлінеді?

2.6. Күрделі эфирлерді тотықсыздандырғанда спирттер түзіледі. Сірке амил эфирін сутегімен тотықсыздандырғанда түзілген спирттерді атау керек.

2.7. Сірке этил эфирін ацетиленнен алу теңдеулерін жазу керек.

2.8. Майлар органикалық қосылыстар кластарының қайсысына жатады? Майларға анықтама беріп, олардың жалпы формулаларын жазу керек.

2.9. Өсімдіктер мен жануарлар майларының құрамы мен қасиеттерінде қандай айырмашылық бар? Мысалдар келтіру керек.

2.10. Майлардың биологиялық мәнін сипаттау керек.

2.11. а) глицерин мен үш олеин қышқылы молекулалары арасындағы;

ә) глицерин мен үш стеарин қышқылы молекулалары арасындағы реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.12. 1т өсімдік майын, құрамында 80% олеин глицериді бар, қатты майға айналдыру үшін қанша көлем (қ.ж.) сутегі қажет?

2.13. Құрамында 85,4% стеарин қышқылы глицериді және 14,6% суы және сабынданбайтын қоспасы бар 10т техникалық майдан сабын шығаратын зауод қанша тонна глицерин алады?

2.14. 1780кг майдан (С3Н5(ООСС17Н35)3 егер оның 80%-ы сабындалса, (гидролиз сілтілік) қанша натрийлі сабын алынады?

2.15. 100м3 бутанды (200С және 101кПа жағдайында) тотықтырғанда, егер шығымы 65% болса, сонда қанша 90%-ды сірке қышқылын алуға болады?

2.16. 8,9т тристеаратты толық сабындау (гидролиздеу) үшін қанша көлем (ρ = 1220кг/м3) 20%-ды натрий гидроксиді ерітіндісін алуға болады?

2.17. Радикалында бір қос байланысы бар бір негізді қанықпаған органикалық карбон қышқылының триглицериді оливка майының 80%-ын (массасы бойынша) құрайды. Егер 1,105кг оливка майында 1моль осы триглицерид болса, осы триглицерид формуласын анықтау керек.

3. Алу әдістері

3. 1. Күрделі эфирлерді мына заттар араларындағы реакциялар арқылы алу керек:

а) капрон қышқылы мен этил спирті;

ә) сірке қышқылы мен бутил спирті;

б) май қышқылы мен амил спирті.

3.2. Күрделі эфирдің түзілу механизмін анықтау үшін изотопты әдіс қолданылады. Сірке қышқылына құрамында 188О изотобы бар метил спиртімен әрекет еткенде түзілген эфирдің формуласын жазып, қай заттан гидроксил тобының бөлінгенін көрсету керек.

3.3. Мына күрделі эфирлерді алу керек:

а) метилэтил эфирі;

ә) дибутил эфирі;

б) сірке қышқылды изопропил эфирі; Реакция теңдеулерін жазу керек.

3.4. 25,8г этил спирті мен сірке қышқылын концентрлі күкірт қышқылы қатысында қыздырғанда 14,08г күрделі эфир түзіледі. Дәл осындай мөлшердегі осы заттар қоспасын толық жаққанда 23,4мл су түзілген. Алғашқы заттардағы әр компоненттің массалық үлесін (%) анықтау керек. Эфирлену реакциясы қандай шығыммен жүргенін есептеу керек.

3.5. Құмырсқа және сірке қышқылдарының 11,2г этил эфирлерінің қоспасын, құрамында 47% сірке этил эфирі бар, гидролиздеу үшін қанша масса 2,8М калий гидроксиді (ρ = 1,13г/мл) ерітіндісі қажет?