Журналдар


Журналдар газеттерге қарағанда Американың барлық аймағына тарайды. Америка журналдарының негізін салушылар - Генри Люс пен Бритон Хадден. Олар материалдарды беруде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, иллюстрацияларды кеңінен қамтып, «сапалық» газеттерден еш қалыспайтын журналдардың жаңа формасын ойлап тапты. Шығарушылар алғашында шығынданғанымен, кейіннен көп пайда көрген. Олар 1923 жылы «Тайм» журналын дүниеге әкелсе, 1930 жылы Генри Люс өзінің үйлену тойының құрметіне арнап «Лайф» («Өз тойыма сыйлық») журналын шығарған. Генри Люс пен Бритон Хадден өз істерін бұдан кейін де жалғастыра береді.

АҚШ-та негізінен салалық журналдардың саны көп шығады. Мәселен, аңшылар мен балықшыларға арналған 37 журнал жарық көреді екен. Бұл елдегі ірі журналдар санатына «Тайм», «Форчун», «Лайф», «Ньюсуик», «Юнайтед стейтс ньюс энд уорлд рипорт», «Ридерс дайджест», «Плейбой» журналдары жатады. Сондай-ақ «Лэдис хоум джорнэл», «Макколз мэгэзин», «Космополитен» журналдары да өтімді.

Бұл күнде америка баспагерлері ТМД елдерінің журнал рыногын өз басылымдарымен толықтырып отыр. Ер адамдарға арналған «Пентхаус», әйелдерге арналған «Космополитен» журналдары бұл елдердің оқырмандары арасында кең сұранысқа ие болуда.

АҚШ-тағы журналдардың жарқын көрінісі деп «жаңалықтар журналы» -  «Таймды» атауға болады. «Таймның» таралымы 5 млн, әлем бойынша 27 млн. оқырманы бар. 80 жылдардан бастап Оңтүстік-Шығыс Азияға, Қиыр Шығысқа тарай бастаған.

Жоғарыда айтқанымыздай «Тайм» журналы 1923 жылдан бастап шығады. Бұл журналды газет пен журналдың  біріккен көрінісі деп айтуға болады. Ұлттық апталық газеттердің функциясын да орындайды. Газет-журналдарда бір аптаның ішінде басылған материалдарды іріктеп жариялайды. Яғни, апталық ақпараттарды жинақтап, өндеп басатын «дайджест».

«Таймның» үлгісімен әлемнің көптеген елдерінде осындай апталықтар жарық көрді: «Ньюсуик», «Ю.С. ньюс энд Уорлд», «Рипорт» - АҚШ-та, «Шпигель» - Германияда, «Экспресс» - Францияда, «Темпо» - Италияда, «Темпо» - Мексикада, Индонезияда, «Линк» - Үнді елінде, «Репортер»- Шығыс Африкада шығып тұрды, «Таймның» алғашқы номері 32 бет болып  басылды, құны - 15 цент еді, қазір 75 центке көтерілді.

Журналдың 27 бөлімі бар, «Ұлт», «Шет елдерде», «Бизнес», «Эссе», «Баспасөз», «Форум» (оқырман хаттары), «Шоу-бизнес және ТВ», «Спорт», «Адамдар» деген айдарлары тұрақты беріліп келеді: мәселен, «Форум» бөлімінде оқырмандар бір - бірімен қызу пікір таластырады. Бұл бөлімнің журнал үшін үлкен жетістік әкелетінін  түсінген Хадден «хаттарға» басшылық жасауды өз міндетіне алған. Ол оқырмандарды еліктіретін хаттарды ұйымдастырып, оқырмандардың атынан өзі жазып отырған. Хадден «Таймға» жыл бойы үзбей хат жазатын образдарды дүниеге әкелді: Элизабет Робинн, Морис Эпштейн, Джордж Шлейгерлер Хадденнің ойдан шығарған оқырмандары еді.

«Тайм» журналы журналистикаға өз ерекшелігін алып келгеп апталық ретінде белгілі. «Таймдықтарда» «топтасқан журналистиканың» негізін салушылар, «комментарийлы репортажды» қалыптастырушылар    немесе    «Таймдық    стильде»    жазушылар    деп әспеттейді.

Редакцияның позициясы мынадай болған: тілшілер мақалаларды өңдеп, дайындап жіберуге міндетті емес. Тілшінің редакцияға әлі де иі қанбаған, болашақта әбден өңдеуден ететін материалдарды жіберуге мүмкіндігі бар. Тілшінің міндеті - фактіні, деректі детальдарды шұғыл түрде жинап, редакцияға жеткізу. Ал қалған шаруамен әдеби қызметкерлер айналысады. Олар факті жинамайды, кейіпкерлермен сөйлеспейді, окиғаның басы-қасында болмайды. Журнал қызметкерлерінің     арасындағы     «әдеби қызметкерлердің  аяғы жоқ, тілшінің қолы жоқ» деген қағытпасы да орынсыз емес.

Әдеби қызметкерлер мен тілшілердің арасыңда «зерттеуші-репортер» атты маман бар. Олардың мақсаты - жинақталған ақпараттарды тексеру әрі толықтыру. «Зерттеуші-репортерлар» жұмыс барысында газет қиындыларын, энциклопедияларды, анықтамаларды, арнайы және ғылыми журналдарды пайдаланады. Редакцияда бұлардың саны елу шақты; дені қыз-келіншектер. Негізінен, «зерттеуші-репортер» қызметіне университеттік дипломы барлар ғана қабылданады. Информацияларды қосымша мәліметтермен толықтыру кезінде олар көз майын тауысып, анықтамалық кітапханаларда отырады.

Редакцияның анықтама бюросында 80 адам қызмет істейді. Информацияларды толықтыру үшін 45 мың кітап, 900 журнал, көптеген бюллетендер пайдаланылады.

Мақалалар «бригадалық тәсілмен» жазылғандықтан, авторы көрсетілмейді. Редакция ұжымы мақала «бригадалық тәсілмен» жазылса беделді болады, оқырманды көбірек тартады деген ойда болған. Әрине, оқырман үшін жеке адамның пікірінен гөрі, көпшіліктің, оның ішінде «Тайм инк» атты белгілі ұжымның пікірі салмақтырақ көрінері сөзсіз.

«Таймның» негізін қалаушылар әу бастан-ақ, бас мақалалар мен комментарийлерден бас тартқан.

«Тайм» мақалаларының құрылымында, баяндауында өзіндік  ерекшеліктері бар. Басқа басылымдарда оқиғаны бірден баяндаса, мұнда мақаланың басыңда «әрі-бері орағытып», әдемі, әдеби сөйлеуге тырысушылық байқалады. Сөйтіп оқырмандарды еліктіре, еліте отырып, олардың құштарлығын оятып, мақаланы соңына  дейін оқып шығуға мүмкіншілік жасайды.

«Таймда» жарияланған материалдарды қысқартып, 2-3 жолдық телеграфтық хабар ретінде де беруге болады. Бірақ «жаңалықтар журналы» ақпарат агенттіктері мен басқа газеттер сияқты құрғақ ақпараттан гөрі, қызықты, оқуға жеңіл, өңделген ақпарат беруге тырысады.

Мақаланың жайма шуақ немесе кірбің-қабақ болып басталған бөлігі - «Таймдағы» комментарийлі репортаждың айрықша белгісі болып табылады. Мұндай материалды ешуақьпта «мақала» немесе «репортаж» деп жанрға бөлмейтіндігі кездейсоқтық емес. Бұны міндетті түрде «нюос стори» - жаңалықтар тарихы деп те атайды.

«Таймның»   стилінде   -   күрделі   сын   есімдер, сөйлемдегі сөздердің орнының ауысып келуі, неологизмдермен, жаргондар көп кездеседі.

Әр мақала үш маңдайшамен беріледі: бірінші - айдар, екінші айдардың  ішіндегі   айдар,   үшінші   -  тақырып.   Мысалы:   айдар «Саясат»; айдардың ішіндегі айдар «Америка ұстанымы»; тақырып «Иранға шабуыл».

Фотографияны   беруде   ресми   портреттерді   пайдаланбауға  тырысады. Күтпеген, тосыннан түсірілген суреттерден кейіпкерлердің өздері ыңғайсызданып қалатын жайттар да кездесіп қалады.