Ақпарат агенттіктері



Канадада "КАНАДИЕН ПРЕСС (КП)" ақпарат агенттігі жұмыс істейді.

КП ақпарат агенттігі 1917 жылдың желтоқсан айында құрылды. Күнделікті газет иелерінің кооперативтік бірлестігі. Штаб-пәтері Торонтода орналасқан. Канаданың басқа қалаларында, шет елдерде бөлімдері бар.

Күн сайын ағылшын, француз тілдерінде 250 мың сөз таратады. АП, Рейтер, АФП агенттіктерімен хабар алмасады.

Ол өз жазылушыларына ішкі, сыртқы, экономикалық т.б. хабарлар таратады. КП-ның филиалы - Пресс ньюс көптеген радио және телекомпанияларды ақпаратпен қамтамасыз етеді.