Азамат соғысы жылдарындағы баспасөз


Куртулуш соғысын бастау үшін Османлы өкіметінің орталығы - Сарайдың қолдауына сүйеніп, 1919 жылдың 19 мамырында Мұстафа Кемал Анадолыға - Самсун қаласына келеді. Осы тұста бірнеше қалада құқық қорғау қоғамдары құрылды. М. К. Ататүрік Анкараға келе салысымен, осы қоғамның шешімдерін жария ететін газет шығару керек деген мәселе қояды. Кониядан Анкараға баспа машинасын алдырып, Куртулуш соғысының баспа органы «Хакимет-и миллие» газетін 1920 жылдың 10 қаңтарынан бастап шығара бастайды. Редакторы - Низаметин Тепеделенли-оғлы. Алғашында газет аптасына екі рет, кейіннен күнделікті шығып тұрды. Осы тұста «Иені гүн», «Үгіт» газеттері дүниеге келді. Ескішеих қаласында шығып тұрған «Жаңа дүние» газетінің редакциясы Анкараға көшіп келіп, коммунистік басылым болып шыға бастады. Газеттердің саны көбейді. Ұлттық күрес кезеңінде Анадолының газеттері біраз  қиыншылықты бастарынан кешірді.

Төрт жылға созылған ұлттық күресте жеңіске жетіп, Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі құрылды. Осы уақытта өлкені екі өкімет, бірі - Анкарада, екіншісі - Стамбулда басқарған. Түрік баспасөзі де екіге бөлінді. Анкара өкіметін төңкерісшілер, Стамбул өкіметін қорғанысшылар қолдаған.

Азамат соғысы жеңіспен аяқталғанымен, енді баспасөз органдары арасында өзара түсініспестік басталды. Ұлттык күресте біріккен газеттер, бұдан кейін ұзақ жылдар бойы қарама-қайшылықта болды.

Түркия    республикасы    құрылғаннан    кейін    жаңа    жүйені орнықтырып, халыққа қабылдатуға тырысқан «төңкерісшілер» бұл жүйені «бірде - бір қателігі жоқ, керемет жүйе» етіп көрсетуге тырысты.   Бұл   жүйеге   қарсы   шыққан   журналистерді   жазалап, газеттерді   жабуға   көшті.   Осылайша   бір   кездері   қоғам   мен халықтың мұңы мен қайғысын, шындықты жазатын түрік баспасөзі жалтаң, жоғарыдағылардың айтқанына көніп, айдауымен жүретін «жағымпаз баспасөзге» айналды. Баспасөзді мұндай  халге душар еткен  журналистердің өздері еді. Журналистік қызметті депутат-тыққа сайлану үшін басқыш ретінде пайдаланган Фазыл Ахмет Айкач, Ахмет Сурейа, Ахмет Иқсан Токгөз сияқты журналистер 1931  жылы 21   шілдеде Түркия ұлы ұлттық мәжілісіне бір заң жобасын  ұсынады.  Бұл заң бойынша үкіметке  газеттерді жабу құқығы   беріліен-ді. Өздері   журналист   бола   тұрып,   баспасөзге қысым жасаған депутаттар ешқандай елдің тарихында болмаған. 1923 жылдан бастап,  1950 жылдарға дейін ширек ғасырға жуық билік   құрған   Жұмхұриет   халық   партиясы   тұсында   Түркияда диктаторлық режим үкім жүргізді. Осы режим тұсында құрылған баспасөз басқармасы газеттер ұнамай қалса бірер аптаға жауып тастап отырған.

Ататүрік халыққа бір партиялы жүйенің ұнай қоймайтынын, көп партиялыққа өту қажетілігін  сезінгендіктен, 1930 жылы Фетки Окиар және оның жолдастарына «Еркін партия» атты партия ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды. Екінші саяси партия құрылған соң, бұқаралық ақпарат құралдарында да демократиялық ой-пікір біртіндеп көрініс таба бастайды. Кейбір басылымдар мемлекетке, саясатшыларға қарсы пікірлерін ашық білдіре бастады. Қарсылықтың үні болған «Йарын» газеті халық арасында өтімді болды.

Түрік баспасөзі жиырма бес жыл бойы жетекші партия - Жұмхұриет халық партиясының басшысы Исмет Инонүнің илеуінде болды. Соған қарамастан, «Йарын» газетінде Ариф Оруч, «Сон поста» және «Таң» газеттерінде Зекерия Сертел, «Ватан» газетінде Ахмет Емин Иалман сияқты пікір бостандығын жақтайтын журналистердің мақалалары жиі жарияланып тұрды.

Осы кезенде шыққан «Ени Юзйыл», «Ени Шафак», «Заман», «Ақшам», «Миллиет», «Жұмхұриет», «Ұлыс» газеттері де өз пікірлерін ашық жаза бастады. Бұл газеттер әртүрлі себептермен кей кезеңдерде уақытша жабылып қалғанымен, қазір де шығып тұрады.

1950 жылғы мамырда болған демократиялық сайлауда Демократиялық партия жеңіске жетіп, баспасөз бостандығы орнады. Баспасөз туралы заң өзгерді. Баспасөз ақиқатты ашып айту құқығына ие болды.