Түрік баспасөзінің бүгінгі бет-бейнесі


Түрік баспасөзінің бүгінгі жағдайын сөз етуді 80-шы жылдардан бастаған жөн. Баспасөз бостандығы толығымен осы жылдары жүзеге асты.

1988 жылдан бастап түрік баспасөзі жаңа бір кезеңге аяқ басты. Мұндай жаңалықтардың себепшісі болған түрік халқының жанашыры, аяулы азаматы Тұрғыт Өзал еді. Баспасөзде айрықша өзгерістер болды.

Бұрындары тек тамашаланатын газеттер шығып тұрса, енді қоғамдық пікір қозғайтын газеттер дүниеге келді.

Түркияда барлық газеттер жеке фирмалар тарапынан шығарылады. Сондықтан олар мемлекетке тәуелді болмайды. Тек «Resmi gazette» («Ресми газет») ғана мемлекет есебінен шығарылады. «Resmi gazette» мемлекет тарапынан шығарылатын болғандықтан, оған тек мемлекеттік ұйымдар ғана жазылады. Мемлекет заңдары осы газетте жарияланады.