«Заман» газеті»



Оңшыл-демократиялық баспасөздің қатарын 1986 жылдың 3 қарашасында «Заман» газеті толықтырды. Баспасөз әлеміне өзіндік бет-бейнесін, көзқарасын алып келген газеттің бұл күнде беделі жоғары. Таралымы 350 мың дана . Көлемі - 24 бет.

Құны-30 мың лира. Иесі - Алладин Кая. Бас редакторы М.Чеби .

«Заман» газетінің мемлекеттің ішінде 400 бөлімі, ал басқа шет елдерде  20-ға  жуық   меншікті   тілшілері   бар.   Сонымен бірге «Заман» Туркиядағы басты хабар таратушы БАҚ-тың бірі болып саналады.    Себебі,    ол   елдегі   және   шетелдердегі    күнделікті жаңалықты сол қалпында еш өзгертпей және жедел беріп отыратын бірден-бір басылым. «Заманның» Стамбулда, Анкарада, Измирде, Аданада және Ерзурум қалаларында негізгі 5 орталығы, яғни үлкен  5 редакциясы жұмыс істейді. Соңдай-ақ Германияда, Румынияда,  Болгарияда, Албанияда, Македонияда, Голландияда меншікті тілшілері жұмыс істейді. Ал Орта Азия мемлекеттерінен Қазақстан, Әзербайжан,    Түркіменстан,    Өзбекстан,   Қырғызстан,    Татарстан, Башқұртстан сынды мұсылман елдеріне де кең тараған. «Бір дененің мүшелеріндей   болған   мұсылман   елдерінің   басын   қосып  тұрған. «Заман» бауырмалдылық пен достықтың нышаны, дауысы». «Заманның» бір ерекшелігі бұнда діни мәселелер көп толғанған. Сондықтан болар, басылым дүние жүзінің мұсылмандары туралы мағлұмат беріп отыруға, олардың мәселелерін алға тартып отырған газет.

Газет көлемінің 25% жарнама алады. «Заман» газеті саясат, мәдениет, спорт, экономика, отбасы мәселелеріне арналған тақырыптарды көбірек қозғайды. Шетел хабарларын да назардан тыс қалдырмайды. Сондай-ақ газет басқа қалаларда шығарылатын басылымдарында әр облыстың өзіне тән ақпараттарын беру мүм- кіндігіне ие. Билік басындағыларды да ашық сынауға ыңғай  білдіреді. Проблема көтерген кезі де, шешімін ұсына білу де  тәжірибесінде бар.

Газетте Фехми Кору, Таха Кыванч, Ахмет Селім, Эйүп Джан, Хекимоғлы Исмаил, Ахмет Шахин сияқты белгілі журналистер жұмыс істейді.

«Заманның» тиражы газет енді ғана шыға бастаған кезде 140 мың болса, кейіннен бұл көрсеткіш 500 мыңға жеткен.

Басылымның арнайы беттері бар. Енді соларға тоқталатып болсақ, «Кавказ және Орта Азия беті», бұл бет сенбі сайын шығады. Бұнда Түркия Республикасының Орта Азия мен Кавказ елдерімен арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстары жазылады. Осы елдер арасындағы жаңалықтармен оқырманды құлағдар етіп отырады.

Сонымен бірге «Заманның» 1994 жылдың 3 қазанынан бастап, әр сейсенбіде шығып отыратын «Білімге ерекше назар» беті бар. Оқу ісіне мән берген бұл бетті Түркияда ең бірінші болып «Заман» шығарған еді. Бұл бетті журналист - Гурай Демир жүргізеді. Беттің «Бір көзқарас» бұрышы мамандарға арналған. Ал «Баспа хабарлайды» және «Сұраққа жауап берейік» деген айдарларда оқушының интеллектуалдығын арттыру, жетілдіру мақсатында құрылған сұрақтар мен басылымның білім мен ғылым жайлы беретін мағлұматтары және қажетті кеңестері жарияланады.

«Академия» беті - аптаның әр сәрсенбісінде шығады. Бұл беттің көздеген мақсаты: оқырманнан қол үзбеу, бірге болу, оларды толғандырған мәселелерді алға тарту, оларды шешу жолдарын қарастыру.

Тағы бір бет - «Әйелдер әлемі» деп аталады. Онда әйелдермен сұрақ-жауап алысу, бала тәрбиесі, қыз-келіншектердің редакцияға жіберетін хаттары, өлең-әңгімелері, киім тігу мен тамақ жасаудың үлгілері, әдістері. «Біз біргеміз» бұрышы арқылы қыз -келіншектер өздерін толғандырған сұрақтарды қоя алады.

«Репортаж» беті әр жексенбіде шығады. Бұл бет өнер, саясат, экономика, мәдениет, спорт саласының бір өкілін қонақта болды дей отырып, сұхбат алумен өткізеді. Бетті Ейуп Джан жүргізеді.

Түркияның негізгі мәселелерін, оның әуе, темір жол, теңіз байланысын, барлық елмен қарым-қатынасы жайлы ақпараттарды «Ерекше жылжу беті» береді. Бұл бетті Ұлашым Сервіс бен Гүньай Шімшек жүргізеді.

Бұларда басқа газеттің саясат, мәдениет, экономика сынды беттері бар.

Түркия БАҚ-ын бақылайтын медиахолдингтер:

  • «Доган Медиа Грубу».Бұл топқа «Радикал», «Хюрриет»,«Миллиет»,
  • «Тюркиш Дэйли Ньюс»(ағылшын тілінде), «Финансал Форум» газеттері, «СNN Тuгк», «Каnal D'» телеарналары, «ДНА» ақпарат агенттігі қарасты.
  • Холдинг акцияларының негізгі бөлігінің иесі - Айдын Догаи.
  • «Сабах Медиа Грубу» . Бұл бірлестікке «Сабах», «Йени Бинйыл», «Поста» газеттері, АТУ телеарнасы қарайды
  • «Ихлас Холдинг» «Тюркие» газетін, ТГРТ телеарнасына, «ІНА» ақпарат агенттігіне иелік етеді.
  • «Стар Медиа Грубу». Бұл топтың «Star» газеті меп телеарнасы бар.