Ақпарат агенттіктері


Алғашқы агенттік 1914 жылы құрылып, «Кокусай цусинся» деп аталды. Бұл агенттіктің бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде беделі өсті. Бірақ оның қызметі негізінен тек шетел жаңалықтарын берумен ғана шектелді. 1926 жылы «Кокусай» ішкі ақпарат тарататын «Техо ньюс эйдженси» агенттігімен бірігеді.

Осының негізінде «Симбун рэнчо цусиня» атты ішкі, сыртқы хабар таратумен айналысатын үлкен ақпарат агенттігі құрылған, кейіннен Домэй Цусиня деп аталды. Оған 189 газет, 2 радио компания мүше болды. Осының негізінде 1945 жылдың қарашасында екі ақпарат агенттігі дүниеге келеді: «Киодо цусин» және «Дзидзи цусин». "Киодо" ақпаратын газет, журнал, радиоға, ал "Дзидзи" сауда фирмаларына, жеке адамдарға, топтарға, ұйымдарға тарата бастайды. Жапон газет әлеміндегі «үштік» - «Асахи», «Майнити», «Иомиури» тек осы агенттіктердің халықаралық жаңалықтарын пайдаланды. Агенттіктің орталық редакциясы Токиода орналасқан.

Агенттіктің шетелде 50 меншікті тілшісі қызмет істейді. Күнделікті ақпараты жапон тілінде 260 мың сөз. Ағылшын тілінде күніне 50 мың сөз таратады. Жалпы, бұл агенттіктің әлемнің 45 еліне хабар таратуға мүмкіншілігі бар.

«Дзидзи цусин» 1945 жылы қарашада кұрылды. Ол ішкі және халықаралық ақпаратты 107 газетке, радио мен телестанцияларға жеткізіп отырады. Күніне 680 мың сөзді жапон, 5 мың сөзді қытай, 8 мың сөзді испан тілінде таратады. Күніне түрлі 21 бюллетень шығарып тұрады. Рейтер, ЮПИ, Франс, Пресс, ИТАР-ТАСС агенттіктерімен тығыз байланыс орнатқан.

Агенттіктің орталық аппаратында мың адам қызмет істейді, жылдық түсімі 4 млрд. иенге жеткен. Бұлардан басқа «Джапан Пресс сервис», «Сан тэрэфото радито пресс», «Собиэто ньюс», «Азия цусин», «Тесэн цусин», т.б. көптеген агенттіктер бар.