№11 зертханалық сабақ


Амин қышқылдарының қасиетін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Амин қышқылдарының негізгі химиялық қасиеттерімен танысу

Реактивтер мен жабдықтар: 1% – глицин ерітіндісі, 0,2% – метилқызыл ерітіндісі, мыс(ІІ) оксиді, 0,2н натрий гидроксиді, 2н тұз қышқылы, натрий гидроксидінің концентрлі ерітінідісі, азот қышқылы

(r=1,4 г/мл), мыс(ІІ) сульфатының кристалы және 10% – ерітіндісі, натрий ацетаты, 1% – темір(Ш) хлоридінің ерітіндісі, 40% – формальдегид ерітіндісі, 10% – қорғасын нитратының ерітіндісі, пробиркалар, спирт шамы.

1-тәжірибе. Глициннің амфотерлі қасиеті

0,5мл глицин ерітіндісіне 1 тамшы метил қызыл тамызады. Пробиркаға тағы 2 тамшы формальдегид ерітіндісін тамызады. Не байқадыңыздар?

2-тәжірибе. Амин қышқылдарының темір(Ш) хлоридімен реакциясы

1мл глицин ерітінідісіне 2 тамшы темір(Ш) хлоридін тамызады. Бұл реакция нені дәлелдейді? Реакция теңдеуін жазу керек.

3-тәжірибе. Мыс тұздарымен реакция

Пробиркаға 1мл глицин ерітіндісін құйып, оған мыс купоросы мен натрий ацетатының кристалдарын салу керек. Көрген құбылысты түсіндіру керек. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек. Натрий ацетаты не үшін қолданылады?

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар

1. 0,012кг сірке қышқылынан алынған аминсірке қышқылын бейтараптау үшін тығыздығы 1,140г/мл 15%-ды калий гидроксидінің қандай көлемі жұмсалады? Жауабы: 65,5мл.

2. Аминсірке қышқылын эфирлеу үшін 2 есе көп спирт жұмсалатын болса, 1,5кг аминсірке қышқылына 96%-ды (тығыздығы 0,8г/мл) этил спиртінің қандай көлемі қажет? Жауабы: 2л.

3. 15г глицин 10%-ды (тығыздығы 1,1г/мл) 91мл-мен әрекеттессе, қанша тұз түзіледі? Жауабы: 19,4г.