Аминдер. Амин қышқылдары. Ақуыздар тақырыптарына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура

1.1. Ауа бойынша тығыздығы 1,55 болатын, 53,3% көміртегіден, 15,6% сутегіден, 31,1% азоттан тұратын қаныққан аминнің структуралық формуласын жазу керек.

1.2. Қаныққан аминнің 2,36г массасын жаққанда 5,28г көмірқышқыл газы мен 0,448л азот (қ.ж.) түзілген. Аминнің сутегі бойынша (буының) тығыздығы 29,5 болса, оның структуралық формуласын жазу керек.

1.3. Егер екіншілік аминнің хлорсутекті тұзының құрамында 43,55%-ы хлор болса, оның молярлық массасы қанша?

1.4. Құрамы С4Н11N болатын аминнің изомерлерінің структуралық формуласын жазып, аттарын атау керек.

1.5. Құрамы С4Н9О2N амин қышқылдарының (5 изомерлер) структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.

1.6. Глутамин қышқылы мен лизиннің структуралық формуласын жазып, олардың айырмашылығын көрсету керек.

1.7. Мына амин қышқылдарының формуласын жазу керек: β- амин май қышқылы; α- амин изокапрон қышқылы; γ- амин валериан қышқылы; амин сірке қышқылы; δ- амин-α- метил-валериан қышқылы; α- амин пропион қышқылы.

1.8. Бір негізді диамин қышқылдарының структуралық формулаларын жазу керек: α,δ- диамин валериан қышқылы және α,ε- диамин капрон қышқылы.

1.9. Мына амин қышқылдарын атау керек: а) NH2CH2COOH;

ә) СН2(NH2)СНСООН; б) NH2СН2СН2СООН; в) NH2(СН2)3СООН;

г) СН3СН(СН3)СН(NH2)СН2СООН; ғ) (NH2)СН2(СН2)3СН(NH2)СООН. Бұл амин қышқылдарының тарихи атауларын келтіру керек.

1.10. Май қатарының біріншілік аминдерінің жалпы формуласы СnH2n+1NH2

екенін біле отырып, 3 және 4 көміртегі атомдары бар аминдер формуласын құрып, аттарын атау керек.

1.11. Мына аминдерді негіздік қасиеттерінің азаюы бойынша орналастыру керек: а) СН3NH2; ә) С6Н5NH2; б) (СН3)3N; в) (С6Н5)2NH; г)СН3(СН2)2NH2; ғ)СН3NHС2Н5. Неге май қатарының аминдеріне қарағанда ароматты аминдердің негіздік қасиеттері әлсіздеу, түсіндіру керек.

1.12. Тұз қышқылды анилиннің (хлорлы фенил аммоний) және күкірт қышқылды анилиннің формулаларын жазу керек.

1.13. Мына формулаларға сәйкес органикалық қосылыстарды кластарға бөліп, аттарын атау керек:

а) СН3СН2СООН; ә) СН3СН2СОNH2; б) СН3СН(NH2)СООН

в) СН3СН(NH2)СН3; г) NH2СОNH2; ғ) NH2(СН2)2СООН;

д) СН3(СН2)2СН(NH2)СН2СООН; е) NH2(СН2)3СООН.

Әр класс қосылыстарына сәйкес анықтама беру керек.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. Аммиак пен метиламиннің сумен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазып, аминдердің қандай қасиетін көрсететінін сипаттау керек. Электрондық көзқарас тұрғысынан неге метиламиннің аммиакқа қарағанда күштірек негіз екендігін түсіндіру керек.

2.2. Анилиннің химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.3. Метиламинге, диэтиламинге және фениламинге тұз қышқылының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.

2.4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек.

а) СаС2 → С2Н2 → С6Н6 → С6Н5NO2 → С6Н5NН2

ә) мұнай → СН4 → СН32→ СН32 → СН33СI

2.5. Амин сірке қышқылының ортасы бейтарап, неге?

2.6. Амин қышқылдарының химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.7. Аланиннің тұз қышқылымен, аммиакпен, калий гидроксидімен, йодты метилмен және этил спиртімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазу керек.

2.8. Мына заттар түзілетін реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) аланиннің метил эфирі; ә) глициннің изопропил эфирі; б) лизиннің этил эфирі.

2.9. Амин мен амин қышқылын химиялық әдіспен қалай айыруға болады?

а) Аланиндердің екі молекуласы мен ә) глициннің екі молекуласының арасындағы реакциялардың теңдеулерін жазу керек.

2.10. Құрамы С3Н7О2N амин қышқылдарының изомерлерін қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.11. Шығымы 75% болатын 27,9г анилин алу үшін қанша көлем (ρ=880кг/м3) бензол керек.

2.12. 268,8л метиламинді жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) ауа қажет? Осы жағдайдан алынған азот 170г аммиак алу үшін жеткілікті ме?

2.13. 15г глицин (аминсірке қышқылы) 91мл 10%-ды натрий гидроксидімен (ρ=1,1г/мл) әрекеттескенде қанша тұз түзіледі?

2.14. 31,2г ароматты көмірсутекті нитрлеп, мононитротуынды алған, содан кейін оны қышқыл ортадағы темірмен тотықсыздандырғанда шығымы 60% органикалық қосылыс түзілген. Бұл зат 14,04г натрий хлориді мен концентрлі күкірт қышқылы әрекеттескенде бөлінген газды толық жұтқан. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек. Алынған көмірсутектің құрылысы мен молекулалық массасын анықтау керек.

2.15. 50г анилин, бензол және фенол қоспасын құрғақ хлорлы сутекпен өңдегенде түзілген 25,9 г тұнбаны фильтрлеп, қалған фильтратқа бром суын қосып, 9,93г тұнба алған. Алғашқы қоспадағы заттардың пайыздық құрамын анықтау керек.

2.16. 9,2г анилин, фенол, сірке қышқылы және этил спирті қоспасын гександа ерітіп, оған натрийдің артық мөлшерін қосқанда 1,68л газ (қ.ж.) бөлінген. Осындай массадағы (9,2г) қоспаға бром суының артық мөлшерін қосқанда 9,91г ақ тұнба түзілген. Осындай мөлшердегі қоспа 18,5 мл (ρ=1,1 г/мл) 11%-ды натрий гидроксидімен әрекеттеседі. Қоспадағы әр заттың процентті мөлшерін анықтау керек.

3. Алу жолдары

3.1. Анилинді өндірісте қалай алады және ол қайда қолданылады?

3.2. Егер шығымы 90% болса, 61,5 г нитробензолдан қанша анилин алынады?

3.3. Ацетанилидтен С6Н5NНСОСН3 гидролиз реакциясы арқылы алынған өнімдерді атау керек.

3.4. 18,5т анилинді цехта 1 ай ішінде алады, егер өндіріс шығымы 10% болса, көрші цехтан қанша нитробензол алу керек.

3.5. Аммиак қосу арқылы бромы бар қышқылдан аланин алған, ал глицинді хлорсірке қышқылынан алған. Осы қышқылдардың алыну реакцияларының теңдеулерін жазу қажет.

3.6. а) γ- бромизомай қышқылына; ә) α- хлорпропион қышқылына; б) γ- бромвалериан қышқылына аммиакпен әсер еткенде түзілетін амин қышқылдарының түзілу реакциялары теңдеулерін жазу керек.

3.7. Этил спиртінен глицин алу реакцияларының теңдеулерін жазу қажет.

3.8. Ақуыз гидролизі нәтижесінде түзілетін амин қышқылды жазу керек.

3.9. α- амин пропион қышқылын бірнеше әдіспен алу керек.

3.10. Пропион альдегидінен аланинді синтездеу керек.

3.11. Сірке қышқылынан екі сатылы синтез арқылы 30г амин сірке қышқылы алынған. Сірке қышқылының артық мөлшерін 25мл 19%-ды калий гидроксидімен (ρ=1,18г/мл) бейтараптаған. Егер өнім шығымы синтездің әр сатысында 80% болса, қанша сірке қышқылы алынған?

3.17. 16,6г этил және пропил спирттерінің қоспасына натрийдің артық мөлшерін қосқанда 3,36л (қ.ж.) сутегі бөлінген. Спирттердің қоспадағы сандық құрамы қандай? 17,8г 1-нитропропанды тотықсыздандырып пропиламин алу үшін сутегі осы қоспаның қандай массасынан бөлінеді?

4. Ақуыздар

4.1. Дипептидтер формуласын жазу керек: а) аланил-глицин; ә) аланил-лизин; б) глутамил-глицин.

4.2. Мына дипептидтер қандай α- амин қышқылдарынан түзілген: а) NH2CH(CH3)CONHCOOH; ә) NH2СН(СН3)СОNHCH2CH(CH3)COOH;

4.3. Ақуыздардан қандай амин қышқылдары бөлінеді? Олардың формулаларын жазу қажет.

4.4. Амин қышқылдары қандай мақсаттар үшін қолданылады?

4.5. Адам организмінде ақуыздар қандай функция атқарады?

4.6. Ақуыз молекулаларының біріншілік, екіншілік және үшіншілік структураларына анықтама беру керек.

4.7. Ақуыздардың қасиеттерін сипатау керек.

4.8. Ақуыздардың денатурациясы қандай жағдайларда жүреді? Осы процестің мәні неде?

4.9. Организмдегі ақуыздың өзгеру (айналу) процестерін сипаттау керек.

4.10. Мына молекулалардан түзілген трипептидтердің формуласын жазу қажет: а) глициннің бір молекуласы мен аланиннің екі молекуласынан; ә) глициннің екі молекуласы мен аланиннің бір молекуласынан.