Алғашқы күнделікті газеті


Заман талабына сай алғашқы газет есебінде Кореяда «Мэиль синмун» газеті аталып жүр. 1898 жылдан бастап шыға бастаған газеттің алғашқы редакторы Корея Республикасының тұңғыш президенті Ли Сын Ман болған. Газет Кореяның тәуелсіздігі үшіп күресті, сырт елдердің ішкі саясатқа араласпауына баса назар аударды. Газет бір жыл көлемінде жарық көрген.

Бірнеше ғасырлар бойы алпауыт шетелдік державалар Кореяда өз позициясын нығайту жолында күрес жүргізгені тарихтан мәлім. Қытай-жапон және  орыс-жапон соғыстарынан кейін, Жапонияның ықпалы басым болды. Орыс-жапон соғысы тұсында жапондық қолбасшы енгізген цензура  барлық Сеуль газеттерін ауыздықтады. Мұнан кейін іле-шала жапондықтар Кореяда әскери-полициялық режим орнатып, баспасөз еркіндігін тұншықтыруға тырысты. Осыған қарамастан, 1904 жылы тағы бір апталық газет - «Тэхан мэйль синбо» дүниеге келді. Басылымға қысым көрсетілмесін деген саясатпен, газет редакторы болып ағылшынның «Дейли ньюсінің» Сеулдегі тілшісі -Эрнест Бетелл сайланды.

Э.Т.Бетеллдің беделін бетке ұстаған газет жапон әскери құзырына өзінің қарсылығын ашык білдіре алды.

Кейіннен Жапония Ұлыбританиямен әскери келісімге қол қойған тұста «Тэхан Мэйль синбо» газеті корейліктер алдында зор беделге ие болды. Бірак бұл ұзаққа созылмайды.

Кореяны отарлау саясатын Жапония 1905 жылдары өрістете түсті. Кореяның дипломатиялық келісімдерінің барлығы да тек жапон үкіметінің бакылауынан соң барып жүзеге асып отырған.

«Тэхан Мэйль сипбо» және басқа да басылымдар бұған қарсы шықты.

Бетелл және басқа да көптеген журналистер сот алдында жауапқа тартылып, «Тэхан Мэйль синбо» газеті 1905 жылы жабылып қалды. 1907 жылы жалондыктар баспасөз туралы жаңа заң қабылдады.

1910 жылы Жапония Кореяның корольдігі Чосонның өкілеттілігін құрдымға жіберді. «Тэхан Мэйль синбо» жапондық топтардың біріне сатылды.