Журналистиканың қаралы күндері


1910 жыл мен 1920 жылдың аралығында Корея журналистикасының басына каралы күндер туды. Өйткені, бұл жылдары газет атаулыға тыйым салынды. Тек жапон үкіметінің органы болған басылымдар ғана  шығып тұрды. Кореяның тәуелсіздігі үшін шырылдаған басылымдар шет елдерде ғана жарық көрді. Сан-Францискода «Коннии синмун» және «Синхан Минбо», Ресейде «Сиса синбо», «Тэдом конбо»,    Гонолулуда    «Кунминбо»,    «Хэчжо    синмун»    сияқты корейлердің басылымдары шығып тұрған. Ал Кореяда осы кезеңде жарық көрген 30 басылымның барлығы да жапондық эмигранттарға тиесілі еді. Олардың 16-сы күнделікті, 4-еуі-аптасына үш реттен, 4-еуі айына 1 рет шығып тұрды. Басылымдардың корей тілінде  басылуына қатаң тыйым  салынды.  Тек соларға қызмет еткен «Мэйль синбо» газеті ғана корей тілінде жарық көрді.

Ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде саясатшылар аз-маз иілгендей болып, кейбір басылымдардың жарыққа шығуына рұқсат етті. Тәуелсіздік үшін жанталасқан қозғалыстың толқыны тудырған «Тони ильбо», «Чосон ильбо», «Сиса синмун» газеттері билік басындағылардың қанды қыспағынан амалдап құтылып отырды.

«Тона ильбо» Корей елінде алғашқы болып, газетшілер клубын ұйымдастырған. Ал «Чосон ильбо» таңертеңгілік және кешкілік басылымдарды өмірге әкелді. Мысқыл, әжуа, езутартар, елп еткізер дүниелермен халық алғаш рет осы газет арқылы танысты.

Бірақ бұл газеттердің құлаш сермесі ұзаққа созылмады. Жапон генерал-губернаторы баспасөзді тежеу мақсатында түрлі іс-шаралар қолданып отырды.

«Тона ильбо» және «Чосон ильбо» басылымдары - ең беделді, көне газеттердің бірі болып саналады.

1926-40 жылдар аралығында «Тона ильбо», «Чосон ильбо» 4 рет шықпай қалған. 1926 және 1932 жылдары 587 рет сатуға тыйым салынған. 1927 жылы - 172 94 78 данасы, 1928 жылы - 87 79 59 данасы, 1929 жылы - 76 16 47 данасы тәркіленген.

1938 жылы мектептерде ана тілінде оқытуға тыйым салған жапон генерал-губернаторы «Тона ильбо», «Чосон ильбо» басылымдарының шығуына да уақытша тосқауыл қойған.