Ақпарат агенттіктері


1945 жылы жапондықтардың қысымынан азат болғаннан кейін корейлік «Хэбан Тхон Схип» ақпарат агенттігі («Азат баспасөз») дүниеге келді. Бұдан кейін бірнеше ақпарат агенттіктері ашылғанымен, кәсіпқой журналистердің аздығынан, қаржының жетіспеуінен жабылып қалған.

1980 жылы екі ақпарат агенттігі - «Хаптон» мен «Тонянның» бірігуі нәтижесінде «Енхап» ақпарат агенттігі құрылды. Кейіннен шағын, салалық ақпарат агенттіктерін өзіне қосып алған «Енхап Тхонсин» қазіргі уақытта бірден-бір ұлттық ақпарат агенттігі болып табылады.

Агенттіктің Еуропада, Солтүстік Америкада, Таяу Шығыста, Оңтүстік-Шығыс Азияда тілшілер қосыны бар.

«Енхап» АП, ЮПИ, Рейтер, Франс-пресс сияқты әлемдік ауқымдағы ақпарат агенттіктерінен ақпарат алып отырады.