Ароматты көмірсутектер тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура

1.1. а) триметилбензол; ә) тетраметилбензол; б) метилдиэтилбензол қосылыстары изомерлерінің структуралық формулаларын жазып, атау керек.

1.2. Ароматты көмірсутектерді көрсетіңіздер: С2Н4; С2Н2; С6Н6; С2Н6; С6Н4(СН3)2; С6Н5СН3? Аттарын жазу керек.

1.3. С8Н10 изомерлердің структуралық формуласын жазып, аттарын атау керек.

1.4. С7Н7Сl қосылысының барлық изомерлерінің формулаларын жазып, аттарын атау керек.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. Бензол үшін реакциялар теңдеулерін жазып, реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңдер (бір ғана алмасу болған туындылары түзілуі керек): а) сульфирлеу; ә) нитрлеу; б) бромдау; в) хлорлау. Түзілген қосылыстарды атау керек.

2.2. Толуолды бромдау реакциясының теңдеуін (монобромалмасқан қосылыс түзілген): а) катализаторсыз, қыздырып; ә) катализатор ретінде темір не алюминий хлоридтерін алып, жазыңыздар. Алынған заттарды атаңыздар.

2.3. Бензолға қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек: а) бромның үш молекуласының қосылуы; ә) хлордың үш молекуласының қосылуы; б) толық гидрленуінің. Бұл реакциялар жүруінің жағдайларын көрсетіп, алынған заттарды атау керек.

2.4. Мына қосылыстардың қайсылары бромды оңай түссіздендіреді және қайсылары түссіздендірмейді: а) фенилэтилен (стирол); ә) этилбензол; б) n- толуилацетилен; в) n- метилэтилбензол; г) 1-фенил-2-бутен? Бромның сәйкесінше қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген галогентуындыларды атаңыздар.

2.5. Тотығу реакцияларының теңдеулерін (бүйірдегі тізбектердің толық тотығуының) а) толуолдың; ә) изопропилбензолдың; б) n- метилизопропилбензолдың, жазу керек. Тотығу реакцияларының өнімдері?

2.6. С9Н10 ароматты көмірсутек бром ерітіндісін оңай түссіздендіреді, бұл жағдайда тек бір бром молекуласын қосып алады, ал ол қосылысты С9Н10 тотықтырғанда қышқыл түзіледі. Қосылыстың формуласын жазып, жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2.7. Формуласы С10Н10 болатын екі ароматты көмірсутек бром ерітіндісін оңай түссіздендіреді, екеуі де бромның екі молекуласын қосып ала алады. Егер олар сутегінің екі молекуласын қосып алса, n- этилбензолға айналады. Осы көмірсутектердің бірі [Cu(NH3)2]Cl қосылысымен тұнба береді. Реакция теңдеулерін жазу керек, екі көмірсутектің де формуласын көрсету қажет.

2.8. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек:

а) С2Н6 →С2Н2 → С6Н6 → С6Н12

ә) СаС2 → С2Н2 → С6Н6 →С6Н5NO2

б) С→СаС2 → С2Н2 → С6Н6 →С6Н5Cl6

2.9. 67,2 л ацетиленнен (қ.ж.) а) шығымы теориялыққа тең; ә) шығымы 25 % болса, неше грамм бензол алынады?

2.10. 117 г бензол 280 г броммен әрекеттескенде 157 г бромбензол түзілсе, ол теориялық шығымның неше пайызын құрайды?

3. Бензол қатарының көмірсутектерін алу әдістері

3.1.Бензол қатарының көмірсутектерін каталитикалық дегидрлеу арқылы а) циклогександы; ә) циклогексенді; б) 1,4-диметилциклогександы алу керек. Алынған заттарды атау керек.

3.2. Метилацетиленді полимерлегенде қандай зат алынады?

3.3. Вюрца-Фиттиг әдісін пайдаланып мына ароматты көмірсутектерді алу керек: а) этилбензолды; ә) изопропилбензолды; б) 2-метил-2-фенилбутанды. Әр жағдайда қандай қосымша өнімдер түзіледі? Реакция теңдеулерін жазу керек.

3.4. Фридель-Крафтс әдісі арқылы бензолды алкилдеу арқылы мына көмірсутектерді алу керек: а) пропилбензолды; ә) вторбутилбензолды; б) изобутилбензолды. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.

3.5. Каталитикалық дегидрлеу арқылы а) изопропилбензолды; ә) этилбензолды; изопропилбензолды (сутегінің бір молекуласын алып) жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек, алынған заттардың аттарын атау керек.

3.6. 1т гексахлоран (гексахлорбензол) алу үшін қанша циклогексан және хлор (массалары бойынша) алу керек? Гексахлоранның структуралық формуласын жазып, ондағы хлордың пайызды мөлшерін көрсету керек.

3.7. Полистиролдың макромолекуласын алу реакциясының теңдеуін жазу керек.

3.8. Стиролдың бутадиенмен сополимерлену реакциясының теңдеуін жазу керек. Алынған қосылыстың негізгі қолданылу саласы.

3.9. Дивинилстирол каучугін алу үшін қандай қатынаста (масса бойынша) дивинил мен стиролды алу керек?

3.10. Полистирол деген не? Оның қандай қасиеттері бар және қай жерде қолданылады?

3.11. Тығыздығы 0,88г/мл 22,17мл бензолдан бромбензол алынғанда бөлінген газды 4,48л изобутиленмен әрекеттестірген. Қандай заттар түзіледі және олардың массалары қанша болады, егер бромбензол шығымы теориялықпен салыстырғанда 80% болса, изобутиленмен реакция 100% жүрсе?